Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Неге бізде батырлар міндетті түрде қаза табады, оларды аман алып қалуға болмады ма? Шын мәнінде генерал Панфилов та, Капров та, Гундилович те қолдарынан келгеннің бәрін істеп бақты, алайда барлық ойлағандары іске аспады. Неге десеңіз, күштің аты күш, әрі дұшпанның басымдылығы оңай басымдылық емес еді.

Біздің дивизияның жаудың алты дивизиясымен соғысып, жеңіске жетуінің негізі — солдат пен командирлердің жақсы әскери дайындығы мен қолбасшы ретінде генерал Панфиловтың дұрыс басшылық жасай алуы болды. Жаппай ерлік көрсету 17 ноябрь күні ғана емес, барлық жерде, әрдайым болып тұрды.

Жаппай ерлік көрсету дегеніміз не? Бұл — күрес, жорық жасау мен соғыс техникасын сәтті пайдалану шеберлігі, солдат пен офицерлердің тәртібі. Сегіз адам сексен адамды ешқашан жеңе алмайды, күштің аты күш емес пе? Бұл жөнінде қазақ мақалы «Білекпен біреуді, ақылмен мыңды жығасың» демей ме? Суворов санмен емес, айла-тәсілмен ғана жеңіске жетуге болатынын айтқан ғой.

8-гвардиялық дивизия немістің алты дивизиясына қарсы соғыстағы жеңіске жұдырықпен емес, солдат пен офицерлердің ақыл-ойымен, ұрыс жүргізу тәсілінің шеберлігімен жетті.

Сөзім дәлелді болу үшін Матренино станциясында болған эпизодтан үзінді келтірейін.

16 ноябрь күні сағат он екіден бастап жиырма неміс самолеті шабуыл жасады. Күні бойы кешке дейін дұшпандар артиллериялық дайындық жүргізді. Осы уақытта 235,1 белгіде немістер 2-ротамызды артиллериялық атыс нысанасына алды.

Мен Горюнада болатынмын. 17 ноябрьде дұшпан авиациясы тағы да шабуыл жасады.

Лейтенант Филимонов немістер шабуыл жасауға жиналып жатқандығын хабарлады. Ал генерал Панфилов жауды жиырмасына дейін тоқтатып тұруға бұйрық берді. Шынында дұшпандар жүз жиырмадан адамымыз бар әр тобымыздың тұрған жерін артиллериялық атыс алаңына айналдырды. Жер қатып қалған, қазып, паналау қиын. Немістер қандай жағдай болса да тораптық пунктті басып алуға бекінді. Байқаймын, жерде де, аспанда да басымдылық дұшпан жақта, әйтсе де оған жиырмасына дейін тойтарыс беруге бұйрық бар. Осындай қантөгіс, қырғын жағдайда жүз жиырма адамның қайсысы аман қалар екен деген суық ой еріксіз сумаңдайды.

Мен жиырмасына дейін мына қырғыннан ротадағы бірде-бір адам тірі қала қоймас деген тұжырымға келдім. Әрине, тапсырма орындалмайды. Оны да ішім сезді. Ендеше, басқа әрекет керек. Дұшпан қалай ойласа солай ойлауына мүмкіндік беру керек. Оның Матрениноны алғысы келеді ме, ала берсін!Жүз жиырма адам алты жүз дұшпанды жеңді дегенге кім сенер?! Тек осылай дей салсақ, жағасын ұстап, «өтірігің бар болсын, қарағым» деп естіртіп айтушылар көп-ақ болар.

Сондықтан әңгімені, уақыт ерік берсе, бастан шертелік.

Темір жол мен тас жолдың айқасқан жерін түйінделік. Біреуімен біріне-бірі тіркеліп поезд, біреуімен машиналар, арбалар жүреді. Ресейдің қалың орман, қаптаған шалшық саз, жолсыз жерімен машина, ат арба түгілі салт атты адамның ұзақ жүруі де мүмкін емес. Сол себепті ақыры аттылы-жаяудың күні мимырт қимылға тәуелді.

Соғыс кезінде дұшпанның бос жатқан жабайы шалшық орманның ішінде әкесінің ақысы бар ма, керісінше, оған да жол керек. Ал басып аламын деп келе жатқан қыстақ, қалалар да тек сол жол бойында. Қорытып айтқанда, Волоколамск қаласының шығыс жағында егес, тартыс, барлық жағаласып, арпалысып қан төккен соғыстар ылғи жол үшін, жол бойында болды деп айтсақ қателесе қоймаспыз. Жолды бөгеп (әрине, күшпен, қару- құралмен) қолдан шығармай, көлденең түсіп жатсаң, дұшпан үшін айналаға құшақ жайып, жаяу әскерімен, болмаса танкпен өкпе түс бүйректен соғуға жер жағдайсыз-ақ.

41 жылдың ноябрінің 17-ші жаңасы елдің көбінің есінде болар. Жалпы майдан жағдайына тоқтаудың керегі аздықтан, сол күнгі көзбен көрген көп оқиғаның біреуін шала-шарпы болса да айтайын деп тұрмын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий