Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дұшпан орманға жиналып, ұрысқа дайындала бастады. Осы сәтте мен лейтенант Севрюковтың ауыр жараланғанын білдім. Оны маған баяндаған оның ординарелі қағылез татар жігіті Мұратов еді. Мен Краевты тауып алып, екінші ротаға жіберіңдер деп бұйрық бердім де, өзім Новлянскіге кеттім. Командалық пункттен Новлянскіге дейінгі жол орман арқылы өтетін. Маған сондағы өзіміздің бақылау пунктіне бару қажет еді. Жасыратыны жоқ, қиналу, торығу, толқу құшағында келе жаттым. Орман ішінде сыр бермеуге болады, ал ашық далаға, алаңқайға шыққан соң жаудың көзінше атпен құйғыта шабу қауіпті-ақ болатын. Көңіл күйім де онша емес. Бірақ менің бақытыма, орманнан шыға берісте Новлянскіден бері, маған қарай келе жатқан екі доңғалақты арба кездесті. Үстінде батарея командирі Кухаренко отыр екен. «Қайда?!» деп сұрадым мен Кухаренконың қашқын, сұмпайы сиқына зығырданым қайнап. Іле: «Кері қайт!» - деп айқай салдым. Оның беті жеңіл ғана жараланыпты. Ол екі доңғалақты арбаны дереу кері бұрды. Кухаренкоға деген ашу-ызам өз қорқынышымды жеңуге көмектесті. Шіркеуден өтіп, өзіміздің бақылау пунктіне Кухаренкомен бірге келдім. Байқасам, телефон байланысы үзіліпті, тез арада радионы қостым да, батареяға: «Атыңдар!» деп бұйрық бердім. Мұның алдында ғана Кухаренко топографиялық дайындық бойынша оқ жаудырып — бәрі далаға босқа кеткен, снарядтар жаудан аулаққа түсіп жарылған. Бұрынғы артиллерист ретінде мен оны бірден байқап, «оңға қарай екі градусқа бұрып атыңдар» деп бұйрық бердім. Бұл үлкен түзету болатын. Екі снарядымыз неміс тобының дәл үстіне түсті (бұл артиллериялық атыс практикасында аса сирек кездесетін бақытты жағдай), жау жатында үрей мен қорқыныш туды. Мен екі снарядтың ойран салтанына өте қуанып, «әр зеңбіректен жиырма снарядтан атыңдар!» деп бұйырдым. Устав бойынша бұлай етуге рұқсат етілмейтін, ал мен жауды дәл осылай төмпештеп, тірі қалғандарымен бетпе-бет шайқасып көрермін деп шештім, өйтпесек өзіміздің тас-талқанымызды шығарып кетуі мүмкін. Дүрбімді алып қарасам, немістер қатары мүлде сиреп қалыпты. Елу метрдей биіктікте жау самолеті ұшып барады екен, ұшқышы маған жұдырығын түйіп сес көрсетеді. Мен пистолетпен атып салдым.Ыза-кек кернегенде адам сақтануды біржолата ұмытады екен. Немістер шіркеуді дәлдеп ата бастады. Байланысшымыз снарядтың жарықшағы тиіп, қаза тапты. «Әрбір бес минут сайын бес снарядтан атыңдар» деп бұйрық бердім де, төмен түсіп, ротаның командалық пунктіне жүгіре жөнелдім. Онда Мұратов пен Беловицкийді кездестірдім.

Рота командирі жараланыпты. Біз әр зеңбіректен жиырма снарядтан қосымша атып, немістердің үрейін ұшыра түстік. Бұдан соң қасыма Беловицкийді ертіп, оң қанаттағы окопқа қарай жүгірдім. Ұрыс даласында жүгіру қауіпті. Мұның алдында біз жалған окоптар қаздырғанбыз. Жолда солардың біріне жасырындым. Өң-түсі жоқ, еңсесі түскен жауынгерді көрдім. Орнымнан тұрып, окоптан шығайын десем, әл-дәрменім жоқ. Әрең деп өзіме өзім келдім. Дегенмен сонда қарсымдағы елу метрге жету ақыреттей көрінді.

Жүгіріп келе жатып атқыштар ротасының саяси жетекшісі Жалмұхамет Бозжановты кезіктірдім. «Сен мұнда не істеп жүрсің?» деп сұрасам, ол өз взводын тексеруге келіпті.

Рота командирі жараланғанын көргесін оның міндетін өз қолына алыпты.Немістер кері шегінді. Оларды шегіндірген соңғы жиырма дүркін атқан снарядымыз болса керек. Кешке жау Красная Гора майдан шебін атқылап, екі жаяу әскер полкымен бұзып өтті. Онда біздің екінші батальонның алтыншы ротасы орналасқан еді. Бұл 1941 жылдың 22 октябрінде болған оқиға. Жау айналып өту маневрі арқылы дивизия мен полкті екіге бөліп тастады. Бір топты олар Козиноға, екіншісін Чубиново-Лукьяноваға, үшіншісін Ново-Шуриноға қарай жіберді, маған қарсы Новлянск тылынан шықты. Оларға қарсы соққы беру үшін бізде резервтік күштер жоқ болатын.

Трулиси ауданындағы капитан Мешковтың учаскесіндегі шебімізді бұзып, Волоколамскіге қарай ұмтылды. Дұшпан дивизия учаскесінің төрт жерінен қорғанысты бұзып өтті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий