Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қалай болған күнде де мұндай қылмыстық әрекет жасаған адамға аяушылық болмайтынын көрсету үшін батальонның көзінше үкімді орындау керек. Бірақ мұнымен дедұшпанның қорқыныш бұлты мен жағадан алған үрей сейіле қоймады, немістер қашқындар суреттегендей құбыжық тажал күйінде зәре құтты ала берді.

Қашқындарды көріп бойды билеген үрейді бірден сейілтіп жіберу, басып тастау үшін алдымен міндетті түрде тірі немісті көзбе-көз көру керек болды, найзаның ұшымен дұшпанды жаншып өлтіруге болатынына, біздің атқан оқтың немістерді де жусата алатынына, дұшпан да үрейленіп, бас сауғалап қашатынына, оның ешқандай тажал құбыжық еместігіне жауынгерлердің көзін жеткізу қажет еді. Ол үшін негізгі ұрысқа кіріспес бұрын немістермен бір сәтті қақтығысты өткізу қажет болды. Жауынгерлердің қақтығыста жеңіске жетеміз деген сенімі болмаса, ондай-мұндай операцияны өткізудің пайдасы жоқ екенін сездім.

Батальонымның тағдыры қыл үстінде тұрды. Жауынгерлерім толқулы, қобалжулы. Устав тәртібіне қарсы әрекет етудің әлденеше есе асқынуынан да гөрі мені қашқындардың жаудың құбыжық екені туралы ұлғайта, бұрмалап жеткізген үрейлі сөзі, солдаттардың толқулы жан дүниесі қатты алаңдатты. Осы тығырықтан жол тауып, қалай болған күнде де немістерге сөзсіз соққы беру керек деп шештім.

Батальон ұрысқа мұқият дайындалды. Генерал Панфиловтың: «Батальонға не жетпей тұрғанын білесіздер ме? Оған жаудың тұмсығынан есеңгірете соғу ғана жетпей тұр», - деген сөзін А. Бектің тамаша келтіргені бар.

Көңіліміз алаң. Немістер қайда? Білмейміз. Мен он шақырымдық қашықтыққа дейін барлауға адам жібердім, немістер жоқ. Он бес, жиырма, жиырма бес шақырым жерлерде де олар көрінбеді. Ақыры Середа деревнясында жаудың бары анықталды. Ол біздің алғы шептен жиырма бес-отыз шақырымдай қашықтықта еді.

Немістер Середа деревнясына батыс жағындағы басты торап арқылы, ал Шахово станциясына солтүстік тұстан «Болычево» совхозына оңтүстік бүйірден енген. Шахово станциясы мен «Болычево» совхозы жаудың басып алуға өршелене ұмтылған жол торабындағы елді мекендер болатын. Новлянское селосының шығысқа қарай Житахидан тартылған жол Максимово арқылы біздің шепті кесіп өтетін. Батыстан шығысқа қарай қозғалған немістер Шаховодан «Болычевоға» дейін жекелеген топтарын қалдыруды мақсат етсе керек. Сөйтіп маңдай тұстан ұрмай, солтүстік пен оңтүстіктен айналып өту арқылы маневр жасап, шығысқа қарай тоқтаусыз жүріп отырған. Ал Максимово-Новлянское бағытына келгенде, одан әрі жылжи беруді доғарған. Середа селосы солтүстік пен оңтүстік бағытта ұрыс жүргізу үшін дұшпанның шоғырланған күшін реттеп отыратын пунктке айналған, сол себепті негізгі күштері нақ осы жерден Шахово мен «Болычевоға» қарай аттанатын. (Картадан көрсетеді).

Барлаудан оралған жігіттер осы жайларды хабарлап, немістердің бізден 25 шақырым жердегі Середа селосына топталып жатқанын айтып келді. Енді не істеу керек? Середаға тікелей шабуыл жасап, немістерді соғу керек деген шешімге тоқтадық. Түн жамылып, Середаға тұтқиылдан тап беріп, қолдан келгенше немістерді қыру, ең құрығанда бір «тіл» алып келу. Максимово селосына апаратын жолға мина қойып, Шаховоға апаратын жол бойындағы көпірді қирату, документтер мен тұтқындарды қолға түсіру қажет деп таптық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий