Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Біз бұл жерде қорғанысқа бекінеміз. Немістер онымызды жақын күндерде бұзып өтеді, бізде екі эшелон жоқ. Дивизиямыздың екінші эшелоны сіздер болып табыласыздар. — Маған қарап алып, - білесіз бе, мен сіздердің батальондарыңызды қатерге тігіп отырмын, жиырмасына дейін 235,1 белгіде Горюны, Матренино шептерінде жауды ұстап тұрыңыздар...

Мен: «Немістер әлі келген жоқ. Ол маған осындай міндет қойып және батальонды қатерге тігіп отырмын дейді. Барлық командир өз қол астындағыларға бүйтіп сыр аша бермес», - деп таң қалдым.

15 ноябрь күні қорғанысқа көштік. 1941 жылдың 16 ноябрінде немістер шоғырланып, Волоколамскіде шайқасқан күштерін қалпына келтіріп, қуатты соққылармен майдан шебін үш жерден бұзып өтті: оң қанаттағы Буйгород ауданында Шехтманның 1077- атқыштар полкі бөлімдері қиян-кескі ұрыс жүргізді. Авдотиньо ауданындағы 690-полктың майдан шебі де бұзылды, полкке берілер негізгі соққы сол қанаттан Ченцы ауданынан жасалды. Екінші негізгі соққы 1075-атқыштар полкінің Дубосеково ауданындағы учаскесінде орап өту маневрі арқылы жүзеге асырылды.

Бұл Москваға шабуыл жасаудың екінші кезеңі еді.

1941 жылдың 17 ноябрі біздің дивизияның солдаттары мен офицерлерінің жаппай ерлік көрсеткен ерекше күн болды. 28 батырдың қимылы жаппай ерліктің үлгісі деп әділетті түрде аталып жүр. Дегенмен сол күні бір бұлар ғана емес, дивизия жауынгерлері жаппай осылай ерлік көрсеткен еді. Сол күні 1077-атқыштар полкінің учаскесінде Строково деревнясы ауданында 11 сапер 20 танкіге қарсы соғысып, ерлікпен қаза тапты. Сол күні Мыканино деревнясы ауданында лейтенант Угрюмов, саяси жетекші Георгиев басқарған он жеті ержүрек жауынгер гранаталармен жиырма бес танкіге қарсы шайқасып, сегіз танкіні өртеп жіберді. Олардың тек екеуі ғана тірі қалды.

Осындай жанкешті қарсыластан кейін немістер кері бұрылуға мәжбүр болды. Ядрово деревнясы ауданында, 1073-атқыштар полкінің екінші батальонының тылында кіші лейтенант Мұқаметқұл Исламқұлов пен лейтенант Огуреев жиырма атқыштарымен кездейсоқ кездесіп қалған неміс батальонының автоматшыларына тойтарыс берді. Осы күні Дубосеково ауданында полковник Капровтың 1075-атқыштар полкіндегі аға лейтенант Гундиловичтің төртінші ротасының Клочков бастаған жиырма сегіз жауынгері елу танкіге қарсы шайқасады. Гундилович кейіннен майор шенінде қаза тапты. Бұл күні командир Семен Краев пен саяси жетекші Ақтан Хасановтың сексен, Матренино станциясындағы лейтенант Ефим Ефимович Филимонов басшылық еткен жүз жиырма және Волоколамск тас жолындағы Горюны деревнясында лейтенант Танков басшылық жасаған тоқсан атқыштар жаппай ерлік көрсетті.

Міне, жиырма сегіз батырдың ерліктерімен бірте 1941 жылдың 17 ноябрі күні қаншама ерліктер болды.

Жоғарыда жиырма сегіз батырдың ерлігінен де өзге жаппай ерлік көрсеткендер көп болды дедім ғой. Бірақ Егоров, Логвиненко, Мұхамедияров секілді басшыларымыз неге екені белгісіз бұл жөнінде үн-түнсіз қалды. Тарих кешірмес деп мен олардың есімдерін әдейі атап айтып тұрмын. Менің осы пікірімді дивизия жауынгерлері қолдап, қуаттайды депойлаймын. Осыған байланысты «Ерлік ескерусіз қалмасын» деген халқымыздың қанатты сөзі еріксіз еске түседі.

Егер әлдебір топтардың, бөлімшелердің немесе жекелеген жауынгерлердің ерліктері бағаланбай қалса, оған командирлер мен басшылардың өз борыштарын аяғына дейін орындамағаны кінәлі. Кейінгі кезде мен бұл туралы мәселе көтергім келіп-ақ еді, бірақ оны аяғына дейін жеткізе алмадым, себебі біреулер оны өткен іс деп қарады.

Біз дивизиямыздағы барлық жауынгерлердің ерлігін жиырма сегіз батыр ерлігінің нәтижесі деп бағаласақ, мүлдем әділетсіздік әрі ақылсыздық болар еді. Жиырма сегіз батыр тарихта болды және бар, олардың ерліктерінің алдында мен жерге басым тигенше тағзым етемін. Оны жаппай ерліктің үлгісі деп білемін, бірақ оларды жалғыз деп санасақ, онда онымыз дивизиямызға мәртебе әкелмек емес. Мені істің екінші жағы да ойлантады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий