Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Доватор тобының сіңірген еңбегінің мәні мынада еді — оның тобы Солнечногорск қаласының оңтүстік жағынан оң қанатты - темір жол мен тас жолды қорғап тұрды, бұл жолдармен неміс әскерлері Истра тоғаны мен Истра қаласындағы барлық біздің әскерлеріміздің тобын қоршауда қалдырып, бұғаулап, оңтүстіктен бір-ақ шығуға күш салған еді. Осы кезде Истра тоғанының тоспасы жарылды, оны істеген әскери инженерлер емес, сірә, үрейі ұшқан топ болса керек. Біз тоғанға келіп жеткенде өзіміздің Шу өзеніндей болып Истра өзені ағып жатыр екен. Тоспа жарылғаннан кейін, буырқанған еу тасқыны басылып, арнада қалған судың бетіне біздің әскерлеріміз өте алатындай қалың мұз қатып үлгермепті. Жаяу әскер мен жеңіл артиллерия өте алды, подполковник Курганов басшылық ететін 27-гвардиялық артиллериялық полктің бірнеше ауыр зеңбіректері мұз ойылып, судың астына батып кетті (кейіннен бұл зеңбіректерді судың астынан шығарып алдық, оны кейінірек айтып беремін).Алдымен біздің әскерлер тоғанның сол жақ жағалауына келіп бекінді, біз келіп тоқтаған кезде, немістің 60 танкісі Лопастино мен Струсово деревняларына басып кірді.

Лопастино әжептәуір үлкен деревня: оның орналасқан жері еңіс, айналасы ашық, ал шығыс жағын жота алып жатыр, осы жотаның үстіне он үй тұрғызылған екен, содан қыстақ «Десятидворка» деп аталып кеткен.

Ұрыс жүргізе отырып, Павлино, Трусово деревняларының солтүстік-батысына шытып шеп құрдық, менің батальоным сол қанатта тұрды.

23 ноябрь күні «Десятидворкадағы» әрбір үйде 20-30 немістен түнеп жатыр деген хабар алдық, далада қатты аяз, бәрі үйді-үйге тығылған. Мен бұл кезде Елиннің бөлмесінде болатынмын, ол маған:

— Қалай ойлайсың, соғатын кез келген жоқ па. Ойланып көр, содан соң шешіміңді мәлімдегін,— деді.

Біз мұны айналып өтіп барып жүзеге асыру керек деген шешімге келдік, бірақ ол үшін он екі километр жерді орағытып бару қажет еді. Біздер өзімізбен бірге бір станокты пулемет, екі миномет, бір 45 миллиметрлік зеңбірек, снарядтар мен екі адамнан тұратын расчет алдық, қалған жауынгерлерді Хабиболла Рахимовтың қарамағына қалдырдық.

Он екі километр жол жүріп, орманға келіп ендік. «Десятидворка» орман шетінен бес жүз метрдей жерде тұр. Түнгі сағат бірде немістер шырт ұйқыда жатқан кезде былай жасалынбақ. Ең алдымен немістерді жатқан үйден сыртқа қуып шығып, содан кейін оларды көшеде ату керек деп ұйғардық. Ол үшін әрбір үйді атқылауға 30-40 брон бұзғыш снаряд берілді, үй атқыланған кезде немістер сыртқа қашып шығады. Танкіге қарсы ататын снарядтың екінші бір артықшылығы — оның оғы жарқырап ұшады, ал мұның өзі үрейді күшейте түседі. Осы мақсатпен мен қарудың ішінен әдейі 45 милиметрлік зеңбіректі таңдап алдым, ондағы ой атқылап, немістерді көшеге қуып шығу, содан кейін оқпен жайпау болатын. Алдымен біздер үйге он снарядтан жұмсадық, айналаның бәрі әп- сәтте астаң-кестеңі шықты. Немістер далаға сүріне-қабына ұмтылып, тым-тырақай зыта жөнелді. Осы күткен сәтте деревняға сексен мина аттық, станокты пулеметпен деревняның оң жағынан сол жағына қарай сыдыра екі лента оқты қарша бораттық.

Түнгі, қапылыста жасалған шабуылымыз бар болғаны бес-алты-ақ минут уақытқа созылды, содан кейін бұрылып, ізінше кері қайттық. «Десятидворкаға» жасалған шабуыл жөнінде орыс тілінде жазылған жазбам бар, оны біреуге берген едім (Бекке немесе Тәжібаевқа бергенмін).

Таңғы сағат бесте өзімізге оралдық, батальон штабында өзімнің бастығымды жолықтырдым. Ол болса, біздің жауынгерлердің немістерді атқылаған кезінде, дұшпанның оқ та шығара алмағанына аң-таң болған екен. Сөйтсек, аңдаусызда бас салғандықтан жау ешнәрсе де істей алмай сасқан екен. Біз тұрған орнымыздан кейін шегініп кеткен кезде барып қана дұшпан ес жиып, сол тұсты ауыр снарядтармен таң атқанша атқылап шықты. Біз болсақ:

— Ізімізді де таппассың, ата бергін,— дедік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий