Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Панфилов немістердің ілгері жылжуына мүмкіндік бермес үшін, бұл тұстағы жолды қиып, бөгеп тастады, ал біздің әскерлер мына тұстан, мына жерден орағытып өтті (картадан көрсетеді). Панфилов өзінің негізгі позициясына орныққан кезде, ол үлкен жолғаұмтылмай, оны айналып, орағытып өтіп отырды. Дұшпан болса үлкен жол бойындағы өзінің күшінің қалыпты қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін Қызыл Армия бөлімдерін 5-10 километрге дейін кейін шегіндіруге мәжбүр болды. Осы айла-тәсілімен Панфилов дұшпанның бағытын басқа жаққа бұрып, оның күшін ыдыратып, бөлшектеп жіберді, немістердің уақыт жағынан ұтылуына әкеп соқтырды. Ізінше ілгері ұмтылып, дұшпанның жолына кесе көлденең тұрды. Осы жерде Панфилов «серіппе» (спираль) деп аталынған әдісті керемет қолдана білді. Мен мұны серіппе деп айтып отырған себебім — Панфилов дивизиясының Москва түбінде жүргізген барлық ұрыстарында үлкен жолдан шығып, дұшпанды соңынан ілестіріп, оны он километр жерге дейін өкшелете алып кетіп, жолды қиып тастады, содан кейін қайта ұмтылып, оның жолын бөгеп, ізінше қайта бұрылып кетіп отырды. Мұндай маневрді қолдану дұшпан күшінің ыдырауына, біздің бөлімдердің қайта үлкен жолға шығуына мүмкіндік туғызды, бұл айла-тәсіл жаудың діңкесін құртып, әбден титықтатты. Әрі уақытты ұтуға мүмкіндік жасады. Бұл тәжірибені қазір көптеген генералдарымыз бен полковниктеріміз қолданып жүр. Соғыстан кейін бұл «серіппенің» - ұрыс әдісінің соғыс тарихына енетініне, оның авторы болып Панфилов танылатынына кәміл сенемін.

Голубцово, Авдотьино, Ефремово, Амельфино деревнялары маңында біздің бөлімдеріміз дұшпанмен кескілескен ұрыс жүргізді. Мына жерде 1077-полктің бірінші батальоны, ал Амельфинода — 1077-полк болды. Бұл аудандарда өте шиеленіскен шайқастар жүргізілді, ұрыс қисапсыз қантөгіске айналды.

Строково ауданындағы ұрыс туралы әңгімелеген кезімде, он бір сапердің қаза тапқан жерін айтқан болатынмын... Онда шайқас жүргізген негізінен 1073-ші полктің бірінші батальоны еді. Басты жол торабымен алға жылжу мүмкін еместі, жаудың шоғырланған күші жол торабының оң қол жағында болатын. Сондықтан батальон қоршаудан шыға отырып, артқа қарай, яғни сол жаққа шегініп, Матренино деревнясына дейін барды. Бұл кезде қызыл әскер, бөлімдер темір жолдың оң жақ қапталында болатын.

Горюны қыстағы жау қолына қалдырылған соң, Волоколамск тас жолы бойымен немістердің лектері бірінен соң бірі үздіксіз алға жылжыды. Кенет мотоцикл, оның ізінше жеңіл машина, солдаттар отырған жүк машиналары көрінді, ал біздер жолдан жиырма бес- отыз метрдей жерде тұрмыз. Мен жеңіл және жүк машиналарын алға өткізіп жіберіп, соңғы жеңіл машина тұсымыздан өте бастаған кезде «атыңдар!» деген команда берем деп жарлық бердім. Бұйрық бойынша жауынгерлерім дұшпан жүргізушілерін емес, солдаттарын атуға тиіс болды. Ондағы есебім үрейлері ұшқан жүргізушілер естерін жинамаған күйі машинаның кузовында отырған жаралылары мен өлгендерін құйғыта ала кетеді. Осы кезде біз олар естерін жиғанша, жолды кесіп өтіп үлгереміз. Есеп осылай болатын.

Дәл осылай әрекет еттік те. Соңғы жеңіл машинаны тоқтатуға бұйрық берілген-ді, сондықтан кабинадағы жүргізуші мен оның қасында отырған офицерді нысанаға алдық.

Документтерді қолға түсіру үшін машинаны тоқтату керек деп шештік.

Оқ жаудырғанда, соңғы машина кілт тоқтады. Іштен екі офицер атыла шығып, құлады да, жүргізуші рульде қалды.

Атыс кезінде немістердің кейбірі машинадан секіріп жатты, бірақ бәрі де өлімші жаралы еді. Есі шыққан жүргізуші машинасын құйғыта айдап, алды-артына қарамай зытып отырды. Мен тобымызға жүгіре отырып, орманға жетуге бұйырдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий