Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

(Аударған Ғ. Мұқанов)Мен көптеген көргендерін жазып жүретін майдангерлердің мол әдеби және деректі материалдарды өздерімен бірге майдан даласында алып жүргенін дәлелдеймін. Қайталап айтамын, олардың кейбіреулері, менің ойымша, жазушыға өзінің жадындағылары мен жазбаларын сеніп, кәсіпқой жазушылармен бірге өзінің басынан өткергендерін ой елегінен бірге өткізген кезде жазушыға, өзінің жадындағылары мен қойын дәптеріне жазғандарына сеніп, өте дұрыс жасайды.

Ауыр өкінішке орай, кейбір авторлар мұндай майдангерлерге сәті түскен материал ретінде қарап, пікірлерін тақырыппен байланыстырады да, әрі кеткенде олардың әңгімелерін, жазбалары мен ойларын кездейсоқ айтылған сөз сияқты етіп түсіндіреді, әрі оны игеру кезінде соғыстың айқын тілінің бедерін жоғалтып, қаһарманның үнін тұншықтырады, сөйтіп мазмұн жағынан тұтас әрі құнды материалдың мән-маңызын кетіреді. Ал мұның өзі заңды түрде ашу-ызаға тиіп, ішкі творчестволық есеп пен соғыстың сұрапыл да қайғы- қасіретті жағдайының өзі ой мен образға итермелеген жауынгердің қатты өкпе-ренішін туғызады.

Шел байланып көзіне, «Сөз зергері - мен!» - деді ол.

Босқа елігіп «пайғамбарлық» сөзіне,

Шын өмірдің терең сырын көрмеді ол.

Ал мен болсам үңілмекпін өмірге,

Көрсетпекпін шымырлаған шындығын.

Майлы бояу қажет емес, көмірмен

Бейнелеймін бұл өмірдің сыр-қырын.

Жайып тастап кейіпкерін,

Тыныс белгі не шатыраш тасындай,

Дәлірек айтсақ, пешкідей,

Кеуде соғып отыр ол,

Шын өмірдің жан шырылын естімей.

Ал мен болсам ақиқатты жасырмай,

Геройымды сомдамақпын ортасынан халықтың,

Перзенті деп білем оны тарихтың

Өйткені мен өз қаныммен

Сол тарихты түлеткенмін,

Ол сияқты сюжетті саусағымнан сормаймын.

Бояуы жоқ шындықты бейнелейтін суреткермін.

(Аударған Ғ. Мұқанов)Менің есебім осындай, өйткені соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген қан болып қала береді.ҮШІНШІ КҮН21 январь 1944 жыл

Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейінҰлы Отан соғысының алғашқы күндеріндегі жағдай сіздерге жақсы мәлім болғандықтан, оған ерекше тоқталып өтудің қажеті бола қоймас. Қалың бұқараға советтік баспасөз құралдарының 1941 жылғы соғыс қимылдары мен майдандағы хал-ахуалды дер кезінде егжей-тегжейлі баяндап отырғандығын да ашық мойындауымыз керек.

Бас қолбасшының 23 июньдегі совет халқына арнаған сөзі бәрімізге де ерекше қозғау салды. Осыдан-ақ оның халқымызға деген жан толқытарлық ыстық ілтипатын жете сезінуге болатын тәрізді, тіпті оның мән-мағынасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін еместей.

Жау Москва іргесінде тұрған, яғни Ұлы Октябрь революциясының 24 жылдық торқалы тойы кезіндегі терең философиялық талдаулар мен байыптауларға құрылған, сол кездегі шиеленіскен жағдайға барынша шыншылдықпен баға берген Бас қолбасшының сөзін ғасырымыздағы ең дана сөз деуге болады. Осы екі документті совет адамдары адал көңілдерімен мұқият зерттеп, тани да бермек. Сол кездегі жағдайға қай тұрғыдан болсын толық түсініктеме берген бұл сөздердің шынайылығын, ақиқаттылығы мен тереңдігін мойындамасқа лаж жоқ. Жалынды бұл сөздер жеңіске жетуімізге жігер беріп, бізді барынша қайраттандырды. Өйткені біз оның айқындығына көз жеткізіп, кәміл сендік.

Енді қарсы жақтың стратегиялық мақсаты жайында сөз қозғалық. Неміс басқыншылары шоғырланған ірі күшпен соққы бере отырып, біздің әскерлерімізді бөлшектеп, тас-талқан етіп, жойып жіберуге, еліміздің оперативтік және стратегиялық тұрғыдан алғанда маңызды саяси, экономикалық орталықтарын қысқа мерзім ішінде басып алуға, сөйтіп тыныс-тіршілігімізді біржола тұншықтыруға ұмтылды. Олар Батыстағы және Польша жеріндегі жеңісті әрекеттерін үлкен масштабта біздің елімізде қайталауға тырысты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий