Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал Байтабын мана төбе басында үн-түнсіз отырып қалған-ды. Өткен-кеткенді елестетіп, қиялы көк бетінде жүзген айдай ұзақ кезді. Сұлтан тұқымы қараға қыз бермейді екен, Тіленшінің ерке қызы Дәметкенді Байтабынның әкесі Қожыға қалай бергенін кім білсін, әйтеуір осы ел аузына іліккен жау жүрек әкенің арқасында Байтабын да бұлаң өсті. Сол әкеден он жасында қалды. Содан бері не көрмеді? Он алтысында ат жалын тартып мініп, нағашысы Жоламан батырдың соңынан ерді. Қазір жиырма үште. Осы жеті жылдың ішінде ат үстінен бір түскен жоқ. Талай қанды ұрысқа қатысты. Сан мәрте ажал деген аш арыстанның аузында болды. Сонда... Осыншама шыбын жанын жүлдеге тігердей бұған не жоқ? әлде малын, дәулетін, бағын қорғаймын деп жан таласып жүр ме? Жоқ. Бар малы — астындағы жалғыз аты. Дүние-мүлік деген тіпті ныспысымен жоқ. Әкеден қалған қазына — шешесі Дәметкен паналап отырған жалғыз қараша үй. Сонда бұл әлділермен неге жауласады? Байтабынды алыс-жұлысқа айдаған екі арман. Бірі бота көз, оймақ ауыз Ақбөкен. Бүкіл Кіші жүзде ажарына жан тең келмес, айдай толықсыған сұлуды алу үшін Байтабынға құр Жоламан батырдың жиені болу жеткіліксіз. Хор қызын тек періштелер ғана құшады. Ал Ақбөкен секілді сұлуға қол созуға жұрттан асқан дәулетің, немесе көпке әйгілі атағың болу керек. Дәулет оңай қолға түспейді, ал атақ... Ол ер жігіттің өзінің қолынан келер іс. Бақ уысқа сыймағанмен, атақ уысқа сыяды. Жауыңнан жасқанбас батыр болсаң атақтың өзі келеді. Тек дұшпаныңмен алыса біл. Байтабынның әйгілі жан болуын Ақбөкеннің өзі де тілейтін тәрізді. Сол себептен емес пе, бұның қосылайық деген тілегіне Ақбөкен соңғы кезге дейін «әлі ерте, сен ең болмаса жұрт аузына ілігетіндей халге жет», — деп келген жоқ па? Қарадан шықса да Ақбөкеннің хан қыздарының арманын көксейтініне бұл жазықты ма? Бала жаста жақсы көрген албырт жүрек қыз көзіне қадірлі болып көріну үшін оны кейде көзсіз ерлікке де жетектеген жоқ па? әрине сөйтті. Тек соңғы кезде ғана Байтабын қайнардай төңкерілген тұнық көзге көзі түсіп кеткендіктен туған бұл арманның орынсыз екенін, қыз үшін ерлікке ұмтылуы уақ әрекет екенін түсінді. Сол себептен де өзі соңғы уақытта Ақбөкенге өзгеше қарай бастаған жоқ па? Сүйген адамынан ерлік тілеген махаббаттың таза махаббат емес екенін аңғарды емес пе? әрине сөйтті. Шын жақсы көрген адам бірін-бірі сол тұрған қалпында жақсы көреді. Ақбөкендікі өзгеше арман, өзгеше тілек. Мүмкін бала кезінде Ақбөкен мұны шын ұнатқан шығар. Серғазының ауылынан қашып шыққанында да Байтабын есінде болған шығар, бірақ өзгермейтін жан бар ма, ерлікті, атақты қадір тұтатын қазақ дәстүрі мұны да өзгерткен болар. Оны айыпқа санау қылмыс емес пе? Бұл жалған түсінік кейде жұрт қадірлер есімді ардақтар Ақбөкен түгіл, өмір бақи құлдықта өскен, тек жоқшылықпен ғана көзін ашқан адамдарды да өзгертіп жатады. Ал сұлу жанды Ақбөкеннің, сүйген жарының әйгілі болуын жақсы көретін Ақбөкеннің бала жастағы сезімнен өзгеруі күнә ма? Күнә деген күнде де оған ренжіп, оған ашуланып, өз өміріңді қор еткенде не түседі? Кім ренжиді, кім жылайды? Қасың қуанып, досың өкпелейді. Тек сені тапқан анаң ғана көз жасын көл етеді.

Ана! Атың қандай жақсы. Байтабынды батырлық жолға салған екінші себеп осы ананың сөзі, ананың тілегі емес пе еді? әрине, солай.

Иә, сол адуынды қара кемпір еді ғой, бұл он алтыға жеткенде, Қожының кәрі кертөбелін алдына тартып: «Қарағым, ел шетіне жау тиді, найза ұстар ер-азамат атқа қонып жатқанда Қожы баласының шешесінің жанында отырғаны келіспес, әкеңнің атын жоқтатпай нағашыңның аулына бар», — деген. Иә, осы сөзді айтқан сол қара кемпір. Байтабынға осыдан кейін «ана», «ел», «туған жер» деген сөздер бір ұғымда болып кеткен. Оған туған жерін қорғаса — анасын қорғағанмен бірдей. Елінің тәуелсіздігін қорғағаны — анасының тілегін орындағанына пара-пар. Байтабын бертін келе, осы Кенесары тобына қосыл-

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий