Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

26 ноябрь күні таңғы сағат 6-да маған тез арада дивизия штабына келсін деген хабар жетті. Соколово деревнясында тұрған дивизия штабына келдім. Дивизия командирі шақырып алып былай деді:

— Сіз жаман командир емес сияқтысыз, мұны ұрыстарда дәлелдедіңіз, сізді полк командирі етіп тағайындауға қалай қарайсыз?— Жолдас полковник, мен полкті басқара алмаймын, мен жаяу әскер емес, артиллериспін,— дедім. Артық ауыз сөзге келмей полковник Шелудько мені машинаға отырғызып, Армия штабына алып келді.

Біздер 16-армияның қолбасшысы жолдас Рокоссовскийдің қабылдауына кірдік. «Енді сазайымызды тартқызатын болды ғой» деп ойлап іштей үрейленіп, толқып келген бойда бөлменің есігін ашып:

—- Аға лейтенант Бауыржан Момышұлы келді,— деп мәлімдедім. Рокоссовский орнынан көтеріліп, маған қарсы адымдап, қолын беріп былай деді:

— Ал, жолдас Момышұлы, сізді Қызыл Армияда полкке басшылық ететін жалғыз дара аға лейтенант деп айта алмаймын, ал менің Армиямда сіз жеке дарасыз, құттықтаймын. Сіз жөнінде маған айтқан еді. Табыс тілеймін.

Мен ешнәрсе деп жауап қатпаған күйі, бұрылып сыртқа шықтым. Сөйтіп, осылайша аға лейтенант шенінде мен атқыштар полкінің командирі болып тағайындалдым. Мен мүлік айтып отырған себебім — ақылды, зерек адамның шешімі де бөлек. Мен болсам, оған кірерде ұрысатын шығар деп ойлап едім, ал ол артық ауыз сөз айтпастан, қолымды алып, жаңа қызметке тағайындалуыммен құттықтады. Бұл оны нағыз генерал, зерделі жан ретінде көрсетсе керек-ті.

Бұйрықты алып, өз полкіме келдім. Трусово деревнясына сағат 12-де жетіп, генералдың жарлығын майор Елиннің қолына бердім, ол оқып шығып:

— Ал, жақсы, іске кірісіңіз,— деді. Содан соң штаб бастығын шақырып алып, былай деді:

— Полкке басшылықты жолдас Момышұлына тапсырамын, оған жағдайдың бәрін мәлімдеңіз. Мені дивизия штабына шақырып жатыр. Сөйтіп ол дивизия штабына жүріп кетті. Осы уақытта телефонның тұтқасын Петр Логвиненко көтеріп, дивизия комиссары Егоровқа:

— ...Мен партияның өкілімін... аға лейтенант — артиллерист, оның тәжірибесі аз, оның үстіне партия қатарында жоқ...— деді.

Құдайым сақтасын, қайда тап болғанмын деп ойладым. Егоров оның көзін жеткізіп, жекіріп тастады. Логвиненко трубканы қойып, бөлмеден сыртқа шығып кетті. Осы кезде полковник Шелудько біздің күшімізді толықтыру ретінде әртүрлі пункттерден қоршаудан шыққан 400 адамды жіберіпті. Бізде резервте аға лейтенант Жуков бар еді, мен оған:

— Батальон жасақтағын. 3-батальонның командирі боласың,— дедім. Сөзімді айтып бітіргенім де сол еді, пулеметтер сақылдап ала жөнелді, сол жағымыздан да, оң жағымыздан да немістер ентелеп келеді. Командалық пунктке шабуыл жасалыпты. Штаб бастығы менде мәліметтерді баяндап отырған, ол қағаздарын асығыс жинастырған күйде сыртқа беттеді. Көшеге көз тастап едім — абыр-сабыр, жұртты үрей билеген. Үйдің қоршауы бес метрдей болатын, қазір екі шеті сыныпты, бір офицер үйдің қоршауын айналып өтудің орнына оны сындырып өтіп кетпек болып жатыр. Штаб жоқ, жаңа келіп қосылған адамдар, байқап тұрмын, олар да деревнядан қашып барады. Трусоводан Соколово деревнясына дейін шағын орман бар, оларды сол жерде тоқтатып, қайтаруымыз керек деген ойға бекіндім. Соколово деревнясында Жуковты кезіктірдім, жанымда офицер-капельмейстер Попов бар еді. 1-батальон Полежайка елді мекенде тұр, басқа ешкім де жоқ. Жуков деревняның шетіне кіре бергені де сол еді (мен оған сол қанаттақорғаныс жасауды тапсырып, өзім оң қанатты алдым), осы уақытта жау деревняның шетін атқылай бастады. Мен Соколово деревнясын сегіз сағат бойы қорғап тұрдым, дұшпанның жолына кесе көлденең отряд қойып, кім болса да мейлі қатардағы солдат немесе офицер болсын ешкімді де өткізбеуге, бағынбағандар мен қашқындарды атып тастауға бұйрық бердім...

Мына бір қызық жайды айта кетейін. Жау минометтері деревняны үсті-үстіне атқылауда.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий