Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жолдас командир!

Көзімді ашып қарасам, келте тон киген адамдар. Петр Васильевич Логвиненконы әрі-бері жұлқылап оята алмадым. Ол күні бойы өрт сөндіргендей әбден жүгіріп қалжырады.

— Қарай гөр! Ыстықтарың тасыған екен. Маңдайларың жіпсіп, үстеріңде келте тон, бастарыңда құлақшын! Сөйтсем, бұлар 16 офицер екен. Содан кейін докторға бұрылдым.

Ол қайырымды жан болатын, бірақ дәл осы сәтте мен оны соншалықты жек көріп тұрдым.

Қызбалыққа салынып:

— Доктор, мен бір кезде: «Ол оны пациентін сүйген дәрігердей сүйді»,— деп жазған бір дарақы жазушының кітабын оқыған едім. Жас жігіттің махаббатын дәрігердің сүйіспеншілігімен салыстырып жазған бұл жазушы алжасқан болуы мүмкін немесе мына сіз — есерсоқ дәрігерсіз. Сіздердің қайсыларыңыздың алжасқандарыңызды білмеймін, егер сіз, Илья Иванович, өз кәсібіңізді сыйламайтын болсаңыз, онда жалпы несіне оқып, білім алдыңыз? Оған дауыс көтеріп, ұялтып тастадым.— Сендердің дәрігерлерің қайда, санитаркаларың қайда кеткен? Мұнда жарақаттанған адамдар қансырап жатыр, бірнеше ауыр ұрысқа төтеп бердік және қандай сұрапыл ұрыстар! Ал дәрігерлік көмек жасалынбады! Бұл қалай болғаны?

— Иә, біздер, жолдас командир, сіздерді солай қарай кетті деп ойлап едік, ал жағдайымыз осылай болып шықты.

— Демек, сіз санитарлық көмекті, жаралыларды көшірісуді ұйымдастыра, өз қарамағыңыздағы адамдарға тыңдатқыза алмасаңыз, онда олар үшін өзіңіз жұмыс істейсіз.

Санитарлық сумкаңызды алып, жаралыларды ұрыс даласынан алып шығуға жөнеңіз. Сіз қазір әрі дәрігер, әрі санитарсыз да.

Илья Иванович жаралыларды ұрыс даласынан өзі алып шығып жатыр, әзірше санитарларды ұйымдастыра қойған жоқ. Сірә, таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді дегендей, ұялған болуы керек, ол тайсақтамай тура оқ пен оттың ортасына кіріп кетті. Кейіннен оның ерлігін ескеріп, наградаға ұсындым.

Ауыр жаралы жауынгерлер көп бұл полкте Илья Иванович өз мүмкіндігінің шегінен асыра қызмет көрсетті, ол тек дәрігер ретінде ғана жұмыс істемей, ұйымдастырушы ретінде еңбек етті, бізге үлкен көмек жасады. Қазір Гречишкин біздің дивизияның санитарлық қызметін басқарады, жұрттың бәрі сыйлайтын өте жақсы жауынгер дәрігер, ол ұрыста шынықты, үлкен тәжірибе жинады.

Мен полк командирі көмекшісінің жеке жауапкершілігіне жүктелген барлығына — обозбен-затпен қамтамасыз ету, жауынгерлерді тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету, санитарлық қызмет бастықтарына тапсырма бердім. Бұл түнгі сағат бірдің кезі болатын. Таңғы сағат 6-ға дейін әрбір жауынгерге үш литрден арақ, бес килограмнан колбаса, 200 дана патроннан әзірлеп, киетін келте тон, пима дайын болсын деп бұйырдым.

Ал, егер 6-ға дейін даяр болмаса, үй-ішіңе хат жазуға уақыт беремін, аяушылық болмайды дедім қатуланып. Олар жүріп кетті. Тура таңғы сағат 6-да айтқан нәрселердің бәрін дайын еткен. Мұны олардың қалай істегенін білмеймін, бірақ бұйрықты дәл орындапты. Мұндағы мақсатым адамдарымыздың өте аздығына қарамастан, бұларды сынап, тексеріп көргім келді, өйткені олар қауіптен қорқып қашты. Маған оларды енді қауіпке жұмсап сынау қажет болды.

Содан кейін жауынгерлерді тамақтандыру, азық-түлікпен, обозбен-затпен қамтамасыз ету бөлімдерінің бастықтарына барлық қару-жарақты, оқ-дәріні алып, жауынгерлерге өз қолдарыңмен таратып беріңдер деп бұйырдым. Егер сендерден кейін бір жауынгер тамақ ішпей, қысқы киім алмай қалатын болса, сөйлеспеймін деп ескерттім.

Олар алғы шептегі барлық жауынгерлерді әділ аралап шықты. Азық-түлік жеткізіп, киім- кешек үлестіріп берді, дегенмен мұның бәрін мәжбүр еткендіктен істеді.

Ұрыста осындай қиындықтар да болып тұрды. Крюковода жан алысып, жан беріскен сұмдық сұрапыл шайқастарды егжей-тегжейлі әңгімелеп жатпай, бір эпизодты айтайын да, Москва түбіндегі майданға көшейін. Өйтпесек, Крюковода жүргізілген ұрыстарды бастан-аяқ баяндауға уақыт жетпейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий