Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Неміс топтары Ханово, Юркин, Ярополец деревнялары бағытындағы майдан шебін бұзып, басты Волоколамск және басқа да бағыттарды ұрыссыз айналып өтеді. Бұл жағдаймен жете танысқан генерал Панфилов жау басты бағытта ғана соғыс жүргізеді деген тұжырымға келеді. Өйткені дұшпан барлық сүрлеу жолдарға, барлық шептерге көңілбөлмейді. Генерал Панфилов линиялық тактиканы бұзып, дивизияның соғыс жүргізу тәртібін қайта құру керек деп шешеді.

Қазір, әрине, қаншама уақыт өткен соң, бізге оның бәріне талдау жасау мен түсіну оңай секілді көрінгенмен, нақ сол сәтте оқиға барысында осындай қорытындыға келу үшін алғыр ой мен көрегендік ауадай қажет еді.

Майданның ұзына бойына немістер шабуылға шықпай, жекелеген топтармен барлау қимылдарын жүргізумен шұғылданды. Біз де қарап жатпадық. Генерал Панфилов қысқа уақыт ішінде өз полктерін аралық шептердегі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға дайындады. Бұл 19-22 октябрь аралығы еді. «Таңғы асын Волоколамскіде, кешкі асын Москвада ішуді» көздеген неміс генералы «Болычево» ауданы маңында-ақ қатты соққыға ұшыраған өз жоспарын қайта қарауға мәжбүр болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік, яғни жауға «өз шама-шарқыңды біліп, көзіңді ашып қара, кімге ұрынғаныңды түсін!» - дегендік еді.ТӨРТІНШІ КҮН22 январь 1944 ж.

Сағат 12.00-ден -17.00 дейін.Бауыржан Момышұлы. Кеше біз Осташово қарсыласу торабы мен дивизияның оң қанатынан жаудың бұзып өтуіне тоқталған едік.

Осташово ауданында 1075-атқыштар полкының батальоны капитан Лысенконың басқаруымен 1941 жылы октябрьдің 20-сы мен 23-і аралығында ұрыс жүргізді. Немістер Осташоводағы басты пунктті басып алып, ілгері жылжымай, үш күн бойы Осташово торабын быт-шыт етпек болып жанталасады. Лысенконың батальоны қоршауда қалса да ұрыс жүргізе берді. Бұл дивизиядағы алғаш байқалған жаппай ерлік көрсетудің үлгісі еді.

Лысенко батальоны тек тактикалық қана емес, жан-жақты құрсауға түскен еді. Мұны түсіндіре кетейін, қоршауға түсу түрлері — оперативті (жедел қабыл) тактикалық, атыс немесе нағыз құрсау (бұл да тактикалық қоршау түріне жатады).

Оперативті (жедел қабыл) қоршау — бұл дұшпанның негізгі шоғырланған, ірі күштерді, азық-түлік пен резервті жеткізетін торапты жолдарды кесіп тастап, негізгі бағытты басып алу. Оперативтік қоршау салыстырмалы түрде үлкен кеңістікте болады, әрі оған ірі әскери күштер қатысады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий