Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ей, Мұхаметқұл! «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген халқымыздың мақалы есіңде ме? Бұл «Арым — жанымның садағасы» деген сөз. Менің бұйрығым - осы.

Бір аптадан кейін бұл ұрыстың сипаттамасын қағаз бетіне қазақ тілінде жазып түсірдім, қазір ол дивизия архивінде.

Жарты сағат өтісімен Мұхаметқұл телефон соқты:

— Шабуылға шығып барамыз.

— Жарайды, барыңдар,— дедім. Бес минуттан соң тағы да телефонмен хабарласып:

— Кеттік,— деді.

Ол жан-жақтан жиналған 45 адаммен жауға қарсы шабуылға шықты. Оны тоқтатпақ болған екен, бірақ ол көнбеген, немістердің тас-талқанын шығарып, мықты соққы берген.

Жағдай қалпына келтірілді. Исламқұловтың сәтті жасаған қарсы шабуылынан кейін барып өзімізді айтарлықтай қолайлырақ сезініп қалдық.

Кеш түсті. Пшеничныйды — обозбен, азық-түлікпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығын, Алыпсатаровты, алдыңғы шептен Бозжанов пен Сулиманы шақыртып алдым да:

— Азық-түлікті жеткілікті етіп алыңдар, сол және оң қанаттағы жауынгерлерге апарып беріңдер,— деп тапсырдым.Телефонмен барлық майдандағы әрбір солдатқа кешкі тамаққа бір килограмнан колбаса және ішімдік беріледі, байланысшыларды жіберіңдер деп, хабарлаңдар деп тапсырма бердім.

Мұндай хабар тез, тоқтаусыз жетеді. Жіберген жауынгерлерім аралап, түннің бір уағында қайтып оралды.

Не нәрсе анықталды десеңізші: жалғыз өзім ғана қалдым деген командирдің — 45 адамын, 7 адам қалдық дегеннің — 70 адамын, Исламқұловтың — 55 адамын таптық. Бұл санды комиссарыма беріп:

— Мә, оқы. Енді Жуков маған ренжімей-ақ қойсын. Сізбен таласып едік, кімдікі дұрыс болып шықты? Батальонның тегіс қырылып, командирдің тірі қалғанына мен сенбеймін. Ал егер тірі қалса, соңғы демі біткенше шайқасып өлуге тиіс. Осындай қорытындыдан кейін барып мен Жуков пен Ветховты ұрысқа жібердім, егер полкте жалғыз қалған болсақ, онда солдаттардай біз де айқасқа кірер едік,— дедім.

Сөйтсек, жауынгерлеріміз ешқайда да кетпепті. Батальон командирі өз солдаттарын жоғалтып алған, ал жауынгерлер шын мәнінде жаумен айқасқан, солдаттардың енді бір бөлігі қалқада тұрып, панаға жасырынып ұрыс салған. Ержүрек солдаттарымыздың даңқы арта берсін дейік! Осындай дозақтың ішінде батальон командирлері жауынгерлерін басқара алмай, адасып қалған. Осыдан кейін барып былай дедім:

— Ал енді өз қызметкерлеріңізді жіберуге әрекеттеніңіздер, олар өз адамдарын басқара білетін болсын. Ұрыста солдаттарды басқара алмағаны үшін қатаң жазалануға лайық, бірақ әрқайсысы өз парызын адал орындап шыққандықтан, кінәларын кешіремін.

Сөйтіп әрқайсысын бұрынғы қызметтеріне қойдық, полк ертеңіне өз батальон командирлерінің басшылығымен ұрысқа қайта кірді.

1941 жылғы 8 декабрь күні 8-гвардиялық дивизия оң жақ және сол жақ қанатындағы басқа бөлімдермен бірлесе қимылдап, ортада 1073-полк, сол жағында 1077-полк, оң жақта 1075- полк ұрыс жүргізе, біздің әскерлер қарсы шабуылға көшті, жердің астан-кестеңін шығарған төрт сағатқа созылған артиллериялық даярлықтан кейін немістерді Крюково станциясы мен деревнясынан қуып шықтық, сөйтіп көп олжаға кенелдік. Бір ғана 1073- полк учаскесінде жаудың 18 танкісін қолға түсірдік. Дұшпанды өкшелей тықсырып Истраға дейін жеттік, Истраны өрт шалған, дұшпан шегініп бара жатып, жолды әбден миналап, арьергардты ұрыс жүргізді.

Біздің әскерлеріміз Истраға келіп жетті, ал дұшпан болса өзеннің арғы бетіне өтіп үлгеріпті, жауды ізімен Волоколамскіге дейін қуып келген өзге бөлімдер де жетіп үлгерді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий