Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Штабта маған полковник Серебряков батальонымның ауыр, қатерлі жағдайға ұшырағанын Панфилов біліп, полковник Капровқа қайткен күнде де бізді іздеп табуды, ажалтырнағынан құтқаруды бұйырғанын, сол себепті Матренино мен Горюны ауданындағы жау тылына бір ротаның жіберілгенін мәлімдеді.

Мұны айтып тұрғандағы мақсатым — генерал Панфиловтың жеке тұлғасына тағы да бір зер салу еді. Батальонның ауыр, қатерлі жағдайға ұшырағанын білген ол бізді іздеуге, көмектесуге өзі араласып, тапсырма береді. Бұл өз адамдарын қиын сәтте де ұмытпаған Панфиловтың қандай кісі, қандай генерал болғанын әйгілей түссе керек. Дивизия штабы архивінде Панфиловтың арнайы жазылған хаттары, жарлықтары, тапсырмалары сақтаулы...

Штабқа келісімен мен ұрыс барысы туралы рапорт жазуға бұйрық алдым. Сондағы рапортым, Панфиловтың өз қолымен жазған запискасымен бірге (оны мен ақымақтығымнан дивизия штабына өткізген едім) 8-гвардиялық дивизия архивінде сақтаулы. Жоғарыдағы запискіде «17 ноябрь, түнгі сағат екі. Момышұлы жолдас, сіздің мәлімдемеңізді алдым. Іс-әрекеттеріңізге бәрі риза. Табыс тілеймін. Барлық жауынгерлерге менің ізгі ниеттестігімді жеткізіңіз». Бұл записка менің блокнотымның арасында кездейсоқ сақталып қалған еді, оны дивизия штабына өткіздім. Записканың аяқ жағында генерал жағдайымыз бен батальондардың орналасуы, күштердің бөлінуі туралы жазған. Бұл документ те ұрыс кезінде батальон командиріне немесе аға лейтенантқа записка жазуға уақыт таба білген генералдың кім екенін таныта түссе керек.

Рапортымды өз бөлмесінде ұйықтап жатқан Шелудьконың адьютантына апарып бердім.

Дивизия командирі менің аязға тоңған, аш батальонымды тамақтандырмады.

Полковник Шелудько рапортымды оқыған соң 16 километр жердегі полк командирі

Елиннің қарамағына баруымды бұйырды. Мен рапорт жазып, бұйрық алғанымша, жауынгерлерім орман ішінде аязға тоңып, аштан-аш тұрды. Бізге ескі таныстарымыз көмектесті.

...Грицько сағатының кейінгі тағдыры тарих үшін түкке тұрғысыз болғанымен, сіздерге қызық көрінуі мүмкін (залда күлкі)...

1941 жылдың 7 декабрі (мен бұл кезде полк командирі болатынмын). Мұның алдында ғана полк үздіксіз 18 сағат соғысқан еді. Мен командалық пунктте жараланып жатқан едім.

— Жолдас аға лейтенант,— деді фельдшер маған келіп. — Ауыр жараланған жауынгер Проценко сізбен дидарласуды үзілді-кесілді талап етеді. «Батьконы көрмей өлгім жоқ» дейді...

Дәрігерлердің рұқсат етпегеніне қарамай мен далалық дәрігерлік жәрдем пунктіне бардым. Проценко қарнынан ауыр жараланған екен.

— Батько,— деді ол қинала үн қатып. — Сіз келдіңіз бе? У мени до вас дило есть.

— Сөйле ерім, Грицько. — Бас жағына таяу орынға отырдым. — Сөйле, бауырым.

Ол сол қолынан сағатын шешіп алып, былай деді:

— Менің Нинажанымды сіз бәрібір таба алмайсыз, ол жау тұтқынында. Алыңыз, батенько, сіз бұл сағатты өз ұлтыңыздың Нина есімді қызына, тек ақылды қызына сыйлаңыз. Мен ұрыста жүріп Сізді, сіздің халқыңызды сүйген едім...

Ол қызға бұл украин перзенті Грицько Проценконың сыйлығы деп айтыңыз... Мен енді бұл дүниелік емеспін...Грицько өсиет сөзін аяқтай алмай көз жұмды.

Тұрғандардың бәрі еңіреп жылады.

Мен Грицьконың сол сағатын үш майдан даласында өткен алпыс-жетпіс ұрысқа қатысып, оқ пен оттан аман алып өттім... Нина атты ақылды қазақ қызын іздедім. Маған келген хаттарда және таныстарымның арасында ондай есім кездеспеді. Қыстыгүні сенен жылы лебізді өте ойлы хат алдым. Хат соңын сен үлкен Н. әрпін қойып аяқтапсың. Неге екені белгісіз, мен сенің шын есіміңді Нина деп оқыдым.

— Табылды! Табылды!—- деп есім шыға қуанғаннан жертөледе айқайлап жіберіппін.

— Грицьконың Нинасы табылды...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий