Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз немістердің жолын бірінші күні бөгеп, ілгері жылжытпай тастадық. Екінші күні Крюково көшелерінде алты сағатқа созылған ауыр шайқастар жүргізілді, үшінші күні енді деревняның орталығында он екі сағатқа созылған үздіксіз кескілескен ұрыс жүргізілді.

Төртінші күні деревняның шығыс жақ шетіндегі көшелерде он сегіз сағатқа созылған ауыр шайқас болды. Оң және сол қанаттағы көрші полктердің қалай шайқасқанына тоқталмаймын тек қана өз полкімнің ұрыс қимылдарын айтумен шектелемін.

Бірінші батальонды Мұхаметқұл Исламқұлов, екінші батальонды капитан Вехов, үшінші батальонды капитан Жуков басқарды, штаб бастығы майор Демидович болды. Тоқтаған кезде барып мен Соколовода жүргізілген ұрыста, немістер біздің әскерлерімізді талқандаған кезде, өзіміздің полктың тыл бөлімдері бізді тастап кеткенін білдім. Оларға менің көмекшім Кравчук, доктор Илья Иванович Гречишкин және мал дәрігері Грязин бас болып ұрыс Москвада жүргізіледі деп шешіп, солай қарай тартып отырған. Адамдарды тамақтандыру, киіндіру керек, оқ-дәрі қажет, санитарлар, дәрігерлер керек, ал олардың арамызда бірде-біреуі жоқ. «Менің тылым, қайдасың?»— деп сұраймын. Штаб бастығының көмекшісі лейтенант Иван Данилович Курганский болатын. Мен оған қалай болған күнде де тылды іздеп тапқын деп бұйырдым.

Жағдайдың қандай ауыр болғанын түсінемісіздер! Үздіксіз алты сағатқа, содан кейін он екі сағатқа, бұдан соң, он сегіз сағатқа созылған әбден титықтаған ауыр шайқастан соң, жаралы жауынгерлер қатты қансырап, ал біз дәрігердің көмегінсіз қалдық. Бізде жалғыз әскери фельдшер Киреев шал мен санитарка Вера ғана бар еді. Міне, осы санитарка мен фельдшер дәрігерлер мен санитарлардың міндетін атқарды, жаралыларға көмек жасады, жауынгерлерді ұрыс даласынан алып шықты, ол екеуі ұрыстың барлық ауыртпалығын өз иықтарымен көтере білді.

Осы кезде көрші полктан әлдебір әйелдің келе жатқанын көріп қалдым.— Бізде фельдшер болып істейсіз бе?— дедім, ол:

— Мен өнер адамымын,— дейді.

— Бұл жерде сырласуға уақыт жоқ, фельдшер болып істейсің,— дедім.

Сөйтіп біз оны алып қалдық. Ол қазір Москвада. Кейін тексеріп едім, ол шынында өнер адамы болып шықты. Бұл әйел дәрігерлік пунктте дәрігердің орнын алмастырды.

Сіздер ұрыстың зардабын түсінемісіздер: біреудің қолы сынып, етіне ілініп қалған, екінші біреудің саусағын оқ жұлып кеткен, енді біреулер одан да ауыр жарақат алған, қолдануға ешбір дәрі-дәрмек жоқ. Не істеу керек? Қолда бары Вера, Киреев және көмекшілері.

Осылар жаралы жауынгерлерді алып шығуда. Қалай ашуланғанымды, бізді осындай ауыр жағдайға қалдырған кінәлі адамдарға ызаланғанымды түсінерсіздер. Әсіресе, Илья Иванович Гречишкинге лағынет жаудырғанымды ұғынарсыздар. Жағдай тым ауыр, ұрыс толассыз жалғасуда. Мен немістер кете қойған жоқ па екен деп байқап көргім келді, осы кезде жүріп бара жатқан мені әлдекім ту сыртымнан ұстаған күйде жұлқа кері тартып қалды. Бұл Гапоненко болатын.

— Бармаңыз, жолдас полк командирі! Болмайды!

Сөйтсек, бір үйден кейін неміс аңдып тұр екен, кімде-кім көшені қиып өтпек болса, оның жемтігіне айналмақ. Гапоненко мені осылайша ажалдан алып қалды. Қалтамнан партсигарымды шығарып темекі тартып, жаңағыны еске түсіріп күліп алдық.

Вера қолды-аяққа тұрмай бәйек болып, жаралыларға Киреевпен бірге көмектесіп жүр.

Кешке жақын ұрыс толастады, біз бәрібір станцияны қолдан шығармай ұстап қалдық, ал деревняны немістер басып алды. Он сегіз сағат бойы тоқтаусыз жүргізілген соңғы шайқас.

Мен диванға келіп отырдым, жаныма комиссарым жайғасқан күйі ұйықтап кетіппіз.

Иван Данилович Курганский менің тыл да жұмыс істейтін қызметшілерімді Москваның ар жағынан тауып алыпты. Олар жақында тана қысқы киім-кешек алған екен. Ол оларды маған алып келді, міне, мені күтіп отыр. Бөлме жылы, олар үстеріндегі келте тоннан ыстықтап, терлеп-тепши бастапты. Дегенмен Иван Данилович мені оятты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий