Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен: «Бұл жерде дұшпандар не істемекші? Жау біздің топты қоршап алып, жойып жібергісі келе ме? Ә, онда дұрыс, жау қалай ойласа, солай-ақ істейік»,- деп шештім.

Краевқа:

— Өліп қалған болып көрініңдер. Немістер солай ойласын! - деп бұйырдым. Аяқ астынан біз жақтың атысы тоқтады. Немістер де артиллериялық дайындықтарын тыя қойды.

Жау колонналары жинақталып, сегіз танкісі бізге жақындап келеді. Миналанған деп ойлап, алдыңғы үш танкінің экипажы — тоғыз адам көпір үстін қарауға шықты. Осы кезде «өлгендер» тіріліп кетіп, «ура!» деп айқайлай түрегеліп, сексен адам төрт жүз адамғақарсы шабуылға шықты. Пулеметші тез арада көпір қарап жүрген экипажды жер жастандырды.

Нәтижесінде жүз елу неміс жойылды, бір зеңбірек, бір трактор-тягач, жүз елу снаряд, үш танкі және документпен қоса штабтың машинасы қолға түсті. Осылай қоршауда қалу қаупі кейде сақтандырумен бірге, жеңіспен де аяқталғаны бар...

Немістер майдан шебін тағы бұзды. Дубосеково арқылы Ядрово, Омельфиноға өтуге ұмтылды. Гусеновода ұрыс жүргізіп жатыр. 1073-полктің бірінші батальонында Ядрово, Покровское, Матренино, Дубосеково жақтан дұшпандар шабуыл жасауда.

1941 жылдың 17 ноябрі күнгі кешінде менің командалық пунктіме 1073-атқыштар полкінің командирі Елин, полковник Капров, майор шеніндегі танкіге қарсы соғысатын полк командирінің біреуі келді. Бұл күні мен қолға түскен документтерді — төрт қапшық қағаздарды штабқа жібердім.

Бір айта кететін жай, порнографиялық суреттерді өздерімен бірге алып жүру — немістердің әдетіне айналып кеткен. Себебі ол суреттердің неміс армиясын тәрбиелеуде өзіндік сыры, мәні бар. Соны немістер жасыру орнына, мемлекеттік насихат құралы ретінде жұртқа жария етеді.

Генерал Панфилов түнгі сағат он екіде мені телефонға шақырып, жағдайды баяндауымды талап етті. Жағдайды баяндадым. Осы сәтте командалық пунктімде полковник Капров пен Елиннің де бар екенін мәлімдедім. Панфилов маған:

— Барлық топ үшін басшылық етуді қабылдаңыз! - деп бұйырды. Мен пунктте полковник бар екенін тағы да түсіндіруге тырыстым, бірақ генерал «сіз қабылдаңыз» деді.

Менің қобалжып тұрғанымды көрген Бозжанов:

— Ақсақал, өзіңіз басқарыңыз, бізді ешкімге тапсырмаңыз, - десе бола ма? Оның мына сөзінен кейін күдігім, қобалжығаным сейілді.

Мен командалық пунктіме келдім де «генерал Панфилов басшылық етуді қабылдауға бұйрық берді» дедім. Сөйтіп мен алты сағат мерзімге топтардың командирі болдым.

Осы жағдай кезінде маған полковник Капровтың тәртібі, саналылығы, ұстамдылығы керемет ұнады, ол генерал Панфиловтың бұйрығын бұлжытпай орындады. Шенінің, жасының үлкендігіне қарамай маған қалтқысыз бағынуы —- оның айрықша қасиетін танытса керек...БЕСІНШІ КҮН24 январь 1944 ж.

Сағат 12-ден 17-ге дейінБауыржан Момышұлы. Панфиловтың екінші басты тактикалық ой-жоспары дұшпанды кетіп бара жатқан негізгі бағытынан, Москва бағытынан басқа жаққа алаңдатып, күшін аударып жіберу еді. Сол себепті ол тас жолдың біресе оң, біресе сол жағына өтіп шегінді, ал дұшпан болса оның ізіне өкшелеп түсуге мәжбүр болды. Сөйтіп бұл маневрдің мақсаты қалай да дұшпанды алға жібермей кідіртіп ұстап, уақытты ұту болатын... Жау басып алған Матренино деревнясына дейін жетіп тас жолды қиып өту үшін ұрыс жүргіздік. Үлкен тас жолды кесіп өтердегі эпизодқа тоқталайын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий