Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әдебиетте шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі — армиядағы ұлттық мәселе болып табылады. Кейбіреулердің тұтас бір ұлтты әлде бір шартты белгісіне қарай бағалап, сан қырлы нәзік мәселені қалай болса солай шеше салғысы келетініне, біздің біртүтас армиямыздың көп ұлтты бейнесін жасаған кезде адамдардың сырт тұлғасының ерекшеліктеріне ғана мән беріп, сонымен шектелетініне қынжылмасқа болмайды. Кітапта ұлттық рух (бұл ұлт адамының және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті) және ұлтшылдық пен шовинизм (ұлттың ішіндегі жеке адам бойындағы кесел) туралы дұрыс түсіндіріліп жазылуы қажет.

Жеке адамның ұлттық, өз отанына деген мақтаныш сезімін ұлттық игілікті дәстүрлерді, барлық халықтар мен барлық ұлттардың барлық ұлы және тамаша нәрселер жасауға қабілетті екенін, ұрыс жүргізуге кедергі келтіретін ұлттық дәстүрлер жоқ, қайта ұрыс жүргізуге көмектесетін ұлттық дәстүрлердің бар екенін ұғынып, түсіне білу керек. Әрбірадам өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтын терең сүю мен оны мақтан ету арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп және оларды да сүюге тиіс.

Ұлттық мақтаныш—ұлт ішіндегі жеке адам үшін мызғымас әрі қасиетті заң. Кімде-кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш тұта алмаса, ол, сөзсіз, тексіз, қаңғыбас адам. Айбарлы адам тек айбарлы адамды ғана сыйлай алса керек, оның жасық жанды құрметтемесі әбден заңды. Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген. Интернационализмнің мәні де осында болса керек. Интернационалдық мақтаныш ұғымы мен интернационалдық мақтанышқа тәрбиелеу біздің көп ұлтты армиямыз сияқты армияны тәрбиелеудегі негізгі көздер мен арналардың бірі болып табылады. Интернационализмнің мәнін терең ұғынып түсінбейінше, совет офицерінің де бейнесін жете ұғына алмайсың.

Менімен Москвада әңгімелескен жолдастар мен әдебиетшілерді Александр Бек әдеби өңдеген шығармаларда устав ережелерінің ап-айқын қарапайым түсіндірілуі абыржытатын сияқты. Өйткені бүл жолдастар күні бүгінге дейін ұшырасқан сайын осы жөнінде айтып қоймайды, сондықтан мен төменде осы мәселеге қатысты өзімнің түсіндірулерімді қайталап айтқым келіп отыр.

Устав — командирдің құраны. Уставты терең түсініп білмейінше, офицердің бейнесін ұғына алмайсың. Офицердің праволары мен атқаратын міндеттерін білмейінше, оның бейнесін барлық болмыс бітімімен жасай алмайсың. Онсыз оның ерліктерінің де көзін, арнасын табу мүмкін емес. Уставсыз офицердің бейнесін түсіне алмайсың. Уставсыз солдатты түсіне алмайсың. Уставсыз ұрысты ұғына алмайсың. Уставсыз соғысты түсіне алмайсың.

Уставтың тұтас тарауы философиялық жинақтау дәрежесінде жазылған. Устав дегеніміз де өнер туындысына жатады. Устав дегеніміз — ұрыс тәжірибелерінің жинақталған, қысқа, әбден екшелген қаймағы, ол — талай боздақтар құрбан болған әлденеше ұрыстар мен шайқастардың тәжірибесінің зерделі әскери басшылардың санасында қорытылып барып толғаныстан туған ойлары, устав — қанмен жазылған кітап.

Онда басқа ешбір кітапта кездеспейтін зерделі ой (бәрі бірдей түсіне бермейтін, оқып- үйрену кезінде жағдайға қарай қолданылуды егжей-тегжейлі таратып, талдап айтуды талап ететін); негізгі, бастапқы нұсқаулар — заң жөніндегі мәліметтер, тактикалық және оперативтік тәсілдердің әдісі мен жүргізу айла-тәсілдері және көп жылғы, талай боздақтар құрбан болған соғыс тәжірибесімен — соғыс тарихымен ғылыми-теориялық практикалық жағынан терең негізделген соғыс өнері жинақталынған.

Кез келген оқыған кәсіпқой әскери адамға уставтың барлық параграфтары бұл ұғымның терең мәнінде түсінікті емес, сондықтан да бізге дейін де жазылған көп томды әскери еңбектер мен біздің кезімізде де жазылып жатқан еңбектер бір ғана мақсат көздейді — ол уставты талдап түсіндіру, өткен кездегі және қазіргі әскери профессорлар армиясы барынша айқын түрде бұған біздің қолымыз жетті деп айта алмайды.

Біздің тәжірибемізде уставты білу тана емес, оны түсіну күрделі проблема болып отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий