Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз 150-180 шақырым жолды ұрыс жүргізе отырып басып өттік. Мақсат біреу — дұшпанды қалай болғанда да Москваға өткізбеу. Бұл еліміздің тағдыры ауыр сынға түскен уақыт еді. Мен картаға қайта шұқшиып, барлық бағыт-бағдарларды, елді мекендерді зерттеп отыр едім, осы кезде маған көп адамдар кіруге әрекеттенді, бірақ адьютантым оларды жібермеді. Крюковода шегінгеннен кейін біздер соғыса алатын Москва қаласының картасы көзіме қара дақтай-масқаралық дағындай көрінді. Москва көшелеріндегі жүргізілетін масқара ұрыстарға қатыспауға шешім қабылдап, мен өз картамның бәрінен Москва учаскесін қиып алдым да, бұл бөлікті адьютантыма беріп, «отқа жақ» деп бұйырдым. Москва учаскесі қиып алынған 31 ноябрь деп белгі қойылған картаны сіздер 19-цвардиялық полктің архивінен таба аласыздар. Карта командирге не үшін керек?

Кейінгі ұрыс қимылдарын жүргізу үшін, жергілікті жерді зерттеп, бағдарлау үшін қажет.

Мен дәл осы Крюководан әрі шегінбеуге бел будым, сондықтан да бұл картаның енді қажеті болмады, оның үстіне мына қара дақ жан дүниемді тітіркендіріп жіберді. Үн-түнсіз салт атқа отырып полкті артынан қуып жеттік. 31 ноябрь күні Крюковоға, оның батыс жақ шетіне барып бекіндік. Барлық бөлімшелердің командирлерін жинап алып, бірде-бір адал офицерге, командирге, солдатқа мен Крюководан әріге баруға рұқсат етпеймін деп шешімімді хабарладым.

Сол күні аспан төсінде ұшып бара жатқан өзіміздің самолетті алғаш рет көрдім. Осы күні рекогносцировканы аяқтап, ауданды анықтап болғаннан кейін, Крюководан әрі шегінбеу жөнінде бұйрық бердім.

Самолеттердің гүрілін есіттім. Қанаттарында қызыл жұлдыз жарқыраған біздің сұңқарлар ұшып барады, біз оларды бұрын еш уақытта көрген жоқ едік, еш уақытта әуе қырандары бізді әлі ұрыста қолдаған да емес еді, кенет олар төбемізден самғап ұшып бара жатты.

Кеудені қуаныш кернейді. Сол сол-ақ екен... о сұмдық десеңізші! Біздің ұшқыштар өзімізді бомбалай бастады! Сірә, звеноның ақымақ командиріне немістердің маңдай тұсынан шығып, бөлімдерін бомбылап, біздің әскерлердің шепке бекінуіне мүмкіндік жасауға тапсырма берілген болуы керек. Ал ол болса, бізді немістер деп ойлап қалған...Бұл авиация командирінің топографиялық сауатсыздығынан менің батальонымды немістер екен деп ойлап, бомбылауға мәжбүр еткен. Мына көз алдымда болып жатқан жан төзгісіз сұмдықтан жынданып кете жаздадым. Бағымызға қарай, олар дәл бомбылай алмаған еді. Менің өзіміздің авиаторлармен алғашқы кездесуім осылай болды. Бізге жасалынған «сыйлық» мұнымен де бітпеді. Енді бізді артиллериямен атқылай бастады.

Кейін анықталғанындай, онда «Катюша» артиллериясының дивизионы болған екен, оларды сол кезде осылай айтатын. Кейіннен дивизион командирімен кездескенімде, ол немістерді Крюковоға өткізбес үшін дұшпанның алдын атқылағанын айтты. Олармен арамызда байланыс болмаған-ды.

Міне, қазір Жоғарғы бас қолбасшының барлық бұйрығының әскерлердің өзара бірлесіп, байланыс жасап қимыл жасауына бағытталуы да сондықтан. Бұл ерекше көрсетілген. Ол уақытта бізде байланыс болмады, соның салдарынан бір күннің ішінде осындай екі сұмдық оқиғаны бастан кешірдік. Бірақ тағы да бағымызға орай, соққы дәл берілмеді, дегенмен үрейімізді әбден алды, зәреміз зәр түбіне кетті. Содан кейін бір командалық пунктке кеттік. Командалық пункт Ново-Малиноның солтүстігіне таман жерде орналасқан. Оң жағымызда қанаттас 77-полк, Матушкино мен Алабушево деревняларына, сол жағымызға 75-полк бекініс шебін құрды.

1 декабрьде, таң атысымен, оң жағымыздағы көршілес полкте, Алабушево ауданында кескілескен қанды шайқас басталып кетті. Бұл өте күшті шайқас болды. Осы жердегі ұрыста дұшпан авиациясын қолданып, біздің әскерлерімізді бомбаның астына алды. Сол күні Крюковоның батыс жақ шетінде де шайқас басталды. Дұшпан алдына Крюково темір жол станциясын басып алып, орағытып өту маневрін қолданып, Алабушево арқылы Ржавки-Матушкиноға, яғни Ленинград тас жолына шығуды мақсат етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий