Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

1941 жылдың 27 октябрінде жау Соколово, Шибаново, Крюково бағытындағы Осташов үлкен жолымен кетіп бара жатқан күштерді шоғырландырып, екі тәулік бойы өршелене жүргізген ұрыс пен әуеден аяусыз бомбалау нәтижесінде Волоколамскіні басып алды. Осы тұста біздің бір дивизияға дұшпанның төрт дивизиясы қарсы келді. Волоколамск үшін болған ұрыстар сол кездегі ең күшті ұрыс еді. Волоколамскіні алу немістерге өте қымбатқа түсті. Олар осындағы күштерінің тең жарымнан астамынан айырылды.

Волоколамскіні алған соң ары қарай жылжуға шамалары жетпей, бетін шығысқа бұрып, қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Жаңа басқыншылық шабуылға жарамай, қалжырап қалды.

Немістер 1941 жылдың 16 ноябріне дейін қорғаныста тұрды. Оларды осы жиырма күндік қорғанысқа амалсыз мәжбүр ету - сол 1941 жылдың сұрапыл күндерінде біз үшін мәні үлкен табыс еді. Бұл солтүстігі мен оңтүстігінен қыспаққа алынған Москвамыз үшін де үлкен ұтыс болатын. Сол шақта жиырма күн емес, жиырма сағат, тіпті екі сағаттың өзінде көп мәселе шешілетін, яғни жиырма күн ішінде командованиеге тұтас бір армияны жеткізіп үлгеруге мүмкіндік туар еді. Қысқасы, осы жиырма тәулік біздің командование үшін, тағы қайталап айтайын, өте маңызды болды.

Генерал Иван Васильевич Панфиловтың және біздің дивизияның еңбегі сол, жаудың адам күшін шығынға ұшыратып, қансырата соғып, сол учаскеде жиырма күн қорғаныста тұрып қалуға мәжбүр етті. Бұл оқиға Москваға барар жолдардағы жауапты бағытты иемдеген сегізінші гвардиялық дивизияның жауынгерлік ерлік даңқын биікке көтерген еді...

Шехтманның 1077-аткыштар полкі Буйгород, Авдотьино ауданында, біздің дивизияға кірмейтін 690-атқыштар полкі Ченцы, майор Елиннің 1073-атқыштар полкі (бір батальоны жетпейтін, ол жөнінде кейін айтам) Мыканино мен Ядровоны, полковник Капровтың 1075-атқыштар полкі Ядрово, Дубосеково және басқа селолар мен станцияларда қорғаныс шебін құрды.

Волоколамскіні жау алғаннан кейінгі біздің жағдайымыз осылай еді. Екі жақ та қорғаныста тұрдық. 1073-атқыштар полкінің бірінші батальоны Волоколамскінің солтүстік-батыс аймағында (жұмысшы поселкесі, Ленин атындағы фабрика) қорғаныс шебін құрғанымен, немістер қоршауында болды. Одан қалай шыққаны Бектің екінші повесінде суреттелген.

Жауынгерлердің адамгершілік, күрескерлік рухын бекіте түсудегі командирлердің жеке басының өнеге, үлгісінің маңызына дәлелді көз жеткізетін бірнеше мысалдар келтіре кетейін.

Мен мал дәрігерлік пункттің түбінде тұрғам, бірақ бұлай етуге мүлдем болмайтын.

Командир әрқашан жауынгерлердің көз алдында жүруі тиіс. Міне, біз сәл шашыраңқы күйде жауынгерлік тәртіппен алға жылжыдық. Немістер қатты атқылаудан танар емес.Жауынгерлеріміз кейбіреулерінің құлап қалып жатқанына қарамай, өршелене алға ұмтылуда. Аға адьютантымды көмекшісі екеуін жібердім. Ең соңғы бөлімшеміз орнынан қозғалғанын білгеннен кейін ғана өзім де қозғала бастадым. Бозжанов екеуміз бәрінен кейін жүріп келеміз. Бес жүз метрдей жерді жүгіріп өтуімізге тура келді, бірақ мен жай жүрдім. Ақыры қарсымыздағы жыраға жете қауіптен құтылдық. Келесі жиналу пунктіне бардық. Осы арада Бозжанов маған: — Командирдің міндеті — өлу емес, өз адамдарын аман сақтау үшін тірі қалу, - деп тұтас бір лекция оқып тастады.

Дегенмен мен бес жүз метрдей жолды жүгіріп емес, жай жүріп өту арқылы жауынгерлеріме «ешқандай қауіп жоқ» деген сенім орнататындай психологиялық ықпал жасауды көздеген едім. Байланыс, жабдықтау взводтары полктің басқа батальондарымен бірге солтүстікке қарай бізден алыстап кетіп, біз азық-түліксіз қалдық. Бұл кезде батальонымда алты жүзден астам адам емес, төрт жүздей ғана адам және мініс атым Лысанька бар еді.

Николай Митрофановичтен үш папирос пен үш кептірілген нан табылды. Ол маған бәрін алып келді. Мен орнымнан тұрып, жауынгерлеріме жақындадым. Бәрінің де темекі тартқысы бар. Ұсынып едім, ешқайсысы алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий