Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қылмыскерлер, меніңше, шын жүректен өкініп, тек қана бір нәрсені, шыбын жанымызды қиыңдар деп жалбарынды. Капитан бұған бұл жерде менің қолымнан келер қайран жоқ, сендер менің емес, арал билеушісінің тұтқынысыңдар деп жауап берді; олар оны елсіз, иен жағаға түсіріп кеткеніне сенімді болатын, бірақ құдайдың әмірімен оларды губернаторы ағылшын болып табылатын елдік мекенге бағыттаған екен. “Ол қажет деп тапса, бәріңді дарға асатын еді, бірақ ол енді сіздерге кешірім берген соң, жазаларыңызды заң жүзінде беру үшін Англияға аттандыратын шығар. Бірақ Виль Аткинске губернатор өлімге дайындалсын деп бұйырды: ол «ертең таңға жақын дарға асылады”.

Капитан бұл сөздердің бәрін, әрине, ойдан шығарған еді, бірақ оның бұл жорта айтқан сөзі нысанаға дөп тиді. Аткинс капитанның аяғына жығылып, әміршіден араша сұрап беріңізші деп жалына бастады, қалғандары да Англияға аттанбауымыз үшін қол ұшын беріңіз деді жалынып-жалпайып өлердегі сөзін айтып құлдық ұрды.

Маған менің азат болар сағатым соққандай боп және мына жігіттерді енді бізге кемені басып алуға көмектесуге көздерін жеткізу, көндіру қиын еместей көрінді. Олар өз губернаторларының түр-түсін анықтап көре алмас үшін, мен аулақтап ағаштардың түбіне бардым да капитанды шақырдым. Менің даусымды есітті де, біздің адамдардың біреуі капитанға барып: “Капитан, сізді губернатор шақырып жатыр”, – деп еді, капитан: “жоғары мәртебеліге айтыңыз, қазір барам”, – деді. Губернатор елу шақты әскерімен жақын жерде тұр деп ойласа керек, капитанның бұл сөзі тұтқындарға қатты әсер етті.

Капитан таяу келгенде мен оған кемеге қалай ие болу керек екендігі жөніндегі жоспарымды айтып бердім. Ол менің бұл жоспарыма таңғалды да, ертеңгі күні-ақ жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Жоспарды іске асыру үшін тұтқындарды әр жаққа таратып, бір-бірінен ажырату керек еді. Аткинсті қасындағы екі оңбағанымен қоса қол-аяғын байлап, өткенде тұтқындар отырған үңгірге апару керек болды. Үңгірге апару Жұма мен капитанның екі жолдасына тапсырылды.

Олар үш тұтқынды менің үңгіріме алып барды, тұтқындар үшін бұл үңгір абақтыдан кем емес болатын. Қалғандары әңгіме барысында айтып өткен өзімнің аралдағы саяжайыма жөнелтілді. Саяжай айналасы биік қорған, тұтқындардың аяқ-қолы байлаулы; олардың тағдыры енді өздерінің тәртібіне байланысты еді.

Келесі күні таңертең олармен келіссөз жүргізу үшін капитанды жібердім. Жалпы бұл адамдарға сенуге және оларды кемемен бірге алып жүруге бола ма деп капитан олардың тамырын басып, сөзге тартуы керек еді. Капитан оларға барып: “Сендер мені жәбірледіңдер, өлтірмекші болдыңдар, арты өздеріңді де қайғылы хәлге душар етті, губернатор сендерді қазір өлтірмегенімен, Англияға барғасын дарға асады, бірақ егер сендер мына қарақшылардан кемені қолға түсіріп алуға жәрдемдессеңдер, губернатор күнәларыңды кешеді”, – депті. Ертеңгі күндері не болады деп көңілдері күпті болып отырған тұтқындар, мұндай ұсынысты қуана қарсы алды. Олар капитанның аяғына жығылып, жалынып-жалбарына бастады; соңғы демі қалғанша адал қызмет етуге ант беріп, күнәмізді кешетін болса, өмір бойы қарыздар болып өтеміз, қамқоршы әке есебінде қабылдап, жердің түбі болса да бірге барамыз деп ант-су ішті. “Жарайды, бұл сөздеріңді губернаторға жеткізіп, өзімнің де сендерге кешірім беруге дайын екенімді айтып көрейін”, – деді капитан. Капитан маған оларға айтқандарын баян етіп, бұлардың енді арам ниеттері жоқ, еш күмәнсіз сенуге болады деді.

Одан да сенімдірек болу үшін мен капитанға теңізшілердің арасына барып, өзіне бес көмекші таңдап алуына ұсыныс жасадым; бірақ оларға біздің адамдарға мұқтаж емес екенінімізді білдіріп, оларға ерекше рақым ретінде ғана осы қадамға барып отырғанымызды жеткізіңіз дедім. Ал менің қамалымда (яғни менің үңгірімде) отырған екеуіне үшеуін қосып губернатор кепілдікке алады, ал егер олар анттарынан таятын болса, бесеуі де жағалауда дарға асылады деп айт дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий