Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тактикалық қоршау дегеніміз бұл корпустық немесе дивизиондық пункттен, не полктен батальонға жабдықты жеткізетін барлық жолдарды басып алу. Полктың жолы кесіп тасталады да, байланыс, жабдық жеткізетін жолды дұшпан басып алады, яғни әскерлер азық-түліктен, резервті жеткізетін жолдан, сыртқы дүниеден (қанаттас бөлімдерден, тылдан) қол үзіп қалады. Тактикалық қоршауға дивизия, полк, батальон, рота түсіп қалуы мүмкін. Қоршаудың соңғы түрі — атыспен төмпештеу немесе өзіміз айтатындай құрсауға алу. Тактикалық және оперативтік қоршаудан ұрыссыз-ақ шығуға болады, ал жау құрсауын бұзып шығу қиынырақ. Қоршауға алу қоршауға алушы үшін де тиімсіз, өйткені ол үлкен күшті қажет етеді. Айталық, шеңбер жасай қорғанысқа көшкен бір батальонды жою үшін бір дивизия қажет болатын да кездер бар. Сондықтан да бірде-бір парасатты командир ондай қоршауға бару жөнінде шешім қабылдамайды. Шешім қабылдай қалса, аз күшті жою көп уақытын, күшін шығын етеді. Бұл — талайлардың түбіне жететін қателік, өйткені олар біраз күшін де, уақытын да жоғалтады. Осташово торабы дивизияның кейінгі жүргізген ұрыстарына көптеген пайда келтірді, соғыс тәжірибесінде тың ой алып келді. Лысенко батальонына 1073-атқыштар полкінің сол қанатынан соғысқа дейін Семейде мұғалімдік қызмет атқарған лейтенант КаюмГариповтың 9-ротасы көмекке келді. Бұл рота көмекке жіберілгенде, құрсауды бұзып шығу мәселесі қойылған-ды. Панфилов жауды біраз мезгіл кідірте ұстап, екі жақтан құрсауды бұзып, батальонды қоршаудан алып шықпақшы болып шешті. Алайда мақсат жүзеге аспады. Гарипов өз солдаттарын жауға қарсы 1941 жылдың 21 октябрінде көтерген еді. Осташово ауданының солтүстігінен жаудың 60 танкісі көрінді. Рота асқан ерлікпен жаудың танктеріне қарсы ұрыс жүргізіп, көп шығынға ұшыратты. Осы соғыста лейтенант Гарипов ерлікпен қаза тапты. Ротадан небәрі алты адам тана тірі қалды. Олардың жараланғандары да бар. Оз батальонымен бірге Лысенко да ерлікпен қаза тапты.

Біздің кейбір командирлеріміздің әділетсіздігінен Лысенко батальоны мен Каюм Гариповтың ротасының шайқасы ескерусіз қалды. Неге екені белгісіз, ерлікпен қаза тапқан олар жайлы дивизиондық жазушылар да ләм-мим деп жақ ашпады. Мен қашанда өз сөзімде осы батырларға арнайы тоқталамын. Солай етуіме солдаттық ар-намысым әмір етеді. Өйткені мен сол ержүрек жандардың ерлік іс-қимылдарының тірі куәгерімін әрі олар менің қарулас жолдастарым, олардың әрекеттерін дұрыс деп есептеймін.

Лысенконың батальоны мен Гариповтың ротасының соғыс қимылдарына генерал Панфиловтың өзі де дән ризалығын білдіріп, кейінгі ұрыстарға үлкен ықпал еткенін ерекше атап айтқан болатын.

Шынында да, бұл батальон мен рота ерлігі дивизиямыздың тарихындағы жаппай ерлік жасаудың алғашқы үлгісі еді. Ендеше жау танкілерімен бетпе-бет айқасқан 28 батырды жаппай ерлік үлгісін тұңғыш рет көрсетушілер деушілердің пікірін жаңсақ деп білемін.

Середа операциясынан кейін біз жау күштерінің дивизиямыздың қос қанатын ала жылжи бастағанын байқадық. Немістер дивизиямызды екіге бөліп тастауды көздеді, бірақ олардың бұл ойынан ештеңе шықпады. 20—21 октябрьде немістер тура ашық жолға шығуға ұмтылды. (Картадан көрсетеді).

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий