Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дивизия бұл шептегі қорғанысын былай жасады: 1077- полктің 1-және 2-батальоны Поварово, 1073-полктің 2- және 3-батальоны Полежайко, Повадино, Соколовоны және 1073-полктің 1-батальоны мен 1075-полк өзінің бұрынғы позициясында тұрды. Дұшпан күшін шоғырландырып, Струсово деревнясын басып алды...

Барлаушылар Лопотово ауданында дұшпан көптеген қару-жарақ жеткізіп, түсіріп жатыр деген хабар жеткізді. Немістер қару-жарағын босқа атып шығындау үшін, бір амал ойлап табу керек. Семен Краев осы мақсатпен жаудың мотоциклін қолға түсірді, ал оның ішінде ракетница мен 70 ракета бар болып шықты. Дұшпан бірінші күні де, оның ертесіне де шабуылға шықпады.

28 ноябрь күні Исламқұловты, Краевты, Рахимовты, Бозжановты, Жуковты шақырып алып, әрқайсысына бір-бірден қол пулеметін және бір-бірден 82 миллиметрлік калибрлі миномет бердім. Тапсырма мынандай: бұл бес топ өздеріне берілген позицияларға барып бекініп, дұшпанға белгі бойынша бір мезгілде жан-жақтан оқ жаудырады. Әрбір минут сайын олар бір-бірден мина атады. Атып болғаннан кейін, жарты сағат дем алып, содан соң қайта бастайды. Таң атқанда қайтып оралулары керек. Бұйрықты тағы да түсіндірдім.

— Түсінікті ме?— деп сұрадым содан соң.

— Түсінікті.

Енді, міне, түнгі сағат 12-де немістерді жан-жағынан қызыл, көк, сары ракеталармен үсті- үстіне атқылай бастады.

Немістер дүрлігіп, не болып қалды екен деп әбігерге түсті. Осы уақытқа дейін орыстар еш уақытта ракета тастамаған, енді той төмпештеуде, тұс-тұстан миномет пен пулеметтен оқ жаудыруда. Дұшпанды жоюда бұл атыстың әсері айтарлықтай болмаса да, біздің мақсатымыз немістерді олар күтпеген бірнәрсе болып қалған екен, шамасы таңертеңгі шабуылға шықпақ деп ойлауға мәжбүр ету болатын. Осы уақыттың ішінде немістер батареяларын шоғырландырып күшейтеді, түнгі сағат екіде мен жан-жаққа қарай аласұра, өршелене атқан артиллерияның үнін есіттім. Менен радио байланысы арқылы:

— Енді кері қайтуға бола ма?!— деп сұрады жауынгерлер.

— Жоқ, таң атқанша күтіңдер!— деп жауап бердім. Сөйтіп сол түні немістер таң атқанша дамылсыз атумен болды. Менің есебімше, немістер үш мыңға жуық снарядтарын шығындады. Маған да керегі осы еді. Дұшпан бірден не болып қалғанын аңғара алмайқалды да, мыңға жуық снарядтарын босқа жұмсады, бірақ содан кейін барып, естерін жиып жан-жаққа, барлық бағыттарға барлаушыларын жіберіп, қаруларын үнемдеп жұмсай бастады. Осындай жағдайда біздер неміс батальонын екі тәуліктей, 30 ноябрьге дейін кідіртіп, жолын бөгеп ұстап тұрдық.

Соколово деревнясында мақта қоймасы бар екен, біз осы мақтаға 30 ноябрьге дейін жасырындық, мақта аппақ, даладағы қар да аппақ, бұл жау көзінен тасалануымызға таптырмайтын бүркеніш болды, одан оқ та өтпейді, әрі жылы.

30 ноябрь күні таңертеңгі сағат 10-да дұшпан 30 бомбардировщигімен Соколово деревнясын аяусыз бомбылап, іле екі танк батальоны мен бір жаяу әскер полкін жіберді.

Біз ауыр жағдайдан кейін барып қана амалсыз Соколово деревнясын жауға беруге мәжбүр болдық. Деревнядан шыққан бетте полковник Шелудькоға ұшырастық. Ол:

— Соколово деревнясын ертерек беріп қойдыңдар, — деді күйзеліңкіреп.

— Алайда, бұған мен бұнымыз да жаман емес, 200 жауынгермен жаудың 2 танк батальонына, бір жаяу әскер полкіне, 30 бомбардировщигіне қарсы төрт күн төтеп бердік, мен оз жауынгерлеріме дән ризамын...— дедім.

Мен бұл ұрыста лейтенант Исламқұловтың еңбегі мен ерлігін ерекше атап өтемін...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий