Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Логвиненко менің жиырма жеті ұрыс жөнінде жазылған қойын дәптерімді, батальонның Рахимов жасаған сызба карталарын алып кетті, кейіннен оларды қайтармай жоқ қылды, бізге бұл туралы ләм-мим деп тіс жармады. Өкінішке орай Петр Логвиненко сияқты адамдар біздің арамызда бірен-саран емес. Егер адам өлсе немесе жарақаттанған болса, мұны ерлік іс деп есептей алмаймын. Оның аруағын, қаза болғандардың аруағын құрметтеу, сыйлау бұл мүлде басқа мәселе ғой, отанымыздың бостандығы мен бақытты өмірі үшін шыбын жанын қиып, қанын төккен кез келген жауынгерлерді жоқтап қайғырып, егілемін, бірақ мен солдаттың өлімін немесе жарақат алуын ерлік, батырлық деп айтуға үйренген жан емеспін. Жүзден астам ұрыстарға қатысып, бірде-бір жарақат алмаған жауынгерлерім бар, егер олардың оқ қағарлары болса, жарақаттанбағанына кінәлі емес шығар. Сондықтан Талғар полкінің құрылуының бір жыл және екі жылдығында мен зақымданбаған, жарақаттанбаған байырғы талғарлықтарды да Қызыл Жұлдыз ордені мен медальдарға ұсындым. Маған кейбір командирлер:

— Олар не жарақаттанбаған, зақымданбаған, соғысқа қатысты дейтіндей емес қой,— деді.

— Жауынгерлерімнің арасында алдыңғы позицияда болып, жүздеген ұрысқа қатысқан адамдар бар, бұл — олардың ерлігі, ал егер оларға қаңғыған оқ тиіп жарақаттамаса, мерт етпесе — оған олар кінәлі емес,— деп жауап қайырдым. Наградталған адам міндетті түрде жарақат алған болуы керекдеген ұғым қалыптасып кеткен (күлкі), жауынгерді наградтау үшін мінездеме жазуға тапсырма берсең, кейбіреулер:

— Не жазамын, оның бес мүшесі сау ғой,— дейді шімірікпей. Ал біздің әскери тілшілер болса, үнемі бұдан үлкен бір ерлік дастанын іздеуге дайын тұрады, олар Панфиловтың қазасы туралы да осылайша түсіндірмек. Шын мәнінде жағдай былай болған.

Генерал Панфилов дивизиясының штабы Гусеново деревнясында болатын. Панфиловтың жеке өзі кейде майдан шебінен 200-300 метр жерге дейін барып аралап көретін. Штаб жауынгерлер тұрған жерден әрі жылжыса болғаны, мұның өзі адамдардың көңіл-күйіне жағымсыз әсер етеді деп генерал үнемі айтып отыратын, осыған байланысты Панфиловтың өзі де кейін кетпейтін, штабқа да соңғы сәтке дейін кейін жылжуға рұқсат бермейтін.

Енді майдан шебі жақындай түсіп, немістер біздің әскерлерге таяп қалды. Генерал жағдайды көзбен көрмек болып сыртқа шықты. Осы кезде рота келе жатады. Генералды байқап қалған командирі лезде жауынгерлерін сапқа тұрғызып, генералдың алдынан әскери сәлем беріп өтпек болады — жау нысанаға алып ата бастайды. Панфилов ротаның әскери сап түзеп келе жатқанын көріп командиріне айқайлап:

— Жолдас командир, көріп тұрсыз ғой, жау атып жатыр, ыдыраңдар, тараңдар... — дейді.

Ал анау болса генералдың айтқанын ұқпай қалады. Панфилов қайталап:

— Тараңдар, қазір бәріңді жайпап кетеді, бұл жер парад емес?— дейді.

Осы сәтте 20 метрдей жерге келіп мина жарылып, кішкентай жарықшағы Панфиловтың жүрегіне қадалады.

Көптеген тілшілер: «Отан үшін, алға!» деп оны айқайлап ұрысқа бастағандай етіп жазады.

Әрине, бұл өтірік. Өлер алдында генерал жауынгерлерінің жабырқаңқы жүздерін көріп «өмір сүремін!» деген бір ауыз сөзге ғана тілі келген. Жауынгерлерінің абыржуын басып жігерлендірмек болған шығар. Басқа сөзге келе алмай көз жұмады.

Панфиловты өлер алдында басын көтеріп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий