Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы жерде Говорованың оңтүстік жағында Матушкиноның солтүстік-батысында жұмысшы поселкесі бар, бұл маңда менің полкым, біздің оң жағымызда 77-полк, ал сол жағымызды ала 7 5-полк бекінді. Дивизия штабынан Матушкино мен Алабушевоның үстімен кейін шегініп, әскери-топографиялық ұғым бойынша, деревнялардың батыс жағына, ал шын мәнінде станцияда — Крюково елді мекенінде қорғаныс шебін құруға жауынгерлік жарлық, бұйрық келді. Әйтеуір бір шешім қабылдар алдында командир жергілікті жерді картадан мұқият түрде қарап, зерттеп біліп алуы қажет. Адьютантым сұңғақ бойлы, көк көзді, адал, әдепті, тәрбиелі, мәдениетті украин жігіті лейтенант Сулима болатын. Егер адъютант парасатты, жұмысқа қабілетті адам болса — жақсы көмекшім бар дей беріңіз. Адъютант командирдің қас-қабағынан түсіне білуге, оған жемісті жұмыс жасау үшін барлық жағдайды жасауға, өз командирінің уақыт режимін реттеп отыруға тиіс. Сулима іштегіңді айтпай қас-қабағыңнан танитын дәл осындай жеке дара адьютантым болды. Оған дейін де, одан кейін де нағыз адьютант дейтіндей адьютантым болған емес. Сулимаға азырақ тоқталып, оның ерекшелігін сипаттап өтейін.

Командир бір мәселенің түйінін шешу үшін ойланып-толғанып жұмыс істеп отырған кезде, Сулима оның көңілін өзі де бөліп алаңдатпайтын, басқалардың да кедергі жасауына жол бермейтін. Ал бұл — кез келген адьютанттың қолынан келе бермейтін іс. Біздің көптеген жас жауынгерлеріміз өз міндеттерін осылайша түсіне алмайды. Ал адьютанттардың көбі өз міндеттерін малайдың ісіндей көріп түсінеді — бұл дұрыс емес.

Оның үстіне Сулима жаудан тайсалмайтын өте өжет, батыл солдат болды. Повесть үшін айтқан әңгімемде мен оның портретін беруге күш салдым. Бек мұны кітапта сәтті бере алар деп ойлаймын.Крюково бағытын қарап зерттей бастағанымда, алдымда жаюлы жатқан картамның оң жақ бұрышы көзіме тұтас қап-қара қара дақтай шалына берді. Циркульмен арақашықтықты өлшеп едім, біздер Москвадан 30 шақырым-ақ жерде тұр екенбіз. Крюковоның маңын зерттеп, барлық бағыттарды көріп шығу қажет. Жергілікті жерді тек бір бағытта ғана зерттейтін командир қателеседі. Шабуыл жасайтын, шегінетін жолдарды жан-жақты ойластырып, терең қарастырып барып қана шешім қабылдаған жөн.

Біздер амалсыз кейін шегініп барамыз. Көкейден Крюковода табан тіреп тұра аламыз ба, жоқ па деген сұрақ кетпейді. Егер бекініп, тіресіп тұра алмасақ, онда тағы да қай мекенге барып бекіне алмақпыз? Крюковода жаудың бетін қайтарып, бекіністі ұстап тұра алмасақ, онда аялдайтын жеріміз тек Москва ғана болмақ... Сіздердің бәріңіз де бұл кезде Москваның қандай жағдайда тұрғанын жақсы білесіздер. Астананы жау самолеттері үсті- үстіне бомбалады. Москвалықтар үшін масқара болған, дүкендерді тонап, бағалы нәрселердің бәрін алып, басы ауған жаққа қашқан бұл 16 октябрь жұрттың бәрінің де есінде болар. Маған бұл оқиғаның куәгері айтқан еді.

Батальоныммен 27 ұрыс жүргізсем, ал полкыммен 13 шайқасқа кірдім. Соңғы ұрыстардан кейін қатарымыз мүлдем сиреп, полкым полк болудан қалды, бұл шайқастарда шыңдалған шағын ғана ержүрек адамдардың тобы дерлік болатын, саны батальоннан аспайды, бірақ полк болып аталады, оған талап та полк ретінде қойылды. Амал не! Крюковода шайқасып, шамасы Москваға бір ротадай жауынгермен жетерміз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий