Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл нағыз ержүрек, саналы жанның ерлік ісі еді. Жауынгерлерімнің бәрі үрейленіп, бет алды қашқан кезде, ұрыс даласында жалғыз қалдым. Осы оқиғадан кейін олар мені ержүрек деп дәріптеп жүрді, бірақ мен оны қабыл алғаным жоқ, себебі бұл ешқандай ержүректік емес, қайта асып-сасып, сөйлей, қозғала алмай қалушылық бұл. Бірақ бұл оқиға жеке бас ерлік үлгісіндей. Бұдан лезде үрейге берілуге де, лезде оны жоюға да болатыны көрінеді. Менің қорқыныш сезімі солдаттармен үнемі бірге жүреді деп жазуымның, дәлелдеуімнің бір себебі осы.

— Көп ұрыстарға қатысқан адам қорқыныш дегенді мүлде ұмытады деген рас па?- деп маған жиі сұрақ қоюшылар бар. Бұған жауабым: қорқыныш сезімі жауынгердің бойында әрбір ұрыс сайын үнемі болады, оның болмауы мүмкін емес. Менің батальоным көп ұрысты бастан кешірді, бұдан бұрын төрт рет қоршауда қалды. Соған қарамастан жауынгерлерім қорқыныш сезімін жеңе, баса алған жоқ. Сондықтан мен от пен оқтың өтінде шыныққан солдатқа қорқыныш сезімі тән емес деген тұжырыммен келісе алмаймын. Ұрысқа төселіп, тәжірибе жинай келе қорқыныш сезімін жеңіл жеңуге, басқаша бастан өткеруге болар, бірақ қорқынышты білмейтін ержүрек солдатты сөздің абсолютті мағынасында іздеп таба алмайсың, болуы мүмкін де емес. Сұрапыл шайқасты бастан өткерген жауынгердің ержүректілігі оның тәжірибесінде болса керек. Солдаттың бойында үнемі үрей болады. Осыған байланысты бір әңгімені кейінірек айтып бермекпін.

Тұтқынға түсті ме, әлде оққа ұшты ма белгісіз, Рахимов сол кеткеннен қайтып оралмады.

Ондай ұстамды, ақылды, сабырлы штаб бастығынан айрылу командир үшін оның үстіне мына жау тылында, орны толмас өкініш екенін түсінерсіздер. Оның хабар-ошарсыз кеткеніне, батальонымның үрейлене қашқанына абыржыған мен бас шолғыншы етіп лейтенант Буранаевскийді тағайындадым, ал ол солтүстік-шығысқа бару орнына солтүстік-батысқа қарай жылыстап кеткен. Мен бөлімше командирі емеспін, бас шолғыншылық міндетіме жатпайды. Мен батальонды басқаруға тиіспін. Әйтсе де, амал жоқ, жоғарыдағыдай жағдайдан соң Буранаевскийдің орнына шолғыншы болуыма тура келді. Жауынгерлерге бағыт беруші де, командир де — өзім.

Жүйкемнің, жан дүниемнің қандай жағдайда болғанын өздеріңіз шамалап отырған шығарсыздар.

Мен Гусеново деревнясына жетуге ұмтылдым. Онда дивизиямыздың штабы тұрған шығар деп ойладым. Жақындап келсек, Гусеново өрт құшағында жатыр. Онда немістердің, не біздің жауынгерлердің бары-жоғы белгісіз.

Жол үстінде тоқтап тұрмыз. Барлау жүргізбек болдық. Ұлты украин, сержант Гапоненко басшылық ететін он екі адамнан тұратын бір бөлімшені күзетке жібердік те, барлаушылар жұмсадым. Олар оралмады, айнала ашық, жазық дала.

Бір кезде оң жағымнан да, сол жағымнан да мотор гүрілі естіле бастады, демек жан- жағымызды торып немістер жүргені ғой. Байқасақ, біз жол айырығына кеп тоқтаған екенбіз.

Батальонымның штаб бастығы Рахимовты жоғалтып, барлаушыларымның оралмауы жүйкеме тиіп, оң жақ, сол жақ шолғыншыларымның өз міндеттерін қалай орындайтындарын тексергім келді. Батальонымның аман қалуы енді солардың қырағылығына тікелей байланысты еді. Мұны амалсыздан істедім, себебі жауынгерлер жау қақпанына түскендей салы суға түсіп кеткен еді.Алдымен не істеп жатыр екен деп, Гапоненконың бөлімшесіне бардым. Батальонды күзетудің орнына бәрі ұядағы балапандай үлкен еменнің қалқасына жасырынып отыр...

Оларға батальонды күзету тапсырылған... Ал мына отырысы неғылған опасыздық десеңші!?

— Орындарыңнан тұрыңдар! - деп бұйрық бердім. — Бәріңді сатқын ретінде атып тастаймын!

Жауынгерлердің өңдері қашып, қатар түзеп, үн-түнсіз тұр (бұл олардың өз кінәсін мойындап, бағынуының белгісі еді). Мен «бәріңді атамын» деген кезде, Гапоненко бәрін бірдей атпауды өтінді. Мен оны атып салдым. Ол отыра қалды да, іле орнынан тұрып: «Бәрін атуға болмайды», - деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий