Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ оның бәрі кейбіреулердің айтып, түсіндіріп, жүргеніндей емес. Ол полктеріміз алты шептерде орналасқанда немесе қорғанысты жау бұзып өткенде ұрыс барысына басшылық ету үшін әрдайым сол жерден табылатын. «Ванюшка, халің қалай? Еңсеңді көтер, жасыма!» - деп басу айтып, окоптарда солдаттармен қатар отырған кісі емес. Оның міндеті — қорғаныстың ең ауыр жерінде соғыс қимылдарын басқару. Өйткені саған көмекке келер не резерв, не екінші эшелон жоқ. Әр жауынгерді үгіттеп, жігерлендіруге, не жұбатуға генералдың уақыты да болған емес. Олай істеудің өзі қателік те ғой. Ал шепбұзылған жерге генерал келіп, жауды қайта тықсырып қуу үшін бұйрық бергенін неге көрсетуге болмайды? Кейбіреудің ойынша, ол қолына қару алып, соғысуы керек сияқты.

Бұл ақылға сыймайды.

1941 жылдың 16 октябрінде Волоколамск бағытында ұрыс жүргізіп жатқан неміс әскерінің оңтүстігіндегі тобы бізді айналып өтіп, «Болычево» совхозына соққы берді. Біз жаудың шабуылын маңдай тұстан күткен едік, ал ол бүйірімізден келіп тиісті. Бұл біздің алғашқы қақтығысымыз болатын. Немістердің алғашқы күшті соққысын сол жақ қанатта орналасқан Капровтың 1075-полкі алдымен қабылдады. Жаудың күші ересен еді.

Бақайшағына дейін қаруланған жау әскерін танктер, мотоатқыштар мен самолеттер қолдады. Бұл бағытта немістер өте күшті ұрыс қимылдарын жүргізді. 1075-полк жауынгерлері «Болычево» совхозы мен Федосино, Княжево және Соколово селолары арасындағы шептерге бекіне кескілескен ұрыс жүргізіп бақты.

21 октябрьде немістер 1075-полкті шегіндіріп, Руза өзенінің жағасына, одан капитан

Лысенконың батальоны қорғап тұрған, бұрын аудан орталығы болған Осташово деревнясына жетті. Лысенко ерлікпен шайқасты. Полкты талқандап, шепті бұзып өту үшін жау шоғырланған ірі күшпен төрт тәулік бойы соғысты. Біздің жауынгерлер ержүректілікпен қарсы тұрды. Біздіңше, дұшпанның мұндай үлкен күшіне осылай төрт тәулік тойтарыс беру оңай емес еді.

Бұл уақытта генерал Панфилов ұрыс қимылдарын басқару үстінде болды. Сіздер мынаған назар аударыңыздар, ол нағыз қолбасшыға тән тізгінді қолына ала білді. Соғыса отырып, Соколово мен Игнатковоға шегінді. Мұнда да жаумен айқасып, тағы кейін жылжыды.

Сөйтіп немістерге ирекше серіппе қолданды. (Картаға сызып көрсетеді).

Панфилов деревнядан деревняға қашқан жоқ, керісінше, өзі бас болып шегіне соғысты.

Мұны қалайша жаңашыл ұрыс қимылы, серіппе деп атамассың?!

Аудан орталығы Осташово Волоколамск бағыты мен тоғыз, тарау жолдардың түйіскен торабындағы басты бекініс және Руза өзенінің оң жағалауы бойында жаудың шабуылын тойтаруға тиіс тірек пункті болды. Сол себепті генерал Панфилов Осташово ауданын батальондық қарсыласу торабы ретінде қалдырып, әскерін екі қанаттан иіп Руза өзенінің бойымен бағыттай түсті.

Сіздер дұрыс ұғыныңыздар, жоғарыдағы сөйлемдердегі қарсыласу торабы, тірек пункті деген түсініктерді бізге Ұлы Отан соғысы үйретті. Екі жылдық соғыс тәжірибесі негізіне сүйенген жаңа Уставымыз енді қорғаныс шебін бөлімдер мен бөлімшелер аралығын атыспен және инженерлік құрылыстармен жалғастыратын жекелеген тірек пункттері, взвод, рота, батальондардан тұратын қарсыласу торабы тәртібі бойынша құруды талап етеді. Жаңа Устав линиялық тактикадан бас тартады. Біз қазір оны ұстанып жүрген жоқпыз, қайта қорғаныс шебін тірек пункттері мен қарсыласу тораптары арқылы құрамыз. Алғаш сан тарау жолдардың түйіскен пункті саналған Осташовода генерал Панфилов оңға да, солға да алаңдамай қарсыласу торабын ұйымдастырғаны есте. Ол Осташово қарсыласу торабын ұйымдастырған кезде, мен Васильеве» деревнясында едім, 20 октябрь күні генерал мені өзіне шақырды. Бұл кездесуіміз Бектің екінші повесінде сипатталған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий