Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Саптан Хасанов шығып, менің атыма бірнеше мақтау сөздер айтып, немістің он есе үлкейтіп көрсететін дүрбісін ұсынды. Одан кейін Филимонов кезек алып, мені жауынгерлер және рота атынан құттықтап, маған неміс пистолетін табыс етті. Әрине, мұның бәрі мерейімді бір көтеріп, көңілімді жадыратып тастады. Осы сәтте сұлу, көк көзді, орта бойлы украин жігіті Грицько Проценко саптың алдына шықты да, қолын көтеріп маған қысылыңқырай былай деді:

— Жолдас аға лейтенант, бір-екі ауыз сөз айтуға рұқсат етіңіз?

— Сөйле, Грицько. Бері кел.

Проценко қобалжыған күйі ортаға келді. Алғашқы сөзін кібіртіктеп, шашыраңқы бастағанымен, сұлу да қарапайым сөйледі. Ол бастан өткерген қиын күндерге, бес қоршауда қалып, аман шыққанымызға, жиырма жеті ұрысты ауыр жағдайда өткізгенімізге тоқталып, менің атыма бірнеше мақтау сөздер айтты. Мені украинша «батько» деп атап, сөзін былай аяқтады.

— Сіз, біздің батькомызсыз. Мына сағатты неміс майорының қолынан шешіп алдым.

Сіз «атыңыздар» деп бұйрық бергеніңізде, мен оны атып өлтірген едім. Міне, документтері. Мұның бәрін өз достарымның алдында сізге табыс етемін...Саптағылар Проценко жолдасқа көздерімен сүйсіне, сенім арта қарады. Мұны ол да, мен де, Москва түбінің сыңсыған орманының аязды құшатындағы бәріміз де сездік.

Мен оның сыйлықтарын қабыл алып, бірінші ротаның командиріне:

— Бірінші ротаның командирі, жолдас Проценко қалай соғысты? Жұртқа баян етіңіз, - дедім.

— Жарайды, жолдас комбат, жарайды,— деп ата лейтенант Филимонов сөйлеп кетті.

— Түсінікті, Грицько,— дедім мен отан бұрыла қарап. — Былай болсын: документтерді мен алайын, алтын сағат өзіңде қалсын. Бұл саған бесінші қоршауды бұзып шыққанымыз және жиырма жеті ауыр ұрыс, әрі батальонымыздың мына аяз құшатындағы «жиналысы» туралы ескерткіш болсын...

Сағатты қызарыңқырай, қысыла алғанымен, бір минуттай ойланып тұрып, батальонның қол соққан қошаметіне бөлене маған сағатты қайта ұсынды.

— Жоқ, батько, сіз алыңыз. Мұның маған керегі жоқ. Сізге деген сыйлығым болсын.

— Сенің маған сыйлығың — жақсы соғысқаның. Сол үшін саған рақмет. Ал мына сағатты былай тағып жүр, — деп білегіне тақтым.— Жауды біржола жеңген соң, егер өзіңе керек болмаса, сүйген қызыңа сыйлайсың.

Батальон ду күлді. Проценко қысыла түсіп:

— У мэне дывчины немае, наше вони мине здались,— деді украиншалап (залда күлкі).

Батальон тағы күлді.

— Жоқ, жоқ, бауырым,— дедім мен оған қарсылық білдіріп.— Егер сүйген қызың жоқ болса, табуға тиіссің. Мұның қалай?.. Біз сүйкімді қара көз қыздар үшін соғыспай, кім үшін соғысып жүрміз?! — деп жалғастырдым әңгімемді. Біздің жерімізде еркек — діңгек, әйел — гүл. Діңгек жапырақсыз, гүлсіз, орысша айтқанда «сушняк», қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел — құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Сені мен біз сол дәннің «жемісіміз» әрі жаман «жемісі» емес сияқтымыз.

Жауынгерлерім де, Грицько да күлді.

— Әйелсіз, бауырым, адамзат «жемісі» ешқашан да болмайды. Әйел — бізге ана, жар, әйел, біздің сүйікті балаларымыздың анасы, ал соғыста олардың кейбірі біздің жауынгер серігіміз.

Ендеше, Грицько, оларды ұрыста ұмытуға мүлде болмайды... Ал, жарайды, бар, сағатыңды тағып жүріп, шайқас, бауырым. Соғыс біткен соң, өзің сағатыңды сыйлайтын қызыңды әрдайым есіңде ұста... Біз қозғалып дивизиямыздың штабына бардық.

Полковник Шелудько дивизия командирі болыпты. Штабқа ендім. Сіздер командирдің даңқы артып танымал болған сайын оны елдің өте сүйе түсетінін, ал одан қапыда айырылғанда жұмыстан береке қашатынын білерсіздер.

Мұны мен дивизияма келгенде бірден аңғардым. Ары-бері сапырылысқан жұрт, бос сенделіс. Дивизия штабының бастығы да жаңарыпты. Қысқасы, мен өз дивизиямның штабын танымай қалдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий