Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы жерден біз кері қайта жасақталуға Нахабино станциясына бұрылдық. Бұрын майор Стариков басқарған 1075-полкке мені командир етіп тағайындады. Бірақ полкке бар болғаны үш-ақ күн басшылық жасадым, содан кейін мені дивизия штабына, генерал Ревякинге шақырды. Оның қабылдауында Егоров та отыр екен. Байқаймын, әртүрлі әңгімелер қозғалды. Егоров мені жақсы адам, жақсы командир, бірақ әскери адам ретінде әлі жас, тәжірибесі аз деді. Іштей жас болсақ, жас шығармыз деп ойланып отырмын. Мен олардың шүбәланып, бір нәрсені батып айта алмай отырғандарын сездім. Ақырында ыңғайсыздана қозғалып Ревякин:

— Біз сіздің батальон командирі, содан кейін полк командирі болғандығыңызды білеміз, бірақ сіз мамандығыңыз бойынша артиллериссіз той. Қолбасшы полковник Капровты бұрынғы қызметіне қайта қоюға бұйырды,— деді.

Мен былай дедім:— Жолдас генерал, мен еш уақытта полкке командир болайын деп талаптанған емеспін, менің ешқандай әскери білімім де жоқ, ал полковник — қарт командир, ол менен бұрынырақ соғысқан.

— Міне, жарайсың, ал біз сізді дивизия штабына қалдырайық деп едік.

— Жоқ, мені өз батальоныма қалдырыңыз.

— Қолбасшы сізді басқа полкке командир етіп жібер деп еді, бірақ біз жібергіміз келмейді.

Сөйтіп қырғын ұрыс кезінде полк командирі болып тағайындалған мені бұл қызметтен демалыс кезінде полк командирінің орынбасары қызметіне ауыстырды. Бұл операциялар жөнінде де қорытынды жасауға уақыт тапшы болып отыр.

Полк комиссары Логвиненко туралы бір-екі ауыз сөз айта кетейін. Мұнда мен шамасы оны мінеп те, мақтап та алған сияқтымын. Оның бойына өте ақылдылық пен тым ақымақтық қасиет үйлесе біткен еді. Бір сөзбен айтқанда, одан адамның бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттер табылатын. Ол бойындағы осындай жаман қасиеттерінен арылған болса, алысқа барар еді, жауынгерлердің де сүйіспеншілігіне бөленген болар еді, амал не, ол өз «менің» тым жоғары қоятын. Қызғаншақ адам болды. Үлкен коллективтің ішінде қызғаншақтық көрсететін, өзін жоғары қоятын, атақ құмар жан еді. Оның жауынгерлік еңбегі зор, әрі батыл болатын. Жауынгерлік наградасы да бар, бірақ оны бүлдіретін осы өзімшілдік «мені» болатын. Біз екеуміз көптеген ұрыстарды бірге өткердік, мінез-құлықтарымыздан туып қалатын талас-тартыстар мен егестен көбінесе қашып, жақсы жұмыс істесе алдық.

Оның тұлғасын қысқаша былай сипаттауға болар еді: табиғат оның бойына жақсылық пен жамандықты, әділдік пен зұлымдықты, билік құмарлықты, менмендікті, ұлықтық пен мансапқорлықты, шыншылдық пен жалған өсекшілікті, ашықтық пен екіжүзділікті де берген, тұжырымдап айтқанда бір басына жетерлік есерсоқтығы бар үлкен адам еді. Мен біздің даңқты жауынгерлік істерімізді сүйіспеншілікпен еске алып, өз комиссарыма ерекше құрмет те білдіремін.

Оған майданда жүргенде-ақ осындай мазмұнда арнайы хат жазғанмын, оған сіздердің араларыңызда бүкпесіз баға беріп отырғаным да сондықтан.* * *Старо-Русь —- Холм коридоры. Дивизияға басшылықты азамат соғысының солдаты, алғашқы қызыл командирлерінің бірі генерал-майор Иван Михайлович Чистяков қабылдады. Мінез-құлқы өте қарапайым әрі ақ көңіл адам болатын. Тәжірибесі мол, сирек ұшырасатын талантты командир еді, қызба мінезді, бірақ әрдайым парасаттылық танытатын. Жалпы жағдай мынандай: Старая Русса, Холм, Демьянское, Охва, Торопец, Солтүстік жағында — Лычкова станциясы тұр. Лычкова станциясына алып баратын темір жолды немістер сентябрьде-ақ істен шығарып тастаған еді.

Мына жерден Ленинград майданы өтеді (суретін салып көрсетеді), содан кейін мына жерге иіп, мұнда Демьянское, содан кейін тағы да иіп майдандардың орналасуын сызып көрсетеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий