Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл кезде полкымның қатары сиреп, жауынгерлерім өте аз қалған еді, осы адамдарды сергітіп, қалайда рухын көтеру қажет болды, мен жауынгерлерге психологиялық ықпал етуді айтып отырмын: командир бұлардың жанында екен, қауіп те аз. Бізде қанша адам қалғанын өз көзіммен көріп, тағы да тексеріп байқағым келді. Дивизияға генерал-майор Ревякин басшылық етті. Ол болса күш жағынан басым жаумен айқасып, быт-шыт болғандивизияны басқаруды жаңадан өз қолына алған еді. Мұның өзі менің полкым Крюковоға жақындаған сәтте болған өзгеріс еді.

Комиссарым екеуміз алғы шепті аралап шығуға бет алдық. Мен бақылау пунктіне бұрылдым, байқаусызда омыртқамнан оқ тиіп, шепті аралап көре алмадым, госпитальға да барғым келмеді.

Қорғанысты ұйымдастыруды қолға алған бастапқы кезде-ақ мен полк өзінің штабымен және полк командирінің басшылығымен бірге не осы шепте жауды жастанып өледі немесе өз позициясын ұстап тұрып қалады, Крюководан әрі қарай шегінерлік жол жоқ деп бұйрық бердім. Полк өте қауіпті, ауыр жағдайда тұрды. Күш аз, дұшпан барған сайын бүйір тұстан сығып, тықсырып келеді, мұндай кезде әскерді тұрған бекінісінен көшіру әділ болмаса керек, мұның өзі айтқан сөзінде тұрмау болып шығар еді. Жарақаттанған, көшіруге толық правосы болса да, бірақ өз полкін тастап кеткісі келмеген командирлер мен жауынгерлер аз емес еді. Ал менің адам ретінде, қарулас жолдас ретінде, командир ретінде жарақаттанғанымды себеп етіп, сылтауратып өз полкымды тастап, қауіптен құтылып кетуге қандай правом бар? Осындай ойдан кейін мен эвакуациядан бас тарттым, бірақ ант ұрған оқ шыдатар емес. Дәрігер Илья Ивановичті шақыртып алдым.

— Құрметті Илья Иванович, қадалған оқты суырып тастаңыз!

Ол маған:

— Бұған хирургиялық операция қажет, ал бізде аспаптар мен зарарсыздандырушы дәрі-дәрмектер болмай тұр, мұндай жағдайда операция жасауға қақымыз жоқ,— деді.

Мен оған жағдайымды айтып көндірмек болдым, ал ол болса қаныңа ауру жұқтырып аласың деп шошытып көнер емес. Көндірмек болған әрекетімнен ештеңе шықпаған соң, мен бұйыра бастадым, бұным да көмек бола алмады. Әйтеуір, әрең дегенде Илья Ивановичті көндірдім-ау, сөйтіп ол омыртқама қадалған оқты суырып алды.

Алғашқы күні жарақаттың зардабынан қол-аяғымнан әл кетіп, жансызданып қалды, маған төсектен тұрмай, ешнәрсеге араласпай жатуға тура келді. Мен диванда жатырмын, жауынгерлердің бәрі жарақаттанғанымды, эвакуациядан бас тартқанымды білді.

Осы жерде полк комиссары Логвиненконың еңбегін ерекше ескеріп атап өткен жөн. Осы ұрысты жеке өзі басқарды, бұл жердегі еңбек тұтас әрі толық түрде оның еңбегі болды, мұны атап өтуді әділдік талап етеді.

Ұрыс толассыз жүріп жатты. Солдаттардың бәрі ұрысқа кіріскен. Кейде полктың қарамағына кейбір бөлімдер беріледі. Бір рет маған штаб бастығы келіп, бұйрықты қолыма берді, онда менің полкіме берілген және қолдайтын бөлімдердің нөмірлері көрсетіліпті. Бірақ бұл бар болғаны нөмір ғана еді. Мысалы, 135-дербес танк батальонының аға лейтенанты келіп:

— Жолдас полк командирі, сіздің қарамағыңызға 135- дербес танк батальоны келіп қосылды,— деп мәлімдеді. Мен қуанып қалдым, «жә,— деп ойладым,— танктер келсе, бұл, сірә, керемет қолдау болғаны!» Сөйтсек, батальон дегеніміз бар болғаны тас-талқаны шыққан батальонның қалдығы ғана екен, жалғыз танк, оның үстіне бұзылған. Лейтенанттан:

— Тамақтандың ба?— деп сұрадым. Ол:

— Жоқ,— деп жауап қайырды.— Онда барып тамақ ішіп, дем алыңыз... Майданда осындай да жағдайлар болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий