Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

23-ші күні Колпаки ауданының солтүстік жағында тұрған дивизиямыздың оң қанатынан барып шықтық. Осы орайда жоғалып кеткен Рахимовтың жағдайына тоқталайын. Оның тапсырмасын орындаушы қызметкері Семернин оралды. Ақ аты жараланыпты.

Семерниннің айтуынша, Рахимов окопқа жасырынған көрінеді. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.

— Бастығыңды тап, онсыз маған керегің жоқ! - деп бұйырдым. Ол ләм-мим демей, жаралы атына мініп, келген ізімен кері кетті. Ол Рахимовты блиндаждың бірінен іздеп табады. Оған батальонға барғанын, менің оны кері қуып жібергенімді айтады. Рахимов өзінің ординареці Семернинмен шығысқа өтіп, бізден бір тәулік бұрын келіп жетеді.

Семерниннің ерлігі — алғаш үрейге беріліп, жалғыз оралғанымен, «бастығыңды тап, онсыз сенің маған керегің жоқ» деген менің бұйрығыма бағынып, жаралы атына мініп, өзінің де аяғынан жеңіл жарақаттанғанын елемей келген ізімен кері кетуі, сөйтіп тапсырманы адал орындауы дер едім. Оның өз бетінше шығысқа өтіп, басқа бөлімдеріміздің біріне барып қосылуына да әбден болатын еді, ол олай етпей, неміс окоптарына қайта барды. Бұл — солдаттың ізгі адамгершілігі, нағыз адалдығы!

Оның қулық жасап менің бұйрығымды орындамауына да болатын еді, себебі оны ешкім бақылап тұрған жоқ қой. Семернин және ол секілді көптеген жауынгерлер өздерінің ғана емес, дивизиямыздың да адамгершілік, ізгілік рухын танытты. Бұл біздің жеңіске жетуіміздің бір себебі...

Жолда 1077-полктің үшінші батальонының командирі, аға лейтенант Ковалевті жолықтырып, одан дивизия штабындағылардың бәрі біздің батальон ерлігіне риза екенін, бәрімізді бірі қалмай қырылып кетті деп қайғырғанын, 18-ноябрь күні дивизиямызға гвардиялық дивизия атағы берілгенін естідім. 316-дивизиямыз 8-гвардиялық дивизия атанып, Қызыл Ту орденімен наградталыпты. Үшінші естіген жаңалығым — Гусеново деревнясы аймағында генерал Панфилов қаза тауыпты...Дивизия штабына дейін он бес километр жер қалған еді. Біз төрт тәулік бойы жол жүрдік, ашпыз. Мен Ковалевтен бізді тамақтандыруын өтіндім. Ол талғажау етер ештеңе тауып бере алмады. Бір адамды тамақтандырудың жөні бөлек, ол батальон емес. Рас, батальонымның қатары сиреп-ақ қалған еді, сонда да оны тамақтандыру қиынға соқты.

Аяз қатты, аштық жанға одан да қатты батып барады. Аяқ-қолыңның тоңғанына төзіп бағуға болады, ал құрсағыңның тоңғаны тіпті жаман екен. Жүріп бара жатқанда онша емес, ал тоқтап тұрғанда бүкіл ағзаң, әсіресе, ішкі әлемің мұзға айналғандай сезінесің.

Отыз бес градустық аязға, аштыққа қарамай, жауынгерлерімді сапқа тұрғызып, «жиналыс» өткіздім. Батальонымды жігерлендіргім келді. Ең алдымен генерал Панфиловтың атынан (генералдың қайтыс болған қайғылы, қаралы хабарды солдаттарымнан жасырып қалдым) жауынгерлік тапсырманы орындағандары үшін алғыс айттым. Біздің іс-әрекетімізге командованиенің риза екенін мәлімдеп, бәрін қоршаудан сәтті шыға білгендерімен құттықтадым. Дивизиямыздың гвардиялық дивизия атанғанын, Қызыл Ту орденімен наградталғанын, Рахимов пен Филимоновқа аға лейтенант атағы берілгенін мәлімдедім.

Сөзімді аяқтай келіп:

— Дивизиядағылар бізді мерт болды деп ойлапты,— дедім. — Бұл жерден дивизиямыздың штабы он бес шақырым қашықта екен. Кәне, жолдастар, кішкене тарту әзірлейік, өзіміздің тірі екенімізді дәлелдеп, штабқа да баралық.

— Бастаңыз, жолдас комбат, дәлелдейміз,— десті жауынгерлерім.

Жүздерінен, үндерінен олардың қуаныш сезімін оқып, бipгe толқыдым. Осы сәтте қатты қалжырап шаршағандықтың, өзекті жайлаған аштықтың қайда кеткенін білу қиын еді, бәріміз де тың, күшті, тіпті тоя тамақтанғандай күйге түстік.

Бәрі жау қоршауында өлдіге саналған, бірақ өз адамдарына аман қосылған әрі жоғарыдағы сөздерге жан дүниелері толқи тебіренген солдаттар қуаныш пен мақтаныш сезіміне бөленіп, қажып, шаршағандарын, аязға тоңып, ашыққандарын біржола ұмытты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий