Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құрманбек Сағындықов Алматыға аттанғанда, Грицьконың сағатын табыс ет деп саған беріп жібердім, Грицьконың аманатын орындағаныма иығымнан ауыр жүк түскендей жеңілденіп қалдым.

— Содан кейін не болды?! Не болды десеңізші?! (Бұлай қайталап тұрғаныма таңданбаңыздар, мен айқайлап тұрмын). Алғыс орнына менің алдымда ақымақ теңеуге, уға толы хат жатыр: «Сенің сыйлығыңды табыс еткенімде Н... сықылықтай, қылымсынып, кекете күліп:

— «Әлде қай өлген немістің қолынан шешіп алды екен?», — деді.

О, кісіліктен, адамгершіліктен жұрдай неме, мен сенің мүлде есуастанып үлгергеніңді білмеп едім. Өлген жаудан алынған қару-жарақ, документтер, бағалы заттар тонаушылықтың емес, жеңістің жемісі екенін сен қалайша түсінбегенсің?!.

Сағатты саған ұсына отырып, ақылды қазақ қызы — Нинаға сыйладым деп ойлап едім...

Әділін айтып, мойындар болсам, Грицьконың аруағы алдында жүзім қызарып, от боп жанғандай. Әлгі ақымақ Н... та жазған хатым осылай аяқталды.

Грицько сағатының кейінгі тағдыры осындай.

В. Строева:

— Бұл нағыз новелла ғой!

Б. Момышұлы:

— Бұл нағыз болған жай, нағыз ащы шындық. Мен новеллалар жазбайтын адаммын.* * *Мына бір жайға ерекше тоқтала кетейін. Бірде мен генерал Панфиловқа полк қарамағынан алынып, дербес қимыл жасау міндеті жүктелген өз батальонымның жауынгерлік жорық жолдарын түгел айтып бердім, әңгімеме қатты елігіп қызығып қалса керек.

— Бұл тарих қой! — деді ойлана үн қатып.

Осы жерде ол менің әрбір елеулі ұрыстарды іле егжей-тегжейлі қағазға түсіріп, күнделік жазып жүретінімді білді.

— Қанша дәптер күнделік жаздыңыз?— деп сұрады ол.

— Көп, — деп жауап қайырдым.— Сізге жазғандарыңызды ретке, бір жүйеге келтіруге қанша уақыт қажет болады?

— Екі апта уақыт жетеді,— деп жауап бердім.

— Сіз бұған ұялмаңыз, қазір маған айтып бергендей етіп жазыңыз...

Бұл әңгіменің өзі генерал Панфиловтың өте терең ойлайтын парасатты адам екенін аңғартады. Оның тапсыруы бойынша күн сайын әрбір ұрыстың барысын жазып отырдым.

Сөйтіп бұрынырақта жазылған қолжазбаларымды тәртіпке келтіруге кірісіп кеттім.

Қолжазбамның кіріспе бөлімінде «пәленшенің идеялық басшылығымен батальон мынандай, мынандай ерлік қимылдар жасады» деген сөз жазылмады. Мұны Логвиненко байқап, оқып шығып:

— Жолдас лейтенант, кез келген реляцияның (реляция деген сөздің мәнін ол кезде білмейтін едім) жазылу ерекшелігі болады,— деп маған әртүрлі өсиет, ақыл айта бастады.

Бөлменің түкпірінде Бозжанов отырған. Міне, енді Логвиненко ақылды саусақтарымен санап тізе бастады. Сендерге айтайын, мынандай саяси жетекші, болмаса ана бір командир ерлікпен қаза тапты... Оның ойынша, өлгендердің бәрі ерлікпен қаза болғандар да, ал тірілер батырлықтың өнегесін көрсете алмағандар болып шықты. Бозжанов қорқыныштың не екенін әлі өз басынан өткере қоймаған офицер еді. Өз солдаттарымды мақтай, мадақтай қоюға мен де сараңмын. Мен оны сапқа тұрған батальонның алдында осылай деп айтқан едім. Кейіннен Бозжанов ғажап ерлік жасай білді. Сол Бозжанов бөлмемде Петр Логвиненконың соғыста қаза болғандарды батыр деп айту керек деген құрғақ өсиетін әбден тыңдап-тыңдап құлағы сарсыған болуы керек:

— Мен неге өліп кетпедім екен!— деді.

Оның осы сөзі өмір бойы жадымнан шықпайды. Егер Петр Логвиненко басқа адам болса, онда бұл айтылған сөз оның өңменіне қадалған оқтай әсер еткен болар еді, қара жерге кіріп кетер еді...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий