Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Демек, уставты толық түсіну үшін үлкен теориялық даярлық пен ұрыс даласында өз басыңнан өткерген, жинақтаған ұланғайыр практикалық тәжірибе қажет. Сондықтан кейбір жазушылардың өздерінің уставты білетіндігі жөнінде әлденеше рет айтқан мәлімдемелері, еріксіз түрде заңды әділ ашу-ыза келтірумен қатар, ащы, бірақ сонымен бірге кекесінді күлкі тудырарлық...Қысқасын айтқанда, егер автор-жазушы қолында нақты шындықтың деректі материалдарын жинап, соғыс тақырыбына шығарма жазып жатқан болса, ол қалай болған күнде де және қандай жағдайда болмасын, уставтан қашып құтыла алмаса керек, өйткені уставтан қашу дегеніміз, демек, ол — шындықтан қашу, әскери өмірден қашу, ұрыс даласындағы жанды, сұмдық, әдемі шындықтан қашу, сөйтіп бұрмалап жазушының жолына түсу деген сөз, мұны мен тіпті өзімнің дұшпаныма да тілемес едім. Соғыста өзіміз айтып жүрген кездейсоқтық деген жоқ, ал заңдылық бар. Басқа құбылыстар сияқты ұрыс та өз заңымен, өлшемімен, ережелерімен шектеледі. Бұл заңдардың топтастырылған жинағы устав болып табылады.

Сонымен, устав дегеніміз — бұл өмір. Ойды ұғым түрінде беру, уставтың ережелерін көпшілік оқырмандарға түсінікті етіп жеткізетіндей ойды көркем әдебиет бейнесіне айналдырып көрсету қажет, мұның өзі біздің отандастарымыз үшін, бұл дәуірде толассыз жүріп жатқан соғыстың, көбіне дөрекілік түрге — төбелеске айналып кететін жаппай қырғын күрестің кез келген учаскесінде соғысуға туған әрі соғысуға міндетті, осы кезеңде өсетін біздің замандас солдаттарымызға ауадай керек.

Соғыс тақырыбына жазылған кітап соғыс мәселесін соғысқа көзқарас тұрғысынан ұрыс кезіндегі адам мен оның психологиясын басты тұлға, өзек етіп ала отырып, сауатты әрі өткір түрде көрсетуі керек. Бұл кітап оқырмандар үшін соғыста шындықты ақыл-оймен танып білуге мүмкіндік беретін әскери ағартушылық (тек роман ғана емес) құрал болуға тиіс.

Менің ойымша, егер автор уставты бұрмалаған болса, соғыс тақырыбына жазылған кез келген әдеби-көркем шығарма сәтсіздікке ұшырамақ (сапасыз және өміршең болмағандықтан); мұнысымен ол өзінің жақсы болашағын бүлдіріп қана қоймай, ең бір қынжыларлығы істі де бүлдіреді, бұл сәтсіздік, сөз жоқ, көп адамға ауыр тиеді, себебі олар уставты түсінуге әрекеттенгеннен гөрі одан қашыңқыраған әлдеқайда жеңіл деп санайды.

Маған әскери іс пен өнер қарапайым дұрыс ойға негізделген деп әртүрлі формада жиі еске салуыма тура келеді. Шын мәнінде ойлай білетін адамдар ғана емес, шындықты көбіне дұрыс жаза алмайтын авторларға да түсінікті бола бермейтін себебі де осында.

Менің ойымша, суреткердің басты міндеті — уставтың параграфында ықшам, айқын, жұтаң тілмен баяндалған өмірді жаңғырту, яғни уставты көпшілікке түсінікті түрде көркем тілмен жандандыру болмақ. Суреткер біртұтас ұғымға тоғыстырылған уставтың қорытындыланған, жинақталған деректерін тарқатып айтумен айналысуға тиіс. Демек, суреткер-жазушы уставта жазылғанға қарағанда көп білуге тиіс, егер оның қолында жиын болса, онда қосындыны таба білу керек, егер оның шығарманы түсінікті етіп талдағысы келсе, көбейгіш пен көбейткішті таба білуі керек, жеке нәрсе туралы айтуы үшін бөлінгіш пен бөлгішті білуі керек, яғни жазушы есепті шешкендей өмірді жақсы білуге тиіс, әсіресе қосу мен алу таңбаларына ерекше сақ болған орынды, өйткені жиын мен айырмашылық қалай болғанда да әділдік өлшемінен шығып кетпегені дұрыс.

Ұрыстың барлық эксперименттік тәсілдері, тактикалық және оперативтік ойлары соғыс лабораториясында — ұрыс даласында, біздерге, солдаттарға жүргізіледі. Біз ұрыс жағдайының дұрыс немесе теріс екендігін өз қанымызды төгіп дәлелдейміз. Тек біздерге, солдаттарға ғана соғыстың барлық вакцинасының тиімділігі сыналады, сондықтан да жазушы өз бойына соғысты — вакцинаны дарытып, ақыл ой мен қаламның әдеби желікпелігінен құлан-таза емделіп шытуы керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий