Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бізде егер дұшпанды өлтірдің бе, онда оны дәлелдегін. Осындай нұсқау болатын. Құр сөзбен 10-15 немісті өлтірдім дегенше, көз жеткіз, дәлелде. Ол үшін жауынгерлерге өлтірген дұшпанның қалтасын қарап, документтерін алуға тапсырма берілді. Себебі аңғашыққандай ұрыста да қиыстырып айту кездесетін. Жауды қарауылға алса болды, өлтірдім деушілер де бар. Бір дұшпанның көзін жойса, он дұшпанның көзін жойдым дейтіндер де табылатын. Осыдан келіп, жауды өлтірдің бе, документ арқылы дәлелде деген бұйрық берілді.

Мен «алға!» деп бұйрық бердім. Машиналардан секірген кезде оққа ұшқан елу-алпыс немістің өлігі жатқан жерге бәріміз атыла ұмтылдық. Мен жеңіл машинаның жанында өліп жатқан неміс офицерінің қасына жете бере жауынгерлеріме бұрыла қарап: «Документтерін алыңдар!» - деп айқайладым.

Шашы сап-сары жау офицерінің документтерін ешкім алып үлгермеген шығар деп ойлап, төмен еңкейсем, қалтасының аузы ашық, білегінде сағаттың ізі қалыпты. Кім алып үлгерді екен?

Жаныма Бозжанов келді. Екеуміз машинадағы радиостанцияны, документтерді алдық. Бұл штаб машинасы екен. Оны танкіге қарсы қолданатын гранатамен жарып, орманға еніп кеттік.

Асуда аялдадық. Батальон штабының бастығы Рахимов: «жер жағдайын бағдарлап алуымыз керек, рұқсат етіңіз», - деді. Мен: «бар, рұқсат, бағдарла», - деп рұқсат бердім.

Ол өзінің тапсырмаларын орындаушы қызметкерін ертіп кетті.

Біз темекі тартып отырмыз. Лейтенант Буранаевскийдің взводы немістер аңдаусызда бас салмауы үшін үлкен жол жаққа күзетке қойылған болатын.

Әңгіме-дүкен құрып, темекімізді тартып отырмыз... Кенет Буранаевскийдің взводы «немістер, немістер!» деп айқайлап, тым-тырақай қашып барады.

Мен бірдеңе деуге үлгере алмай қалдым. Қоршауда төрт күн бойы ұрысқан ержүрек жауынгерлерім үрейленіп, бет алды қаша бастады. Қоршаудан үлкен қиындықпен алып шыққан танкіге қарсы қолданылатын ат жегілген екі зеңбіректі тастап кетті. «Төрт рет қоршаудан аман шықтық, мына зеңбіректерді тастамай, алып жүреміз деп барлық кезде азап шектік, қандай қиындық болса да қалдырғымыз келмеді. Тіпті жалғыз аяқ жолмен алып жүру ауыр боп, басқа жол іздеген кезіміз де болды, кідіріп жауынгерлеріміз зіл батпан зеңбіректерді иықтарына сап, көтерді. Енді бұл қаруларды тастап бара жатқанымыз қалай?» - деген ой миымның түкпірінде жылт ете қалды. «Қалайша бәрі құрдымға кетпек?» Мен мүлде мазасыздандым. Панфиловтың «Құрбандыққа жіберілген батальон» деген сөзі естеріңізде шығар? Ал біздің батальон әлі аман. Енді, міне, немістер көрінді де, солдаттарым бас сауғалай, тым- тырақай қаша бастады. «Шынымен бәрі құрдымға кеткені ме?!» - деп ойладым. Есеңгіреп тас болып қатып қалғандаймын. Бір кезде қарасам, шынында да 100-150 метрдей қашықта жиырма шақты неміс, бір кішкене жеңіл танкі ентелеп келеді. Бұйрық та, жарлық та бере алмай абдырап, қалшиып, мұқалып қалған бір сәт туды. Басымда «қалайша бәрі құрдымға кетпек?» деген жалғыз ой.

Кенет саяси қызметші Федор Дмитриевич Толстуновтың әмірлі даусын естідім.

— Командирлеріңе, комбатқа қараңдар! - деп айқайлады. — Ол жалғыз қалып, сендер қашып барасыңдар! Ар-ұяттарың қайда, кері қайтыңдар!

Бұл дауыс жауынгерлерге де жетті. Іле жанымнан ысқыра зулап ұшқан оқтардың ысқырығы естілді. Осы сәтте батальоным түгел кері бұрылды. Филимоновтың бұйрығы естіліп, жауынгерлерім жауға қарай лап қойды. Мен әлі де өз-өзіме келе алмай тұрмын.Шын мәнінде өн бойымды үрей билеп-төстеп алған екен. Толстунов секілді саяси қызметшінің солдаттың ар-ұятына әсер ете алуының мәні қандай болды десеңізші.

Қысылшаң сәтте жауынгерлердің үрейін басып, кері қайтарған оған мен қарыздармын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий