Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екі жолдың айқасқан жері Матренино станциясын лейтенант Филимонов басқарған 120- атқыштар үш күннен бері қорғап жатыр. Жігіттердің беліне қыстырып жүретін кішкене күректерінің тоңған жерге тісі өтіп, еш болмаса белуардан жер ошақ сықылды шұңқыр окоп та қазып ала алмады.

Азанда он бес самолет келіп станцияны бомбылап, атқылап ойран салған. Есімізді жинап алғанша зуылдап ұшып, күрсілдей жарылып, зеңбірек, миномет оқтарының түрлі-түрлісі жауа бастады. Тоқтар емес. Ызыңдап ұшқан шойын жаңқа бас көтертпейді. Күндізгі сағат 12-ге дейін жаудың істеген қылығы - атқылау мен бомбылау болды.

Зеңбіректің оғынан пайда болған жер ошақтай шұңқыр жерді паналағанның жаны қалады. Снаряд тап үстінен дәл түспей қасыңа келіп жарылғанда, ауа толқыны жаныша соғып, құлағыңды шың еткізіп, қопарылған топырақпен тірідей көміп, біраз уақыт есіңді есеңгірете шығарып, басып қалғаны болмаса, қан шығарып залал етпейді. Сол себепті сондай атыстың астында әскерлердің бетегеден биік, жусаннан аласа күй кешіп, жер бауырлап, ой, шұңқыр іздейтіндері қорқақтық емес — тіршілік, аман қалудың, соғыстың бір әдісі, айласы деп тану керек.

— Неміс қояр емес қой. Не көрінеді? - деп сұрадым Филимоновтан.

— Иә, қояр емес. Бізді атқылап-атқылап, топырақпен араластырып күлімізді көкке ұшырып, ойы шамамда, тапа өлігіміздің үстіне келмек қой деймін, - деді.

— Жау әскері көріне ме?

— Орманның шетінде бес-алты жүздейі жиналып жатыр. Мына қоймай атып жатқаны, шабуыл жасап, жаяу әскерін шығынға ұшыратқысы келмегені ғой.

— Олай болса, тап соның ойындағыдай-ақ болсын. Соның-ақ тілегі орындалсын.

Шығынсыз алам деген станциясын алсын. Ротаңа бет-бетіңмен бытырап, үрейлене, жоғары көпірге қарата қашыңдар деп бұйрық бергін, - деп ем, Филимонов таң қалып: - Не деп тұрсыз, жолдас комбат? - деді.

— Солай, жаңылыс есіттім деп тұрсың ба? Менің бұйрығым солай, барғын, - дедім.Жүз жиырма жігіт орындарынан тұра салып, алды-артына қарамай, бет-бетімен тым- тырақай, станцияны тастап зытып берді.

— Халт, алт (тоқтат)! - деген дауыс неміс жақтағы орманнан шықты.

Демнің арасында зеңбіректер атуын тоқтатты. Немістер орманнан шығып, төрт-төрттен қатар түзеп, лек-легімен (роталарымен) салтанаттанып қыстақ пен станцияға кешікпей-ақ кіріп келді. Біздің жігіттер көпірдің астына жиналды.

Ол кезде немістер солдаттарына:

— Мына қыстақты, қаланы алсақ, барлық бағалы нәрселер сенікі — талап алуға еріктісің. Барлық сұлу келіншектер, сұлу қыздар сенікі - зорлап, қорлауға еріктісің,- деп айуан мінезді құзғындарын соғысқа салатын еді. «Бес сағат есінен таныта атқылағаннан кейін станцияны қорғап жатқан қызыл әскер қашып кетті, ешқандай қауіп жоқ» деп ойлады білем, сор маңдай жау командирі станцияға ене салысымен-ақ солдаттарын елді тонауға қуып, үй-үйге таратып жіберді. Кейбіреулері тауықты, кейбіреулері шошқаны қуып, ұстай алмай жүр. Ақыры қыстақтың шет-шетіне қарауыл қоюды да ұмытты. Бәрі тап нағашысының үйіне келгендей бейғам.

Отыз-қырық минут өткеннен кейін, қызыл тұмсық болып, оңай олжаның қызығына батты- ау деген кезде көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырықтан үш топқа бөлдім. Оларға Филимонов, Хабиболла Рахимов, Жалмұхамбет Бозжанов бастық болып тағайындалды.

— Ал жігіттер, біз станциядан 200-300 метрдей жерде тұрмыз. Мылтықтарыңды серт ұстап, қыстақтың үш жағынан бір мезгілде жүріп бара жатып атқылап, «ура!» деп дауыстарыңмен барынша айқайлап, шабуыл жасап, тиіңдер. Немістер мына бейғамдығының игілігін жақсылап көріп, сендердің оқ, найзаларыңның дәмін татсын.

Барыңдар, жолдарың болсын, тәуекелге бел байладым, - деп жарлық еттім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий