Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Барлығы жан-жақтан 2-3 мыңдай адам жиналды. Бұған дейін бес рет қоршаудан шыққанмын, тәжірибем бар болса да, тағы қоршауда қалып қоймасақ екен деп мазасыздандым. Оның үстіне мынандай әртүрлі бөлімдер, әртүрлі бөлімшелер жиналған кезде, бәрімізге ортақ бір бастық жоқ жағдайда өте қиын. Мұның өзі ұйымдасқан әскерден гөрі, тәртіпсіз тобырға көбірек ұқсайды. Ойлап көріңізші, қандай қиын жағдай туғанын!

Міне, осы жерде Логвиненко үлкен шаруа тындырды. Жауапты минуттарда ол асып- сасқан жоқ. Басшылық етуді бір адамға тапсыруға ұсыныс жасады. Бірақ кімге?

Логвиненко:

— Мұнда үш полковник, үш майор, бір капитан бар екен, ал енді командалық құрамды жинайық, не істеу керек екенімізді мына тобырға қалай басшылық жасау қажеттігін солар шешсін,— деді.

Ол барлық аға бастықтар құрамын жинап, біздің ауыр жағдайымызды сипаттады. Содан соң:

— Бәріміз бағынатын аға командир жоқ, мен сіздерді жинағанда, барлық топқа басшылық жасауды кім қолға алып, жауынгерлерді мынау жартылай құрсаудан алып шыға алады, соны сұрайын деп едім,— деді. Бәрі үн-түнсіз қалды.

— Сен қалай ойлайсың, ата лейтенант,— деп маған бұрылды ол. Мен былай дедім:

— Барлық топқа басшылық етуді өз міндетіме аламын. Бәрі ойланып, үндемей отырып қалды, ол маған:

— Комиссарды таңдап ал,— деді. Мен ойланып жатпастан:

— Комиссарлыққа Логвиненконы сұраймын,— дедім. Ол келісім берді.

Бұл өте дәл табылған әрі ақылды шешім еді, топтың жау құрсауына түсіп қалмай аман шығуы Логвиненконың тікелей еңбегінің арқасы болатын. Бұл еңбегі үшін оған құрмет те, алғыс та лайық. Әділдік мұны ерекше атап өтуді талап етеді.Мен топқа басшылық етуді қабылдаған кезде, онда 4 мыңдай адам болды. Командирлерді шақырып алып былай дедім:

— Жолдастар, біздерге мұнда қоршауда қалып қою қаупі бар. Біздер өтейін деген жолмен енді бәлкім шайқасып өтуімізге де тура келуі мүмкін. Осы жағдайларға байланысты мен басшылықты өз қолыма, топты қоршаудан алып шығуды өз мойныма алуға шешім жасадым. Өзімді сіздерге таныстырып етейін: 1073-гвардиялық атқыштар полкінің командир! аға лейтенант Момышұлы.АЛТЫНШЫ КҮН25 январь 1944 жыл

Сағат 12.00-ден - 17.00-ге дейінСоколово деревнясынан Демьянское, Красная Горушка ауданындағы деревнялар аралығында болған ұрыстарға егжей-тегжейлі тоқталып жатпаймын. Бұл шайқастар Бектің повесінде әдемі көрсетілген. Басшылық етудің психологиясын ол «Соңғы парақ» деген тарауда сәтті бейнеледі. Осы «Соңғы парақта» мен әскерге басшылық ету кезіндегі психологиялық сәтті тереңірек айтып, ашып беруге тырыстым. Ленинград тас жолы өтетін ауданда саяжай орындары, жұмысшы поселкелері, демалыс үйлері өте көп салынып тасталған екен. Шамасы, соңғы жылдарда москвалықтардың тұрмыс жағдайлары жақсарып, шамасы келген жұрт өз қаражатына қала сыртынан саяжай тұрғыза бастаған.

Міне, тап осы саяжайлар картадан анықтайтын бағыт-бағдарымызды әбден шатастырды.

Саяжайлардың жазықсыз иелеріне әбден зығырданымыз қайнады, өйткені топографиялық карталарда бұл саяжайлар түсірілмеген екен. Соғысқа дейін бұл жерде соғыс болады деп жобаланбаған, ал ауданның картасының өзі тіпті сонау... 1929 жылы жасалынған, ал рекогносцировкасы революцияға дейінгі кезеңнің ол жақ-бұл жағында істелінген.

Көрсетілген бағытты алу, бөлімдермен позицияға барып бекіну оңай шаруа емес, мұның өзі командирдің қабілет-қарымына, оның адаспай, шатаспай бағыт-бағдарды ұстай білу шеберлігіне, топографияны жақсы білуіне байланысты нәрсе. Ал мына алдымыздан кезіккен саяжайлар мен демалыс үйлерін біз елді мекендер деп ойлап әбден шатастық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий