Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санитарлық ешбір көмек жоқ. Жарылған миналардың жарықшақтары мен қарша бораған оқтан құдай сақтап, тағдырдың ісі болар, аман қалдым. Бейтаныс адамдар. Мен оларға полк командирімін десем, кейбіреулері:

— Қойыңыз, қойыңыз,-— деп наныңқырамайды. Міне, осы қысылған кезде Вера Гордованы көзім шалып қалды. Бұрынырақ әскерде әйелдердің қызмет етуін мүлдем ерсі көретін басым, соғыс барысында бұл пікірімді мүлдем өзгерттім. Егер батальоныма әйел тап болып қалса, сол заматта қайтарып жіберетінмін, оны атып жатқан зеңбіректің маңына жуытпайтынмын. Штаб жоқ, фельдшерлер мен санитарлар да жоқ, мына қауіпті сәтте, минаның жарықшағы, оқ тиіп жарақаттанған, ыңырсып жатқан жауынгерлерге дәрігерлік көмек берілмеді, осы кезде шашы ұйпаланған, бет-жүзі өрт шалғандай қарауытқан, аяғында солдат етігі, үстіне шинель киген қыздың бір жаралы жауынгердің жарасын таңып, содан кейін екіншісіне көмек жасап жатқанын байқап қалдым. Мына астаң-кестең болып жатқан дүниеде қайдан тап болған деп ойладым. Мүмкін, басқа бөлімдерден қалып қойған әскери дәрігер ме екен. Қыз болса батыл түрде бір жаралыдан екінші жаралыға көмек жасап жанталаса ұмтылып жүр.

Әйел адамның мына қауіпті жағдайда үрейі ұшып, асып-абдырап саспай, ерлікпен жаралыларға көмек бергеніне жаным жадырап, қатты сүйсініп тұрдым. Шынын айтқанда, қайран қалдым. Риза болған көңілмен жүріп бара жатып, бұрылып сарғыш өңді қыздан:

— Атың кім? - деп сұрадым.

— Вера,— деп жауап берді ол...— Москвадағы ЦАГИ-дің студентімін.

Маған кешкі сағат сегізде саяси жетекші Толстунов келді. Сөйтсек, барлық топ үрейлене тым-тырақай қашқан кезде, ол байланыс ротасынан 17 адамды ұйымдастырып тапжылмай, шегінбей ұрыс жүргізген. Олардың сапында менің байырғы пулеметші жауынгерім, украин жігіті Блоха да шайқасыпты. Толстуновқа мен:

— Федя, сізді қорғаныс шебінің сол қанатына басшылық етуге тағайындаймын,— дедім.

Кешкі сағат сегізде немістер Соколовоға шабуыл жасауға шықты, біздің жауынгерлердің көбі олардың тықсыруына төтеп бере алмады. Шайқас кезінде Блоха ауыр жараланды, Толстунов та қолынан жарақаттанды.

Түнгі сағат 12-де, ұрыс әбден басылған уақытта, тәртіп қалпына келтірілді. Мен бәрін тәртіпке келтіру үшін көмек және өзара көмек көрсетуге жарлық бердім, өйткені Верадан басқа бірде-бір медицина қызметкері арамызда жоқ еді. Осы уақытта бөлмеме штаб офицерлері келіп кірді. Олар тылда Маврино ауданында болған екен. Қауіптің жоқтығын сезініп бізге қайтып оралған беті. Мен орындыққа отырған күйі көзім ілініп кеткен екен.

Кенет көзімді ашсам, төңірегімде жиырма шақты офицердің сап түзеп тұрғанын көрдім.

Өзімді ұстай алмай бар даусыммен:— Барып тұрған арамзасыңдар, қарай гөр, қайтып келіп тұрғанын!—- деп айқайлап, ең ауыр сөздерді айтып жекіре бастадым. Мен батальоныммен 27 ұрыс жүргізіп, 5 рет жау қоршауында қалып қойдым, еш уақытта да мені штаб тастап кеткен емес, мен де оларды қалдырған жоқпын. Полкке басшылық еткеніме 30 минут та болмай жатып, мені тағдыр тәлкегіне тастап, бәрің бет ауған жақтарыңа зыттыңдар. Осыдан кейін сендерді қалайша арамза, су жүрек демессің, сендер аяққа басар шүберексіңдер, шұлғаусыңдар. Қарабет болдыңдар, мұндай опасыздықтарың үшін сендерді атып тастау аз. Кескілеп бөлшек- бөлшектеріңді шығару керек. Міне, сендерге сондай өлім ғана лайық...

Бірақ... менің қолымды қағып тұрған — сендердің кінәсіз балаларың, жазықсыз әйелдерің.

Сендер мына опасыздықтың қара дағын қанмен жууларың керек. Бәрібір өлесіңдер, мына масқарадан кейін тірі жүрмей-ақ қойыңдар, одан да гөрі әйелдерің қоян жүрек қорқақ, отанын сатқан опасыз ретінде өлгендеріңді білмей-ақ, отан қорғау кезінде қаза тапты деген қара қағаз алсын да, тек сондықтан да мен сендердің бала-шағаларың, елдегі адал жарларың үшін ғана атпаймын, қолдарыңа қаруларыңды алып жауынгерлердің қатарына барып тұрыңдар...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий