Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ол кезде мен бұған ешқандай мән бермеппін, кейіннен түсіндім, жауынгерлерімнің жаны кең, кішіпейіл екен.

Батальонымыз тағы алға жылжыды. Мен өз батальоныммен аз жол жүргенім жоқ.

Сондағы бір ұққаным, аштық немістен де қорқынышты екен.

Жау тылында жүріп келе жатқанымызға бес тәулік болды. Осы мерзім ішінде жарытып тамақтанбадық. Жаудың жекелеген батальондары, роталары кезігіп қалып, ұрысқа кірісіп кетеміз. Кейде тіпті онша қажеттілігі болмаса да, неміс офицерлерінің торсықтары, не адамдар аштығын естен шығару үшін кішігірім қақтығыстарға да барып қоямыз.

Алтыншы тәулікте бір жерге тоқтап, тынықтық. Алматының селекциялық станциясының бұрынғы агрономы жақындап келіп:

— Жолдас комбат, сөйлесуге рұқсат етіңізші? - деді. Үстіне киген киімдері олпы- солпы.

— Он қадам жерге барып, өзіңді ретке келтіріп кел! - деп бұйырдым. Ол айтқанымды орындап, жаныма жақындаған соң:

— Бірдеме жемесем шыдайтын емеспін, - деді. Осыдан бір күн бұрын мініс атым

Лысаньканы соймақ болғанымда, жауынгерлерімнің өздері келіспеп еді.

Мен әлгіге:

— Егер етім жеуге жараса, мені сойыңдар да, жеңдер! - дедім. Ол қысылды да, кетіп қалды. Оның ту сыртынан:

— Бәріне де осыны айт! - деп айқайладым.

Бір ұрыста жаралыларға медициналық көмек көрсетілмей қалды. Отан дәрігер Красненко кінәлі еді. Тағы бір шайқаста лейтенант Беликов сасқалақтап, взводты мүлдем басқара алмай қалды. Батальонның, ең алдымен офицерлердің ұнжырғасы түсіп, босаңсып кетті.

Олар тарапынан әскери қаталдық та, өктем бұйрық та болмады. Қалай да бір шара қолданудың қажеттігі туды. Мен офицерлерді жинап алдым. Олар отыз алты еді.— Жаралыларды ұрыс даласында қалдырғаны үшін әскери дәрігер Красненконың атағы қатардағы жауынгерге, ал ата санитар Киреев фельдшерлікке төмендетілсін. Ұрыс кезінде взводты нашар басқарғаны үшін мен лейтенант Беликовты қатардағы жауынгерге төмендетем. Взводты жақсы басқарғаны үшін взводтың кіші командирі Усик командир болып тағайындалады.

Байқаймын, бұл ісіме офицерлер наразы сияқты. Сөзімді жалғамақ болып едім, Красненко:

— Мен аға бастықтар құрамындағы адаммын, сондықтан сіздің былай істеуге хақыңыз жоқ, менің жоғары білімім бар, - деп қиқарлық көрсетті.

— Сен дұрыс айтасың, Красненко, бірақ сен менің кім екенімді білмейсің.

Офицерлер ештеңеге түсіне алмай, есінен ауысқан ба дегендей маған аңырып қарады.

— Мен СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателімін, Мен СССР Халық Комиссарлары Советінің Председателімін, Мен СССР Қорғаныс Комитетінің Председателімін, СССР-дің Бас прокурорымын... СССР Қарулы күштері барлық түрлерінің бас қолбасшысымын! Түсінікті ме сендерге?! Немене, сендер менің есім ауысты деп ойлап тұрсыңдар ма?! Жоқ, ақылым өз орнында. Мен — командирмін, сондықтан бар билікті өз қолыма аламын! Совет Одағының оккупацияланған территориясы — мұхит, ал біз тұрған мына 350 метр жер — арал болып есептеледі.

Бас билік кімде, мұндағы Бас қолбасшы кім? Әрине, мен. Мен сендерді атақтарыңнан айырып тастауға да, өздеріңді атып тастауға да еріктімін. Маған сендер:

— Бізді немістерге тапсыр, - дегілерің келе ме. Жоқ, бұларың болмайды. Сендерді аштыққа да, немістерге де бермеймін! Егер екі-үш күннің ішінде біз негізгі күшімізге қосыла алмасақ, бәріңді пулеметпен жусатып, өзімді де атам. Бұл үшін сендердің әйелдерің мен балаларың маған алғыс айтатын болады.

Осындай тік, қатал мінез көрсете келе, бәрінен еңселерін көтеруін, берік болуларын тағы да талап еттім...

Пашково деревнясына жақындадық. Басқа елді мекендерде неміс бар, бірақ мына деревняны неге екені белгісіз, олар орағытып өтіпті.

— Бұл жерде кім бар? Председатель ме, бригадир ме?— десем, тұрғындар:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий