Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ол анығын айта алмайтынын жеткізіп, плантация өнімінің артқаны сондай, тек бір бөлігін иеленген менің серіктесім тіпті байып кетті деді. Ал заңды құқығым жөнінде сұраудың да қажеті жоқ, өйткені сенің серіктестерің тірі, олар сенің сөздеріңді растайды және сенің аты-жөнің де жер иелерінің тізімінде бар деді. Сосын ол маған өзің қалдырып кеткен мұрагерлерің жан-дүниелері таза және өте ауқатты адамдар, олар сенің меншіктік иелігіңе кіруге көмектесіп қана қоймайды, олар тіпті плантацияны өздерінің әкелері иеленіп, әлі табыс қазынаға түспеген кезден бастап-ақ, яғни, оның есебі бойынша, шамамен он екі жылдай мерзімдегі өнімдерден қалған әжептәуір сомадағы ақшаны саған табыстайды деді.

Бұл хабар мені біраз таңғалдырды, мен бойыма қорқыныш кіріп, капитаннан менің өсиет жазғанымды және жалғыз мұрагер қылып оны, португалдық капитанды тағайын-дағанымды біле тұрып, қамқоршыларым менің жеке меншігіммен неге осылайша иелік еткен деп сұрадым.

– Иә, дұрыс айтасың, бірақ сіздің ажалыңызды айғақтайтын, өліміңізді жариялайтын еш белгі болмаған соң, мен сіздің өсиетіңізді орындаушы ретінде әрекет ете алмадым, – деді шал. – Сіздің плантацияңызды иеленгім де келмеді, – бұл бір қиыр шет, өте алыс жер. Сіздің өсиетіңізді, өзімнің құқымды да талап етіп, өлгеніңізді я тірі екеніңізді растай алып, сенімхат бойынша әрекет еткенде, инджениюге1 иелік етер едім, болмаса Бразилиядағы ұлыма аманаттар едім. Бірақ, – деді шал, – мен сізге алдыңғылардан да жайсыз бір хабарды айтуым керек, сіздің серіктесіңіз бен қамқоршыларыңыз сіз қайтыс болды деп, – бірақ бәріміз де солай ойладық қой, – алғашқы жеті-сегіз жылда түскен табыстың есебін маған айтып, ақша берді. Сол кезде плантация шаруашылығы үшін көп қаражат керек болды: зауыттар ашу, құлдар сатып алуға қыруар ақша жұмсалды. Мен сізге қанша түсім көріп, қаншасын жұмсағаным туралы сосын анық есеп беремін, – деді ол.

Бірнеше күн өткен соң шал маған алғашқы алты жылдың есебін көрсетті. Есепті менің серіктесім мен екі қамқоршым жазып, қолдарын қойыпты. Кіріс тауар ретінде көрсетіл-гендердің қатарына, мысалы, темекі орамы, бір жәшік қант, бөшке ром кірген. Есеп бойынша байқағаным, кіріс жылдан-жылға өсіп отырған. Шығыс болмай, кіріс болмайтыны секілді, басында кіріс аз болғанымен, соңында әжептәуір көрсеткішке өскен. Қарт капитанның есебі бойынша ол маған төрт жүз (1Шекер зауытын солай атайды.) жетпіс алтын ақша, алпыс жәшік арақ, он бес қос орамды темекі қарыз екен. Бұл тауарлар менің хабарсыз кеткеніме он бірінші жыл толғанда, Бразилиядан Лиссабонға келе жатқанда кемемен бірге апатқа ұшыраған.

Ол басына түскен қиын-қыстау күндері шығындарын өтеу үшін амалсыздан менің ақшаларымды жұмсағанын, жаңа кеме сатып алғаны жайлы айтты. “Дегенмен, ескі досым, еш қиындық көрмейтін боласың, ұлым келгеннен соң, ақшаларыңды қайтарады”, – деді де, қалтасынан ескі әмиянын шығарып ақша берді. Қарыз ақшалары үшін кепілдік ретінде ұлы Бразилияға аттанған кемені иеленуге хұқық беретін құжаттарын берді; ол барлық пайлардың ширегіне, ал ұлы басқа ширегіне ие екен.

Бұған мен енді жол бере алмайтын едім; шалдың адалдығы мен мейірімділігін көріп, қатты толқыдым; оның маған көрсеткен жақсылығы, мені теңізде құтқарып қалғаны әлі көз алдымда; бәрінен бұрын араға жылдар салып жүздессек те адалдығынан айнымағанын, шынайы достығын сезінгенімде жанарыма жас тығылып, өз-өзімді әрең ұстап тұрдым. “Сіздің жағдайыңыз қарыздарды толығымен жабуға келе ме, өзіңіз қысылып қалмайсыз ба?” – дедім ыңғайсызданып. “Расын айтсам, кішкене ауырлау болады, бірақ ақша сенікі ғой, менен гөрі мұқтаждық көріп тұрған сенсің ғой”, – деді ол.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий