Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дұшпан күштерінің бағытын тезірек өзгертуге мәжбүр ету үшін Житахи ауданына лейтенант Донских басқарған отряд жіберілді, ал Кусакино ауданына лейтенант Брудныйдың шағын отряды аттанды. (А. Бектің повесінде де ол осылай аталған). Олардың мақсаты - неміс колонналарын алға өткізіп жіберіп, соңынан оқты боратып, шегіне ұрыс жүргізу болатын. Брудный мен Донскихтың ұрыстары тосқауылдан жүргізілген алғашқы ұрыстар болды. Бораған оққа төтеп бере алмай есі шыққан жау кері бұрылады, дәл осы кезде біздің жауынгерлеріміз тез шегініп үлгереді де, қайта тосқауыл жасайды. Немістер амал жоқ тағы кері бұрылады. Біздің солдаттар тағы шегініп үлгереді. Осылайша аз ғана топтарымыздың шабуылы немістерді әуре-сарсаңға салып, бостан-бос ұрыс жүргізуге мәжбүр етті. Осының салдарынан олар Новлянскіден Середаға дейін төрт тәулік бойы жүрді. Шағын топтың шабуылы немістерді кері бұрылуға және біздің негізгі шебімізден алыста соғыс тәртібіне көшуге мәжбүр етті. Соңғы сәттегі ұрыста лейтенант Донских тоғыз рет жараланады. Жағдай асқына түсті. Жау өзінің артиллериялық позициясын шамамен біздің алғы шебімізден төрт-бес километр алыс Житахи, Ситьково аудандарына бұруға мәжбүр болды. 22 октябрь күні немістер біздің майданды бұзып, Ново-Шуриноға шығу үшін өз күштерін Новлянск тобына қарсы бағыттап, кескілескен ұрыс жүргізді. Оларға 1073- атқыштар полкінің бірінші батальонының екінші ротасы қарсы тұрды, рота командир!

Севрюков (Алматы темекі фабрикасының бұрынғы бухгалтері) еді.

Сонымен бірге дұшпан бір мезгілде Черновоға шабуыл жасады. Таңғы сағат сегіздерде олар Новлянск ауданына қарсы артиллериялық дайындықты бастады. Немістер қарсы жақтың жүйкесіне тиюге шебер-ақ. Біресе зеңбіректерімен атқылап, біресе самолеттерімен бомбылап, жер мен көкті отқа орап боқты. Ысқырып, ұлып ұшқан снарядтар менминалардың жарылысы құлақ тұндырады. Әуені будақтаған қара түтін көлегейлейді. Осы көріністер мен ысқырған оқ, атыс үнінің сарыны адамның көңіл-күйіне, жүйкесіне қатты әсер етеді, үрейін ұшырады.

Әдетте артиллериялық дайындық екі сағаттан аспайтын, бір жолы немістер әдейі сегіз сағатқа созды. Бұған алғаш түсінбей, кейіннен олардың бәрімізді тып-типыл жермен жексен етіп жойып жіберіп, өлігімізді таптап, маршпен аттап өтеміз деп ойлағанын білдік.

Біз енді оң қанаттан оқ жаудырдық, менің сол қол жағымнан майор Мешковтың батальоны қайрат көрсетті. (Екінші повесте ол кітапқа капитан Шилов деген атпен енді).

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий