Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Полковник Карповтың полкі, әрі капитан Мешковтың батальонының тірі қалған жауынгерлері бұйрық бойынша Спас-Рюховск бағытына, майор Елиннің 1073-атқыштар полкінің екінші, үшінші батальондары Софатово — Крюково бағытына ауыстырылды.

Жалғыз майор Шехтман басқарған 1077-атқыштар полкі ғана өз орнында қалдырылды. Ол ешқандай ұрыс жүргізген жоқ. Оған тактикалық қоршауда қалу қаупі туды. Сондықтан Шехтман полкіне Үлкен және Кіші Голоперово, Тимошино, Михайловка, Иваново арқылы Волоколамск бағытына қарай шегінуге бұйрық берілді.

10,73-атқыштар полкінің бірінші батальоны Новлянск, Васильево-Лазарево ауданында қоршауда қалды. (Кітаптың 80 қашқын деген арнаулы тарауы бар).

Мен барлық рота командирлерін жинап алдым да, мынадай бұйрық бердім: «Қару- жарақты тиімді, үнемдеп пайдалана отырып, айнала қорғанысқа көшіңдер! Тек қана қажетті жағдайда, жауды 50-100 метрдей жақындатып атыңдар, ешқандай тұтқын алынбасын, ешкім тұтқынға түспесін! Аянбай атысып, әркім соңғы оқты өзіне деп сақтасын! Артиллеристер жауды картечпен тура нысанаға алып төмпештесін! Аса қиын үміт кесілген жағдайда соңғы снарядпен зеңбірек пен расчетті де жоқ етсін! Қандай да болмасын тәртіп пен реттілікті бұзушылықтың және әскери Уставқа мойынсұнбаушылықтың жазасы - тек ату. Ешбір сөгіс пен ескертуге жол жоқ! (Повестің «Орманшының үйі» деген тарауын қараңыз). Қоршаудан қалай шыққанымызға да тоқталмаймын — бұл да сонда айтылған.

Бұл кезде неміс колонналары Волоколамскіге қарай жылжып, Спас-Рюховск ауданында ұрыстар жүргізіп жатты. Оларға қарсы шайқастарды генерал Панфиловтың өзі басқарды.

24 күні 1073-атқыштар полкінің бірінші батальоны кескілескен ұрыс жүргізу нәтижесінде қоршаудан шығып, Иваново ауданы мен Сталин атындағы совхоз маңындағы орманда тыныстауға тоқтайды. (Картадан көрсетеді). Осы кезде Ново Шурино, Спас-Рюховск бағытында әр машинада 20-30 фрицтен отырған неміс колонналары көрінеді. Оларға қарсы ұрысқа біз сегіз зеңбірек пен сегіз станокті пулеметті бөлдік.

Жауынгерлеріміз неміс колонналарына оқты қарша боратты. Мұны «дұшпанның құйрығын бұрау» деп атайды. Жаудың алға жылжуына мұрша бермеу мақсатымен жол қарауылға алынып, атқыланумен болды. Тура нысанаға алып сегіз зеңбірек пен сегіз пулеметтен күтпеген жерден оқ жаудырып дұшпанның бір батальонға жуық әскерінің көзі жойылды. Осылай алға жылжу мүмкін болмаған соң немістер Иваново ауданындағы біздің топты құртуды ұйғарды. Содан 1037- атқыштар полкінің бірінші батальоны тағы да құрсауда, жау шеңгелінде қалып қойды.

Немістер тікелей шабуылға көшті. Көп ұзамай олар қолайсыз жағдайға ұрынды. Спас-Рюховск жолы жабылып, оқ астында қалды. Әрине, бұл шайқаста немістер жағынан да, біздің жақтан да шығын болды. Бақытымызға орай паналаған орманымыз жан-жағынанбатпақты жерлермен шектесіп, жаудың танкімен жақындауына мүмкіндік бермеді.

Сондықтан немістер тек адам күшімен ғана қимыл жасап бақты.

Түн жамылып, батальон Клишино арқылы солтүстіктегі Крюково мен Волоколамскіге бет түзеді. Алдыңғы лекте жылжушыларды басқы жорық күзетушілері (ГПЗ — головная походная застава), екі қанатты қорғаушылар (БПЗ — фланговая застава), тылды күзетушілер (тыловая застава) деп аталады. Ұрыс барысында мұны ажырата алмаған сауатсыз, біліксіз командирлер де кездесті. Бұған кінәлі бір жай, бізде қозғалыс жолсыз жерлермен өтті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий