Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мені қатты ойландырған екінші мәселе — өзім жауға қарсы 27 ұрыс жүргізіп, 5 рет дұшпанның қоршауын бұзып шыққан батальонымды кімге сеніп тапсырсам екен деген ой болды. Таңдау екі адамға түсті: Рахимов жақсы адам, бірақ онда шешімталдық, кесіп түсер қасиет жетіспейтін. Ол бәрін де жақсы, асып-саспай парасаттылықпен шешетін, бірақ кесіп тастай алмайтын. Сондықтан бұрын өзім басқарған батальонды аға лейтенант Рахимовқа тапсыра алмадым. Батальонға басшы майор не подполковник шеніндегі адам болуы керек. Ал менің қарамағымда бір майор мен жалғыз ғана капитан бар. Дегенмен мен бәрібір батальонға басшылық етуді 6-ротаның взвод командирі партия қатарында жоқ кіші лейтенант Исламқұлов Мұхамедқұлға тапсыруға шешім жасадым. Ол бұрынғы болыстың баласы еді, әкесі 25 жыл болыс болған, бейбіт уақытта мұнда қудаланды әрі ол «Социалист Қазақстан» газетінің редакциясынан қуылып жіберілгендей еді. Ол өте ақылды, жүрек жұтқан батыр командир болатын. Кіші лейтенант болса да, мен оны батальон командирі етіп тағайындадым. Оны осы қызметке қояр кезде комиссарыммен келісе алмай да қалдым.

Кейінгі ұрыстарда Исламқұлов батальон командирі ретінде бірнеше рет көзге түсті, полкте лайықты құрмет пен беделге ие болды. Мен оның қазасына арнап өлең жазған едім:Келбетті, орта бойлы, өжет мінез,

Кең маңдайда ақылды жайнаған көз.

Әдепті һәм өнерлі салтанатты,

Сендей жігіт анадан туа бермес –

Деуші едім ішімнен мен сені көріп,

Айтпағанмен өзіңе шын сыр беріп,

Болашақта қолбасшы болатын ер

Өткелден өтсе қиын жорық көріп.

Қия жерден қисаймай,

Тіке жүріп кетіп ең.

Сескенбестен қауіптен,

Қайтпастан алған бетіңнен.

Бірнеше қырғын соғыста

Жалтақтамай артыңа

Жігіттік, ерлік, батырлық,

Қаһармандық етіп ең.

Тосыннан тиген дұшпанға

Тапқырлықпен, әдіспен

Табандылық етіп ең.

Полкқа бұйрық болғанда,

Бір өзіңе аманат

Ерлерді табыс етіп ем.

Қан майданды қақ жарып

Шыққаныңа сүйсініп,

Біздің батыр мынау деп

Көрсетіп мақтан етіп ем.

Өршіл өжет батырым,

Ерлігіңе сенуші ем,

Қас батырдың бейнесін

Сипатыңнан көруші ем.

Ақылға да кең едің

Үлгі, өнеге көрсетер,

Ер серкесі болар деп

Ішімнен баға беруші ем.

Серігім едің сенімді

Жауды бірге шабысқан.

Жүрекке суық, жанға жат

Есіттім хабар алыстан:

Сыймай кеттің маңдайға

Қыршын, шейіт арыстан.

Қазаңа қатты қайғырып,

Жігер бауырым құм болып,

Қабырғам менің қайысқан.Тағы да бір жанға батар қайғылы сәт есімде. Біз Соколово деревнясынан кейін шегіндік, осы маңда «Дедешино» мен «Агадышево» демалыс үйі бағытында Марьино деревнясы бар еді. Бізді немістер Соколоводан тықсырып тастағаннан кейін, олар осы бағыттағы тас жолмен тіке Ленинград тас жолына шығуға ұмтылды. Біздер Тебеньки және Паладино ауданында қалып қойдық. Жауынгерлерімді шақырып алып, оларды жағдайдан алып шыққым келді. Паладиноны басып өтетін жол «Дедешино» совхозына алып баратын. Егер немістер бізден бұрын «Дедешино» совхозына жетіп, оны басып алса, онда біз қоршауда қалып қоймақпыз.

Полкымды орманға қарай бастап барамын. Жолда майор Стариков басшылық ететін 1075- полкті кезіктірдім. Бізге келіп 27 минометі бар дербес миномет батальоны, бір капитан басқарған жаяу эскадроны, яғни аттарынан айырылған атты әскерлер, 120 адам қосылды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий