Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біздің Бас командованиенің алға қойған мақсат-мүддесі — олардың әскери техникасы мен адам күшіне батыл тойтарыс беріп, жолын бөгеп, дұшпанды әлсірету, күштердің ара қатынасын өз пайдамыз жағына қарай өзгертуге жағдай жасау, сөйтіп қуатты күшпен қарсы шабуылға шығып, зұлым жауды тас-талқан ету. Бұл жайында кезінде көп жазылды да. Мен сіздерге мәлім жайларды қайталап айтып жатпаймын. Тікелей өзіміздің 316- атқыштар дивизиясының қимыл-әрекетіне тоқталып өтпекпін. Дивизиямызға елу шақырымдық Волоколамск бекініс ауданын қорғау міндеті жүктелді. Ал немістер болса,бізден әлі алыстау, көш жерде еді. Полктар мен батальондарға қорғайтын, бекініс жасайтын учаскелер бөлініп берілді.

Батальондардың жағдайларына тоқталайын. Қызыл әскердің ескі және жаңа уставы бойынша, батальон екі шақырымға дейін созылған қорғаныс шебін құра алса, біздің батальондарға алты-сегіз шақырымға дейінгі жерге қорғаныс шебін құру тапсырылды, яғни негізгі нормадан үш-төрт есе артық жер берілді. Біздің батальонды әскери даярлықтан толық өткен деуге болмайтын, ол жаңадан шақырылған адамдардан тұрды, оның үстіне толық жабдықталынбаған әрі жарақтандырылмаған еді. Бұл жөнінде «Таяқпен танкке қарсы тұрдық» деп жазған да болатынмын. Әрине, осындай күшпен алты-сегіз шақырымға созылған қорғанысты жаудан қорғау оңай емес еді. Мен батальон командирі ретінде біздер келіп жететін немесе шегінетін бөлімдер үшін шөп әзірлеп жатырмыз, мұнда басқа бөлімдер келер, менің батальонымның учаскесіне екі-үш полк келіп бекінетін шығар деп ойладым. Осы сегіз шақырым аралықты жалғыз менің батальонымның қорғайтынын ол сәтте ойыма да алған жоқпын, оны жалғыз батальонның ұстап тұруы мүмкін емес деп есептедім. Осы шиеленіскен жағдайды одан әрі баяндай отырып мен бұл туралы А. Бектің «Арпалыс» кітабында қалай суреттелгенін де айтып өтемін.

Сіздер «арьергард» деген сөзді есіткен боларсыздар? Бұл негізгі күш кейін шегінген кезде дұшпанды ұстап тұруға қалдырылған әскердің бөлімі, кейіннен бұл шегініп бара жатқан күштер жаңа шепте ұрыс қимылдарын жүргізеді. Содан соң келесі шепке жылжытылып, ұрысқа қайта кіріседі. Міне, мен Қызыл Армия дұшпанды ұстап бөгеп тұратын осындай бөлімдермен ұрыс жүргізеді, ал қалған күш кейін шегініп, шепке бекінеді, содан кейін маған бір жарым екі шақырым жерді қорғау тапсырылып отыр екен,— деп ойладым.

Алайда, жағдай мен күткендегідей болып шықпады. Бұл кітапта ғана осылай жазылған екен. Волоколамск бағытында шын мәнінде, жағдай мүлде басқаша болды. Оған біз жасыған жоқпыз, окоп қазып, бекінісімізді күшейте, ұрысқа әзірлігімізді арттыра түстік.

Біздің окопты қалай қазып, қорғанысқа қалай әзірленгеніміз жайлы А. Бектің екінші повесінде тамаша суреттелген. Сондықтан осы аралықта өткен барлық ұрыс қимылдарына мен кеңірек тоқталмаймын. Бұрнағы күні солдаттарға басшылық жасаудағы командир қорқынышы туралы айтуды ұмытып кетіппін. Жауынгерлерді басқару оңай емес, командир өзі үшін ғана емес өзіне тапсырылған іс үшін де қорқыныш сезімін басынан өткереді. Әсіресе сегіз шақырымға созылған қорғаныс шебіндегі командир көңіл-күйінің қандай болатынын түсіне білген жөн. Қысқасы, жаумен бетпе-бет ұрысқа барынша дайындалып жаттық. Кенет бізге қарай үсті-бастарының алқам-салқамы шыққан берекесіз босқын топ жақындай берді. Алдымен екі-үш адам, кейінірек бес-он болып, қаралары көбейе түсті. Оларды танып-білу мүмкін емес, біреулерінің қолында винтовка, қайсыбіреулерінің қаруы да жоқ. Олардың сыртқы келбеті адам шошырлық, еңсесі түсіп кеткен, азып-тозып шаршаған, жүздерінде үрей.

Жанымызға жақын кеп тоқтады. «Жолдастар, қайдан келесіңдер?» — деп сұрадық. «Қоршаудан шықтық», — дейді. «Командирлерің, бөлімдерің қайда?» Білмейді. «Мұншама үрейленетіндей не боп қалды?» Әңгімелеріне құлақ түрсең, жүрегің айниды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий