Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ана басқа топты машинаның жанынан қуғын,— дедім.

Ол жүгіріп барып, тез арада жарлық берудің орнына түсіндіріп, талқылай бастады. Бірақ мынандай жағдайда бұлардың әрекеттерін талқылауға бола ма? Бұл жерде мына ақыл- естен айырылған «олжашыларға» күшпен, әмірмен ықпал ету қажет.

Деревняны толық иеленгеннен кейін, жауынгерлерді жинап алып:

— Жеңдер!— дедім. Өлгендердің жанына қоюға бұйырдым да:

— Бұған кінәлі кім? Неғылған масқаралық, әлсіздік! Осындай қауіпті уақытта конфетке малданып... Якубенкоға бұрылып былай дедім:

— Сен бе бұларды олжа затқа көрсе қызар етіп тәрбиелеген!

Сөйтіп мініс атыма отырдым да, жүріп кеттім. Олар бастары салбырап ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады.

Новосвинуховода жүргізілген ұрыста осылайша жеңіске жеткен едік. Осы оқиғадан кейін батальон қайтып олжа заттарды көзсіз тарпа бас салмайтын болды...

Гундиловичтің екінші батальоны Холмның өзіне дейін жетті. Алғашқы қақтығысты, шайқасты қалайда сәтті өткізу керек, мұның өзі солдаттың рухын көтереді. Солдат деревняны жаудан тартып алған уақытта, ол немістердің шегініп бара жатқанын өз көзімен көрген кезде қанаттанып, өзін жеңілмейтіндей сезініп, алға сеніммен ұмтылады.

Келесі ерекше ұрыстарға Соколово және Бородинода болған ұрысты жатқызамын. Немістердің түбірден соғу дейтін тактикалық әдісі бар. Соғысушы жақ майданды бұзып өткенде, немістер негізгі күшті алға өткізіп жібереді. Түбірден соғу деп тағы да қайталап айтамын — бұл немістердің өте сүйіп қолданатын тактикасы, бұл соғыс ісінде құнды қазына болып табылады. Рас, бұл тактиканы бұрында, ертеде қолданған, бірақ бұл әдіс өзінің аты мен қолданылуы жағынан неміс тәжірибесінде ғана жүйеге түскен. Мен тарихшы емеспін, түбегейлі түрде дәлелдей алмаймын, бірақ қалай болған күннің өзінде маневрдің бұл формасы тактикадан стратегиялық ойға дейін алғанда соғыс өнерінің қазынасы болып табылады. Мамандығым насихатшы емес, әрі жақсыны несіне бүгіп жасырамыз. Мына жағдайға объективті қарайық. Жақсы деген нәрсеге шындық тұрғысынан қарайық, біздің әскерлеріміз майданды бұзып өткенде, немістер мұндай әдісін Харьков түбінде қолданып, түбірден соқпақ болды, сөйтіп бізге жау басып алған ауданға тереңдеп еніп, тылда қимылдауға мүмкіндік берді. Генерал Чистяковтың артықшылығы сол, ол немістердің арам ниетін бірден-ақ аңғара білді.

Соколово деревнясын немістер шығысқа қарсы соққы беру үшін плацдарм ретінде тегеурінді түрде қорғауда, Кобылкино деревнясын да шығыстан қарсы соққы беру үшін қатты қорғауда, яғни неміс командованиесі біздің найзадай қадалған корпусты өткізіп жіберіп, содан кейін қоршауға алып сығуға тапсырма алған. Сондықтан да шығыста Кобылкино, ал батыста — Соколово деревнялары үшін ұрыс жүргізілуде. Бұған дейін1077-полк ұрысқа кірген жоқ еді, бірақ енді генерал Чистяковтың шешімімен ұрысқа енгізіліп, оның алдына — Соколово деревнясын жаудан тартып алу міндеті қойылды.

Подполковник Шехтман мінез-құлқында бір жақтылық байқалатын, сауысқаннан сақ адам болатын. Мен командирдің бойында сақтық пен батылдық сияқты қасиеттер үйлесімді болуға тиіс деп санаймын. Онда сақтық, өзімшілдік басым түсіп жататын. Ол болса үш батальонды бірдей ұрысқа салған, алайда бұл уақытта 1073-полк Соколово деревнясын қоя тұрып, ұрысқа кірген еді. Осы Соколово бағыты үшін біз дұшпанмен үш тәулік бойы аяусыз арпалыстық.

Генерал Чистяков мені өзіне шақырып алды. Бұл уақытта Гундиловичтің батальоны мен аға лейтенант Клименконың батальоны 15 шақырымдай жерде тұрған. Полктің артиллериясы да сонда. Соколово тобы неге осыншама ұзақ уақыт бөгелді? Себебі немістер қосымша күш, қару-жарақ пен азық-түлікті үнемі жеткізіп үстемелеп тұрды. Соколово деревнясын алу үшін қару-жарақ, азық-түлік жеткізіп тұратын күре жолды қайткенде де қиып тастаған жөн, генералға немістерді жабдықтап тұрған жол Трошково деревнясын басып өтетіндей көрінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий