Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

менің татпағаныма өте-өте көп жылдар болып еді. Жүктердің бәрін жағаға түсірген соң (желкен, ескек, діңгек және рөл баяғыда алынып тасталғаны туралы айтқам) қайықтың түбінен үлкен тесік жасадық. Сондықтан да, біз жаудан жеңілген күннің өзінде, ол енді бізден өзінің қайығын әкете алмайтын еді. Расын айтсам, кемені қолға түсіреміз деп дәмеленген де жоқпын, ал енді баркасқа келер болсақ, оны қайта жөндеп алу еш қиындық тудырмайтын еді, мұндай қайықпен үнемі оларды ұмытпай, жадымда ұстаған испандық жолдастарымды жолшыбай ала кетіп, ық жақтағы аралдарға жетуге болатын. Бәріміз жабылып қайықты су көтерілген кезде де жетпейтін жерге көтеріп апарып және және жуық арада бітей алмайтындай қылып түбінен тесік тескесін, біз тыныс алуға отырып, енді не істейтінімізді ақылдаса бастадық. Біздің кеңесе бастағанымыз сол еді, кемедегілер зеңбірек атып, жалауларын бұлғай бастады. Бұл сәрі, баркасқа берілген шақыру дабылы еді. Бірақ баркас қозғалмады. Сәлден кейін екінші атыс гүрс ете қалды, сосын тағы, тағы және тағы атылды. Жалаушаларымен де белгі берулерін жалғастыра берді.

Атылған оқ пен жалауша белгілеріне еш жауап болмаған соң, ақырында олар екінші қайықты түсірді (мен мұның бәрін дүрбіммен ап-анық көріп тұрдым). Қайық жағалауға бет алды, жақындап келгенде ішінде адамдардың саны он адамнан кем емес екенін көрдік және олардың барлығы қаруланған еді.

Кемеден жағалауға дейін алты мильдің шамасындай жер болғандықтан да бізге қайықта отырғандарды анықтап қарап алуға уақыт болды. Біз қайықты сүйреп шығарған жерден оларды ағыс сәл шығысқа қарай бұрып жіберді. Бірақ бұл теңізшілер жағалаумен жүзіп келеді, алғашқы қайық тоқтаған жерді көздеп келе жатса керек.

Осылайша біз, қайталап айтамын, әрбір адамының жүзін де анық көріп отырдық. Капитан бәрін таныды және қандай адамдар екенін бір-бірлеп сипаттай бастады. Капитанның айтуы бойынша бұлардың арасында үш жақсы жігіт бар. Оларды өз еріктерінен тыс, қорқытып көндіргендеріне сенімді. “Есесіне бұларды басқарған боцман және қалғандары оңбағандар, нағыз қарақшылар, олардан жақсылық күтуге болмайды”, деді. “Бұлар абыройсыздар, соңына дейін шайқасады, оларға қарсы тұра алмай қаламыз ба деп қорқамын”, деп сөзін жалғады. Мен езу тартып күлдім де, біз сияқты жағдайға душар болған адамдарда қорқыныш болмауы керек дедім; бізді алдымызда не күтіп тұрса да, бүгінімізден жақсы болады, міне, сондықтан да, осы тығырықтан шығудың кез келген жолын – мейлі ол өлім болсын – біз құтылу деп есептеуіміз керек. Мен одан: “Менің тұрмысым туралы қандай ойдасыз?” деп сұрадым. Өзімнің құтқарылуым үшін өз өмірімді оққа байлауым тұрарлық іс деп таппайсыз ба дедім. «Мырза, – дедім мен, – осы аралда мен сіздің өміріңізді құтқарып қалуым үшін сақталғаным туралы сіздің сеніміңіз қайда, – осыдан аз уақыт бұрын ғана білдірген сеніміңіз? Ал өзіме келер болсақ, алдағы істе мені бір-ақ нәрсе толғандырады». “Не нәрсе?”– деп сұрады ол. “Сіз айтып едіңіз ғой, бұл оңбағандардың арасында үш пе, төрт пе, рақымшылық етуге болатын адамдар бар деп. Бұлардың бәрі жауыз болса, құдайдың өзі олардың сазайын тартқызу үшін біздің қолымызға беріп отырғаны туралы бір сәтке де ойланбас едім; және сенімді болыңыз, осы аралға табаны тигендердің барлығы біздің қолымызда болады, әрі олардың бізге қатынасына байланысты, – олардың тірі қалуын, не ажал

құшуын да біз біз шешетін боламыз” дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий