Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Иван Петрович бар,— деді. Мен оның маған жолығуын өтіндім. Ол келіп, кеуделеп, кәдімгідей қатқыл үнмен:

— Сендерге мұнда не бар? Бұл жерге енді неміс өкіметі орнады емес пе?!— деді. Мен:

— Батальон жау тылынан келе жатыр, ол көптен аш. Саған бес минут уақыт берем.

Үш сиыр тауып сойып, деревня әйелдерін жиясың да, бізге ас әзірлетесің,— деп, Хасановқа қарап: «Хасанов, бар да бәрінің ойдағыдай орындалуын қадағала», - дедім.

Он минуттан кейін барлық деревня адамдары жиналды. Үш сиыр алып келіп еді, мен қойындар деп бұйырдым. Жиналғандарға біздің кім екенімізді түсіндіріп:— Жеті тәулік бойы жүріп келе жатырмыз, тыныстағымыз келеді. Деревнядан ешкім шығуға тиіс емес, кім шықса да атамыз! - дедім. Сәл ойланып тұрып, әрбір әйелдің он жауынгерге лайықтап жақсылап тұрып ас пісіруін өтіндім.

Мен деревня әйелдерінің іс-қимылына риза болдым. Екі күн дем алып, бір күн немістермен шайқасып, келесі тәулік те өзіміздің бөлімдерге келіп қосылдық. Осы тұста мен кейбір детальдарға да тоқталып өткім келеді.

Көпке созылған аштықтан кейін мол астан батальонымның адамдары ауырып қалды.

Дәрігерлік пункттен мен бір шөлмек апиын көрген едім. Қасыма келген Киреевке «алып жүр» деп бұйырдым. Мұны қазір еске алуым өрескел де болар, бірақ бір келеңсіздік жағдай осыдан шығып еді. Сол келеңсіздіктің кесірінен мен екі күн бөгелуге мәжбүр болдым.

Оқиға былай: Маған Рахимов келіп (ол біздегі көп білетін кісі еді):

— Шіркін, апиын болса ғой, адамдардың жағдайын біраз жеңілдетер едік, - деді. Ол кетісімен, мен емдеуді бастадым...

Бір жауынгер ауырып, жайы болмай жүрген соң, өзім дайындаған «дәрімді» ішкіздім

(жарты стақан апиынға жарты стақан су қосып араластыртам). Осы кезде Рахимов келді.

Мен өзім де сондай мөлшердегі «дәріні» ішейін деп тұрған едім. Ол маған:

— Мұныңыз не? Өстуге бола ма? Мына шөлмектегімен мың адамды емдеуге болады ғой! - деді.

Рахимов бірнеше секундқа кешіккенде, мен әлгі өзім әзірлеген «дәріні» ішкен солдаттың кебін киер едім, рас, біз сүт беріп, оны ажалдан құтқарып қалдық.

Панфилов мені жағдайды баяндауға шақырып алды. Оның бір ерекшелігі — өз әкеңдей мұқият тыңдай білетін. Мен оның қабылдауынан түнгі екіде қайттым.

Апиыннан жасаған «емім» жайында айтқан менің әңгімеме көзінен жас аққанша күліп алды. Екі офицерімнің атағын төмендету мәселесімен ол келісті.

1941 жылдың 14 ноябрінде мені дивизия командирі басқару пунктіне шақырып ап, мынадай міндет қойды: Волоколамск тас жолының Горюны деревнясы ауданындағы Матренино станциясы және 235,1 белгіде, яғни сегіз шақырымға созылған жерге бекінуіміз керек. Батальонымның осыншама ашық аралыққа бекінуінен менің зәрем ұшты.

Генерал Панфиловтың тағы бір ерекшелігін айта кеткім келеді: ол өз қол астындағы адамдарды өзіне тарта білетін, бұл оңай емес. Соны білетін мен ол кісіден өзімнің ойлағанымды жасырмай:

— Сіз қалайша маған сегіз шақырымға төрт жүз адам бересіз? - дедім. Ол:

— Сіз қорықпаңыз, бір ротаны Горюны, бір ротаны Матренино станциясы, бірін 235,1 белгіге орналастырып, аралықтарды бақылаусыз қалдырыңыз, - деді.

Мен әлі де түсіне алмай, неге күштерді осыншама шашыратып тұр деп ойлап таңданып:

— Сонда мен қалай басшылық ете аламын? - деп сұрадым.

Ол:— Егер командирлер қойылған міндеттерді жақсы аяғына дейін түсінсе, ешқандай басшылықтың қажеті болмайды, - деп жауап берді. Бірақ маған бәрі бір бұл тапсырма ұнаған жоқ. Ол менің осы ішкі ойымды түрімнен оқып алды-ау деймін, есікке жеткенімде:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий