Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осылай ескерту жасамасаң, олардың өз жандарынан қосып айтулары да мүмкін той. Дұшпанға қараңғы түнде тап берген Середа шабуылының ұрыс қимылы жауынгерлеріміздің өзіне және жеңіске деген сенімін, шепті нығайтуда кейінгі кез келген шабуылдың бәрінен де маңызы зор болды. Сондықтан мен өз батальоным туралы сөз еткенде ешқашан Середа жорығы туралы айтуды естен шығармаймын. Түнгі шабуылдың бұл учаскедегі кейінгі оқиғалардың барысына ешқандай да ықпалы, әсері болмаса да, біз көп жағдайда оған қарыздармыз. Меніңше, ең бастысы ол солдаттарымыздың психологиясы мен жан-жүрегіне ұмытылмас әсер етті.Дивизиядағы полктардың орналасу тәртібі бойынша оң жақ қапталда Алефрова мен Высокое деревняларына дейінгі қорғаныс шебін майор Шехтманның 1077-атқыштар полкі, ал Высокое деревнясынан Лазерово деревнясына дейінгі Руза өзенінің оң жақ беткейіндегі қорғаныс шебін майор Елиннің 1073-атқыштар полкі, Лазерово, Сибково мен «Болычево» совхозы аралығындағы шепті полковник Капровтың 1075- атқыштар полкі қорғап тұр еді. Әдейілеп есте қалдыру үшін картаға олардың әрқайсысы орналасқан тұсына командирлерінің аты-жөнін жазып қойдым. Майданның ені туралы айттым ғой. Ал Устав талабына сай екінші эшелондар не дивизия мен полкте, не батальонда болған жоқ.

Дивизия жіпке тартылғандай ұзынынан алпыс шақырымға дейін созылып жатты. Егер жау ол жіпті қиып өтсе не болмақ? Он да жағдайды өз күшімізбен ғана түзеуге тура келеді. Ең қауіптісі — жаудың соққысына төтеп беру үшін не генерал Панфиловта, не полк, батальон командирлерінде тың күш, резерв жоқ еді. Екінші эшелондар атымен болған емес. Бізде терең ойластырылған жеткілікті тактика, екінші эшелондар түгілі, алғы шептің өзі бар деп айту қиын еді. Алғы шеп біздің тұрған жерімізден басталатын. Бір-бірінен екі жүз-үш жүз метр ара қашықтықта орналасқан бөлімшелеріміз дұшпанның сәтті ұрыс жүргізуіне ең қолайлы жағдай туғызатын. Егер жау бір бүйірден шабуыл жасап, қорғанысты бұзып өтсе, дәл сол тұстағы біздің бар адамдарымызды тоқтатып, шоғырландыру үшін бірнеше сағат, тіпті тәулік те жетпес еді. Сондықтан біздің қорғанысты сенімді деп санау — жаңсақтық.

Әділін айтқанда, біз, қорғанушылар шабуылдаушыларға қарағанда өте қауіпті, қиын жағдайда едік.

Соғыс тәжірибесі көрсеткендей, бір қорғанушыға үш шабуылшы қарсы шығуға тиіс, яғни күштердің ара салмағы бір адамға үшеуден келеді деген сөз.

Біз қорғағандай шепті, егер бір солдатқа бір солдаттан келгеннің өзінде, бекіністі бұзу оңай болатын, себебі шабуылға шыққан дұшпан әскерін шоғырландырып, күшін жиып, соққы беретін тұсты таңдап алатын. Қорғаныстағы біздің әскер дәл осындай жағдайда тұрды. Меніңше, кез келген армияның генералы өзін Панфиловтың орнында қалуды қаламайтыны белгілі. Себебі жағдай біз үшін шын мәнінде ұтымды емес еді.

Генерал Панфилов мұны терең түсініп, үлкен қиналыс, толғаныс үстінде болды, осы ауыр жағдайдың өзі оған жаңа әдіс, жаңа жол іздеуге мәжбүр етті. Жайшылықтағы жағдайда оның мұндай жаңашыл ізденіске құлшынбауы да мүмкін еді. Генерал Панфилов қорғаныс шебін зерттеу, білу үшін окоптың бір шетінен екінші шетіне дейін аралап көрді. Ауыр жағдай оны солдаттарға жақындастыра түсті. Осындай ахуалдан кейін ғана ол батыл да жаңашыл шешім қабылдады.

Генерал Панфиловтың окоптарды аралап, жағдаймен жүзбе-жүз танысуы оны жауынгерлер арасында сүйіспеншілікке бөледі. Бұл жай өз дивизиясын жақын біліп қана қоймай, оны сақтап қалуға да көмектесті. Бірақ мұның бәрі кейіннен Егоров айтқандай, «генерал солдаттармен бірге шабуылға шықты» дегенді білдірмесе керек. Олай ету оның міндетіне жатпайды. Егер генералды бетпе-бет ұрысқа қатысып, жаумен найзаласпады, ол нашар генерал деушілер табылса, олар өздерінің тек білімсіздіктері мен надандығын ғана танытары сөзсіз. Олай ету генералдың міндетіне кірмейді ғой.

Панфилов шын мәнінде окоптарда жиі болатын, қауіпті жерлерде де төбе көрсететін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий