Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен оны жаралаған екенмін деп ойлап, екінші рет атып салдым. Сол сәт басыма «Ол өзіне кешірім сұрап тұрған жоқ қой» деген ой келді.

Осыншама жап-жақын жерде тұрған Гапоненконы екі рет атып тигізе алмадым.

— Жарайды, сен енді өмір сүруге тиіссің. Бар, өз орныңды тап! - дедім.

Кейін осы Гапоненко мені үш рет өлімнен аман алып қалды. Бұған мен ол кезде онша мән бермеппін. Қазір ойласам, ол менің өмірде кездескен адамдарымның ішіндегі ең адамгершілігі мол абзал жан екен. Мұндай әділ солдатты, адал ұлды тапқан біздің бауырлас Украинаға рақмет.

Егер ол кек сақтаса, қапыда ту сыртымнан бірнеше оқты қонжита салар еді, бірақ ол оған бармады, керісінше менің әділ екенімді саналы түрде түсініп, мойындай білді. Тіпті өзі үшін емес, бөлімшесі үшін кешірім жасауды өтінуінің өзі-ақ оның ең адамгершілігі мол, ізгі жан екенін толық таныта алады. Сондықтан мен әділ жазаласаң, солдаттар өкпелеп, кектенбейді деген берік тұжырымға бекіндім.

Әбден байыпталған орынды, әділ, аяусыз қаталдыққа солдат ешқашан ренжімейді, қайта ондай қаталдық адамгершілікке, гуманистікке негізделген. Менің осындай әділ қаталдық қажет деген бірнеше тұжырымдарымды кітаптан кездестірген боларсыздар. Әділдік әрбір командир, әрбір солдат мойнына үнемі татып жүруге тиіс бейне бір бойтұмар сияқты. Тек әділдік күшінің арқасында ғана әділ жандардың әділеттілігі өмірден орын алады. Бұл тұрғыдан алғанда Гапоненко менің өмірлік ұстаздарымның бірі болып табылады. Мен ұстамсыздыққа, қызбалыққа салынып, оны атқаным үшін осы күнге дейін бет жүзім жанып, қатты ұяламын. Бірақ бұл алда өзімді тежей, ұстай білуге септігі тиген үлкен сабақ болды...

Мен өз бөлімдерімді Гусеново, Колпаки деревняларында кездестірермін деп үміттенген едім, сөйтсем олар шегініп кетіпті. Күн кешкіруге айналды.

Ново-Покровское деревнясы төрт тас жол мен темір жолдың түйіскен торабы сан алатын.

Генерал Панфилов та дұшпанды осы тұстан тосып алуды көздеген екен. Оны мен байланыстың үзіліп қалуы салдарынан ол сәтте білгенім жоқ. Бізге екі ауыр зеңбіректі сүйретіп жолсыз жермен жүру мүмкін емес еді, сол себепті соқпақ жолмен, кейде тоғай арасындағы сүрлеумен жүрдік. Көз байланған кезде кайта жолға шықтым, қараймын, асыққандықтан болса керек, немістер тас жолмен түнделетіп шығысқа қарай кетіп барады.

Не істеуіміз керек? Таң атқанша оң қанатқа жетіп, өз адамдарымызға барып қосылу үшін біздің де жолмен жүруіміз қажет. Солтүстікке өтіп едік, мұнда да неміс бөлімдерін кездестірдік.Түн, ұзақ. Немістер, неге екені белгісіз, жолмен жаяу жүріп, өзара әңгімелесіп барады.

Міне, бізден жетпіс метрдей қашықтағы тұстан жау легі өте бастады. Мен өз батальоныммен олардың соңынан ілесе жүруім керек деп шештім. Алдымызда майор бастаған немістер, олардан жетпіс метрдей ара қашықтықта винтовкаларымызды оқтап кезене ұстап, аш ішекше шұбатылып біз келеміз. Осылай үш-төрт километр алға жылжыдық. «Батальонды тұтқынға түсірмеуім, аштан қырылмауымыз керек, - деп ойладым. - Жаумен атысып, іргесін бұзып өтеміз...»

Бізден кейін келесі неміс легі келе жатқанын байқадық. Ортада біз. Кенет мотоциклге мінген неміс байланысшысы қуып жетіп, «хахяло», «хахяло» деп айқайлады. Біз үндемедік. Ол алға қарай зымырай жөнелді, оның соңынан он шақты мотоциклист әлгідей айқайлап, бізді басып озды. Кейбіреулер бізге неге жетпіс-жетпіс бес метр ара қашықтық ұстадыңыздар деп сұрайды. Егер біз жау легінен 300-400 метр кейін жүргенде жауға оп- оңай сезік туғызып алар едік.

Немістер аялдап, демалуға тоқтады. Бізге енді бұдан ары жылжуға болмайтын еді. Оңға, тоғай жолына бұрылдық. Жау бізді кеш біліп қалды. Арандату мақсатымен соңымыздан: «Жолдастар, тоқтаңыздар!» деп айқайлады. Біздің кеткен жағымызға жарық түсіріп, ата бастады. Бірақ бәрі де кеш еді, біз бұл кезде жаралы жолдастарымызды кезек-кезек арқалап, бір жарым-екі километр жер ұзап кеткен едік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий