Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күтпеген жерден, жайбарақат талаудың қызығына батып жатқан дұшпанға үш жақтан бірден тарсылдап атылған мылтықтардың, бар пәрменінше уралап айқайлап, жүгіріп қарсы шабуыл жасап келе жатқан жүз жиырма жігіттің ащы дауыстары күннің күркіреуінен, жердің сілкінуінен оңай әсер еткен жоқ. Үрейленбеске шама қанша, немістер үй-үйден дүркірей үркіп шығып, кейбіреулерінің аузындағы асы тамағынан өтпей түйіліп, кейбіреулері талаудан алған заттарды құшақтай, біреулері шалбарының түймелерін асығыста салуға шамасы келмей, қолымен түре ұстап, командирлерінің «һалт» деген ойбайына бой бермей, тіпті пистолетін алып қорқытқанын да елемей, бет-бетімен алды-артына қарамастан, жығыла-сүріне сасып, қыстақтан орманға қарай дегбірсіздене зытқанын керіп, қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздап:

— Ия, бабамның аруағы қолдадың ба?! - деппін. Орманның шеті қыстақтан 500-600 метрдей еді.

Немістердің оққа ұшқандары қалпақтай ұшып, жалпасынан түсіп, сұлап жатқан жерінде қалып, амандары дедектеп безіп барады. Біздің жігіттер атқылап, қуып жеткенін шанышқылап, соңынан өкшелеп қалар емес...

Темір жолдың төмпеш қырына шыға берісте Курбатов дейтін бір орыс жігіті (соғыстан бұрын Алматы қаласында кіре тасып қызмет еткен) еңгезердей бір неміс офицерін қуып жетіп атып, ия шаншып өлтірудің орнына етегінен ұстап тартады. Неміс артына жалт қарап, торғайдай кішкентай Курбатовтың тұлғасын көріп, «тіптен басындыңдар-ау» дегендей өзінше бірнәрсені былдырлап айтып, құсаланып келіп, Курбатовтың жағасынан алып, қылқындыра ұстап, тұмсықтан жұдырықпен періп-періп жіберіп жығып, үстінемініп алып, буындыра бастайды. «Өлді деген осы, менің шынымен-ақ талқаным таусылған екен, қап, бұл итті неге атпадым, неге шаншымадым кезі келіп тұрғанда, мені ажал айдап мұның етегінен ұстатқан болар» деген өкініштермен Курбатов тырп етуге шамасы келмей, өгіздей немістің астында жатыр. «Еш болмаса, әрекет істеп өлейін» деген оймен ышқына жұлқынып, дұшпанның жағасынан ұстап көтеріле бергенде, немістің оң аяғы тайып, екеуі құшақтасып, ылдиға қарай домалайды. Төмен қарай әңгірлеп барады. Бір-бірінен айырылар емес.

Күшінің жетпейтініне көзі жеткен Курбатов ортан қолын айырша ұстап, кеңсірікті дәлдеп, немістің екі көзін шұқып шығарады. Неміс «ой» деп Курбатовты босатып, екі қолымен көзін басып қалтаңда, ол оны найзамен шаншып, қалған немістердің соңынан жүгіргендерді қуып кете барады.

Қысқарта айтқанда, дұшпанның 300 өлігін санадық. Қалғандары орманға зытып, алды- артына қарамай безіп кетті. Олардың қаншасы жарақаттанғанын, қаншасы сау екенін айта алмаймыз.

Төрт станокті пулемет, екі зеңбірек, жеті радио аппараты, 24 қол пулеметі, екі штаб машиналары барлық документтерімен, тағы басқа олжаларға ие болдық.

Бұл соғыс — біздің жігіттердің жалпы батырлық, батылдық көрсеткенінің бір үлгісі.

Бұл соғыста дұшпанға жем тастап, жемтікке тоя бергенде, аз күшпен желке бүйірлерінен соғып, жеңісін, жегенін желкесінен шығарған тактикалық әдістің сәті түсе қолданылған нәтижесі көрінді.

Бұл соғыс — дұшпанның араны ашылған баспашылық мінез-құлқын өзіне таяқ етіп жұмсаған ұрыстың бірі.

Бұл соғыс ата-бабамыздың айтып кеткен «білек бірді, ақыл-айла мыңды жеңеді» деген мұра, соғыс дәстүрінің халық тәжірибесінен шыққандығына дәлел.

Енді өз батальонымның іс-тәжірибелеріне неге толық тоқталғанымды түсіндіре кетейін.

Өйткені мен оны жетік білемін, сондықтан батальон өмірінен мысалдар келтіріп тұрмын. Бұған қарап өзі туралы айтқысы келе береді, яғни өзін өзі сүйеді, жақсы көреді деп ойлап қалмаңыздар. Олай ойлау әділеттікке жатпайды, дивизиямызда менің батальонымдай батальондар аз емес, тіпті жақсылары да бар. Осыны ескерте отырып, сөзімді жалғай түсейін.

231,1 белгіде немістер артиллериялық дайындық жүргізді. Краев менен телефон арқылы:

— Не істеу керек? Немістер айналып өтуі мүмкін? - деп сұрады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий