Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ура, жолдастар, алға!— дегізіп жазудың кімге керегі бар? Сондықтан қазір баспасөз бетінде Панфиловтың қаза болуына байланысты жазылған материалдардың бәрі өтірік деп айтар едім, мұның ешқандай да пайдасы жоқ. Бұл жерде, әрине, адам мерт болды екен, оның ойын қалайда жеткізу керек деген ізгі ниет орын алғаны белгілі. Бірақ мұндай ниет бәрінен бұрын оның солдат екенін ашып бере алмайды. Генералдың істеген істерінің бәрі ешбір «урасыз», онсыз да құнды. Жан тәсілім етер сәтте ешбір адам ұран тастай алмасы анық. Панфиловтың қазасы шын мәнінде мен айтқандағыдай болған. Егер маған сенбесеңіздер, артиллерия дивизиясының шыншыл, әділ, мәдениетті, адал ниетті қолбасшысы полковник Марков Виталий Ивановичтен сұрауларыңызға болады, ол Панфилов қайтыс болғанда басы-қасында болған адам.

Панфиловтың қызы Валентина Ивановна туралы да айта кетейін. Валентина өте көрікті қыз, бірақ ол жөнінде де алып-қашты көп әңгіме, қауесет таралғаны сонша, оның ұяттан жүзі жанады. Ол жөнінде әртүрлі ойдан шығарылған нәрселер айтылып, жазылып та жүр.

Инабатты қыз мұндай қиыстырылған әңгімелерден жауынгер серіктерінің алдында әбден ұялып бітті.Панфиловтың қалай қаза болғаны жөнінде қысқаша айтқанда менің білетін мәліметтерім осы. Панфилов батырлығының мәні оның қайтыс болуында емес, сіздерге айтып берген ерлік істерінде жатыр. Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

Генерал тұрған жерде дұшпанның қару-жарақ қоймасы жарылыпты деген қауесет те — жалған. Оның қаза болуы кездейсоқ жағдайға байланысты. Соғыста мұндай ғажап кездейсоқ оқиғалар кездесе береді.

Мынандай бір жайды айта кетейін. Жауынгерлерімнің бірі жарылыстан үстіндегі киімі жырым-жырымы шығып, өзі жалаңаш қалады, бірақ денесінің бірде-бір жерінде дақ, жарақат түспейді, контузия да алмаған, небәрі аздап құлағы бітіп қалған...

Одан кейінгі ұрыс қимылдары былай дамыды. Ново-Покровскоеде 1075-, 1073- және 1077-полктер қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Кескілескен шайқастар Рыбушки, Устиново және Ново-Покровское деревнялары үшін жүргізілді. Панфиловтың ой жоспары осылай болатын. Ұрысқа полковник Шелудько басшылық етті. Тап осы жерде немістер үш күн бойы торапты пунктке бұғауланып, жолы кесіліп тасталды.

Полковник Шелудько Ново-Покровское деревнясында жаман ұрыс жүргізген жоқ. Бірақ немістер осы жерде шабуылға көшті. 21 ноябрь күні дұшпан авиациясы Деньково, Ново-Покровское, Устиново, Рыбушки деревняларын бомбалай бастады, бас қолбасшының резервте тұрған бөлімдері Истра тоғанының жағалауындағы өз бөлімдерін жау шабуылынан қорғай отырып, Истра тоғанының жағалауындағы Истра қаласының торабындағы шептерге барып бекінді.

Дивизия Истра шебіне дейін шегіне отырып, Васильево мен Малое Васильево пункттеріне дейін кейін ысырылды. Осы жерде біз қарсы ұрыс жүргіздік. Дивизияға Пятница, Берендево, Лопатино деревняларына бекінуге бұйрық берілді, ал оның оң және сол қанатында басқа бөлімдер тұрды, бірақ бұл жөнінде әзірше ешнәрсе айтпаймын.

1941 жылдың 23 ноябрінде дивизияның 1073-полкі Рождественка, Пятница, Лопатино, Трусово деревняларына бекінді, ал 1075-полк оң қанатындағы генерал Доватордың әскерлерімен түйісе отырып, Раково, Стариково деревняларына бекінді. Доватордың әскерлері болса, Ленинградқа баратын тас жол мен темір жолды бөгеп тастауға ұмтылды, өйткені немістерге жалғыз осы бағытта ғана Москваға шабуыл жасау қалған еді. Неміс командованиясының міндеті — Доватордың тобы мен 1077-полкті құрсауға алу үшін барлық топтарды қоршауда қалдыру болатын. Солнечногорскіден немістер тіке Москваға ұмтылды. Бірақ олар бұл жерде бекініп тұра алмады. Майор Шехтман аяғына жарықшақ тиіп жарақаттанып, полкті басқаруды капитан Булатов қолына алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий