Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қожайыным мұны Фрискоға апаруды бұйырған. Сонда мұны емдейтін бір керемет ит дәрігері бар көрінеді.

Бэкті ұрлаған адам кейінірек Сан-Францисконың порт қабағындағы түпкі бөлмеде отырып сол түннің оқиғасын кездескеннің бәріне қолынан келгенше әсерлей әңгімелеген.

— Сонда осы үшін небәрі елу аламын, — деп шағынды ол. — Білсем ғой, қолма-қол мың берсе де аттап басар ма едім!

Білегі қанға боялған қол орамалмен таңулы еді, ал шалбарының оң жақ балағы етектен тізеге дейін жұлма-жұлма.

— Ал әлгі жігіт бұл жұмысқа бола қанша алды? — деп қызығушылық танытты қабақ қожайыны.

— Жүз. Одан төменге көнбей қойды.

— Бас-аяғы, демек, жүз елу ғой, — деді кабакшы. — Ал бұл ит оған татиды, бәс тігейін!

Ұры орамалды жазып ит қапқан қолын көре бастады.

— Құтырған болып шықпаса жарар еді...

Онда о дүниеге аттанып кетуің де ғажап емес...

— Қорықпа, бұдан өлмейсің. Маңдайыңа дар ағашында салбырап тұру жазылған! - деп қалжыңдады кабак иесі. Одан: — Кәне, аздап көмектесіп жібер маған, кейін әрі қарай жылжи берерсің, — деп қосып қойды.

Есеңгіреп, тынысы тарылып, алқымындағы қылбұраудан жаны көзіне көрінген Бэк қалайда қинаушыларға қарсылық жасауға тырмысты. Бірақ мұны мойындаған ауыр жез қарғыбауын кесіп алып тастағанша қайта-қайта еденге аунатып, арқанмен буындыра берді. Осыдан соң әлгілер бұғауды да шешіп, Бэкті торға ұқсас шабақ жәшікке итеріп енгізе салды.

Ол осы тор ішінде ыза кернеп, намыстан қатты қорланып, сарғайтқан ұзақ түнді өткізді. Осының бәрінің не екенін түсіне де алмаған. Өзінен не тілейді бұл бейтаныс адамдар? Тар қапасқа не үшін қамады мұны? Бэк қатты аңырды, төніп келе жатқан беймәлім қауіп түйсігі азапқа түсірді. Ол ашылған есік тарсылын естіп бірнеше мәрте қарғып тұрған, — судья немесе оның ұлдары келіп қалды ма деп елеңдеген еді, алайда тек әрбір жол жарығы әлсіз май шырағданын сығырайтып сарай ішіне көз салған кабак қожайынының ісінген сұлбасын көреді. Сөйтіп Бэктің көмейінен шығуға оқталған қуанышты үн ызбарлы ырылға айналып кете берді.

Әйтеуір, кабак иесі бұған тиген жоқ. Тек таң азанда төрт еркек келді де, жәшікті көтерді. "Тағы да жан қинағыштар ғой" деп ойлады Бэк, өйткені бұлар қайдағы бір сабалақ-сабалақ, жалба-жұлба, күдікті біреулер екен. Сондықтан да оларға тор қабырға ішінен еліре ырылдады. Бірақ аналар тек ыржалаңдап, мұны таяқпен түртпектеген. Бұл әлгілерге керегінің өзі де сол екенін түсінгенше азуды таяққа салған. Содан кейін ғана тұнжырап жата кетті де, жәшікті фургонға ауыстырғанша қыбыр еткен жоқ.

Осылайша Бэк өзінің торымен бірге қолдан-қолға өте бастаған. Бастапқыда бұл іспен көлік кеңсесінің кызметкерлері шұғылданды, олар мұны басқа фургонға тиеді де, әрмен қарай әкетті. Одан қаптаған жәшіктер мен сәлемдемелерге қосып пароммен жөнелтті. Одан соң үлкен теміржол вокзалына жеткізген; ақыр аяғында қайтадан тауар вагонына әкеліп тықты.

Вагон екі күн, екі түн бойы ышқына гулеген паравоз соңынан жүйткіді. Бэк те екі күн, екі түн бойы нәр сызған жоқ. Қатты ашынған бұл жолсеріктердің қамқорлығына ырылымен жауап қатады, ал олар өш қайтармақ үшін ызаландыра түседі. Қалшылдаған күйі аузы көбіктеніп торға ұмтылғанында мұны мазақ қылып, қарқ-қарқ күліп, жаман қора төбеттерінше біресе ырылдап, біресе үріп, мияулап, тұмсығының тұсынан қол ербеңдетіп, әтеш болып шақырады. Бэк оның ақымақтық екенін түсінді, әйткенмен соның өзі намысына тиіп, ашу-ызасы күшейген үстіне күшейе түсті. Аштыққа әлі де болса шыдауға болар еді, бірақ шөлден қаталады, осыдан да естен тана ашынған. Аса сезімтал, нәзік түйсікті бұған әлгіндей қорлық кері әсерін тигізбей қойған жоқ, ақыры ауырды да қалды. Ыстығы көтерілді, оған шөлден салдарынан ісінген тілі мен тамағының кеберсуі қосылды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий