Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірінші атқыштар ротасының командирі Ефим Ефимович Филимонов Миловани деревнясы маңындағы кішкене сай-жыраны Клишиноға апаратын жол деп қалып бағытынан жаңылысып шығысқа қарай ауытқып, дұшпанның тура қарсы алдынан шыға жаздады. Ал батальон колоннамен созылып, Милованиден бір-ақ шықты. Жырадан орманға дейінгі аралық бір жарым шақырым ашық алаңға ұласқандықтан дұшпанның көз алдынан жүру өте қауіпті еді. Бір жақсысы жау бізді кетіп қалған деп ойлап, әскерін лек- легімен алға жылжыта бастады. Бұл кезде біз олардан небәрі бес жүз метрдей қашықта тұрдық. Филимоновтың біліксіздігінен уақыт жағынан ұтылдық. Біз болсақ - қараңғылықты жамылып өтіп кетпек едік. Бізді қырып тастамас үшін шабуылды өзіміз бастауымыз керек, мерт болсақ та қорғаныста емес, шабуылда өкінішсіз мерт болайық деп шештік. Аз шығынмен қатерден құтылу үшін не істеу керегін ойладық.

Зеңбіректер мен пулеметтерді құрып, ұрыс жүргізу қажет пе? Бірақ бұл жерде уақыт тапшы, аса шапшаң қимыл қажет. Әттең қысқа уақытта ашық алаңды аман жүгіріп кете алсақ, өте жақсы болар еді. Өйткені ашық алаңды жүз адамның күшімен де алу қиын.

Зеңбіректер мен пулеметтерді шайқасқа қоспай, жауынгерлерді ромбы тәрізді етіп сапқа тұрғызып, винтовкаларды кезей ұстап ұрысқа кіреміз деп шештім.

Бізде екпіндей жүгіріп шабуыл жасау тәсілі қалыптасқан. Бұл жолы олай етпей, жай нық адыммен жүріп отыру керек дедік. Көздеп атуды да қажет деп таппадық. Өйткені ол жылжу қарқынын тежейтін болды. Бірінші, екінші, үшінші роталар, байланыс взводы, пулемет ротасы төрткүл қиықша, ромбы тәрізденіп тізілді, ал зеңбіректер мен арбалар ұрысқа кірмей ортада жылжып отырады деп ұйғарылды.

Ұрысқа кіретін жауынгерлер сапқа тізілді. Мұнда жаппай оқ ату мен немістердің бас сауғалау сезімін ерекше есепке алдық. Винтовкаларды оқтың ұшу траекториясы адам бойынан аспайтындай етіп ұстауға бұйрық берілді, артиллерия мен арбалар ұрысқа кірмей, тек ортада жүріп отыруы көзделді.

Бозжанов пен Рахимов ромбы тәрізденіп тізілген сап бұрышынан табылды. Біз жырадан төрт қатардан сап құрап өтіп бара жатқан жау колоннасына бір мезгілде барлық винтовкалардан дүркіндетіп оқ ата бастадық. Бірінші дүркін сәтті болып, дұшпанды баудай орып түсірді.

Артиллерия қарулары мен арбалардың дөңгелектерімен немістердің өлігін таптап, жаралыларын жаншып, селдей аққан жау қанын кеше жүріп өттік. Орманға да жеттік-ау.

Осы кезде жаудың тоғыз танкісі біздің соңымызға түсті. Екі зеңбірегімізді кері бұрып, екі танкісін қираттық. Олар да біздің екі зеңбірегімізді жойды, жүк арбаларымыз бен жаяу әскеріміз орманға кіріп те үлгерді. Бұл шайқаста отыз адамымыз мерт болды. Есесіне, бір батальонға жуық немісті таптап өттік. Қоршаудан шығудың бір эпизоды осындай.

Бөлімдер аралық шептерге бекініп соғыса отырып, Волоколамскіге дейін шегінді. Жаудың 60-70-тей танкілері Спас-Рюховск үшін ұрыс жүргізе бастады. Генерал Рокоссовскийтанкіге қарсы соғысатын екі полкті осында ауыстырды. Осы шайқаста дұшпанның қырық танкісі қиратылды. Бұл біздің дивизиямызға танкіге қарсы қолданылатын артиллериялық қарудың берілуінің бірінші оқиғасы еді.

Генерал Панфилов жауға қарсы күштердің өзара бірлескен қимылын ұйымдастырып, басқарды. Мұнда жаяу әскер аз еді. Генерал Панфиловтың соғыс өнеріне сіңірген еңбегі мынада: ол ең алғаш рет танкіге қарсы соғысатын полктерді ұрысқа қосуды басқарды және оның басшылығымен дұшпанның қырық танкісі жойылды. Бұл орайда мен сегізінші гвардиялық, атқыштар дивизиясының Москва түбіндегі шайқастарынан ығырақ білгісі келгендерге Бектің повесін оқуды ұсынамын — онда кейбір тұжырымдар бар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий